Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу А. Адельгужин



бет6/20
Дата17.06.2020
өлшемі120 Kb.
#73771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
8.1. Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу

Жеке істің тақырыбы – жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), ал жеке істі бастаған күні жұмыскердің жұмысқа орналасқан күні болып табылады.

Титулды парақтың жоғарғы жағында Қазақстан республикасы Ұлттық архивтік қорының құрамына белгіленген тәртіппен жатқызылған осы ұйымның жеке істері тұрақты сақталатын мемлекеттік архивтің ресми атауын енгізу үшін орын қалдырылады.



Кадрлық құжаттаманы жүргізетін жұмыскерлер жеке істерді дұрыс ресімдегені және қалыптастырғаны үшін жауаптылықта болады.

Жеке іске құжаттарды келесі реттілікпен енгізу ұсынылады:

1) сауалнамаға толықтырулар (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке параққа толықтыру);

2) фотосуреті бар сауалнама (кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ);

3) еңбек шарты (егер ұйымда жұмыскер және жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шарттарымен бөлек іс жүргізілмесе);

4) жұмысқа қабылдау туралы өтініш;

5) жұмысқа қабылдау туралы ұйым басшысы бұйрығының (өкімінің) көшірмесі;

6) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

7) мінездемелер, түйіндеме немесе ұсыным хаттар;

8) өмірбаян.

Жеке іске алдағы уақытта қызметінің өсуіне және жұмыскердің біліктілігіне қатысты, сауалнама және өмірбаяны бойынша енгізілген өзгерістерді растайтын (дипломдардың, куәліктердің, аттестаттау парақтарының көшірмелері және т. с. с.) құжаттар қосылады. Бұл құжаттар қатаң хронологиялық тәртіппен орналасады.

Ең соңында жеке іске жұмыскерді жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру туралы ұйым басшысының бұйрығы (өкім) мен жұмыскердің өтініші немесе бұйрықты (өкімді) шығаруға негіз болған өзге құжат салынады

Істің әр құжатын ішкі тізімдемеге оның жеке түсу енгізу тәртібімен бөлек енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет