Ж¦мыстыњ жалпы сипаттамасы



бет24/42
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33493
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
5. Этологиялық норма. Норманың бұл түріне сөз саптаудың, қарым-қатынастың постулаттары мен максималары жатады. Осылардың белгілі бір прагматикалық мақсатқа байланысты бұзылуы параэтологиялық тәсіл деп аталады.
Қазақтың қоғамындағы, мәдени дәстүрінде этикалық нормамен байланысты түсінік бойынша “қымыз – көптің асы”: бие байлап отырған үй келген бөгде адамға, әлеуметтік мәртебесінің жоғары/төмендігіне қарамастан, қымыз ұсынуға тиіс. Бұл – этологиялық норма. Ал осы дәстүрлі мәдениеттегі этологиялық нормадан ауытқуды жазушы Ғ.Мүсірепов оқырман зейінін тоқтату мақсатында қолданады.
Бұл жерде үй иесінің келген жандарға қымыз ұсынбауы назар аударатындай тосын көрінеді. Жазушы мұндай параэтологиялық тәсілді белгілі бір әсер тудыру үшін қолданғандығын байқаймыз. “Сол күні мырза бала үйіне таң ата келіпті ғой. Ертеңіне Қайныш келіннің де өңі кірмей жүріпті. Келген кісіге қымыз да бермепті … […]. Біздің Кенжем де “осыларда бірдеме бар” деп жүретін, айтам ғой. Бірдеме болғаны. Бұлар тегін емес ...” (Ғ.Мүсірепов. Көк үйдегі көршілер. 43-б.).
Сөзді осылайша тілдік, тілдік емес норманың түрлерінен ауытқудың ыңғайына қарай құру автордың прагматикалық мақсатына бағынады. Сонымен, прагматикалық мақсатқа қарай, яғни адресатқа ықпал ету үшін, оның зердесіндегі автоматизмді бейтараптандырып айтылған/жазылған сөзге зейінін тоқтату үшін тілдік нормадан, мәтін нормасынан этологиялық нормадан, ортологиялық нормадан ауытқудың ыңғайына қарай сөз саптау тілді әсерлі, бедерлі етудің тәсілі болып табылады.
Варианттылық және оларды кодификациялаудың негіздері” деп аталатын тараушада варианттардың түрлері мен типтері және оларды саралаудың жолдары көрсетілді.
1. Дыбыстық ықпалдасудың барысында пайда болған варианттар.
Қазақ тілінде варианттардың кейбір типі дыбыстардың ықпалдасуымен байланысты бұны/мұны, мұнда/бұнда, бұрнағы күні / мұрнағы күні, бағана/мана, бағанағы /мағанағы, сүйінші/шүйінші, қысқаш/қышқаш т.б.
Сөйлеу тілінде еріндік ұяң [б]-ның еріндік мұрын жолды үнді [н]-ға алмасуы екінші буындағы мұрын жолды [н] үнді дауыссыздың әсері екені байқалады. Байырғы кезде дыбыстардың бұл типтегі ықпалдасуы едәуір сөзді қамтығаны байқалады: [бұрұн] > [мұрұн] мұрын; [бойұн] > [мойұн] мойын т.б. Егер бір кездердегі дыбыс өзгерістеріндегі үрдісті ескерсек, онда мұны (бұны емес), мұнда (бұнда емес), мұрнағы күні (бұрнағы емес) манағы (бағанағы емес) тәрізді нұсқаларға артықшылық беріп, оларды басым деп тануға негіз болады.
Ал сүйінші, қысқаш тәрізді сөздердің шүйінші, қышқаш болуы ызың [с] дауыссызының соңғы буындағы ызың [ш] дауыссызымен ықпалдасып салдыр жағынан игерілуі [сүйүншү] > [шүйүнші], [қысқаш] > [қышқаш]. Бірақ бұл жерде басым вариант сүйінші, қысқаш деп танылады, өйткені сөзге сүйін=, қыс= морфемалары негіз болып тұр.
2. Ықшамдалу үрдісімен байланысты варианттар.
Тіл – өзін-өзі реттеп отыратын жүйе. Тілдің эволюциялық дамуында екі үрдіс қатарласа жүретіні мәлім: біріншісі ой-сананың күрделенуі тәрізді факторлармен байланысты тілдік бірліктердің күрделену үрдісі болса, екіншісі – ықшамдалу үрдісі. Ықшамдылық, жинақтылық тілдің қызмет етуіне қолайлы [15, 188-194]. Сондықтан аса күрделі элементтер шектен тыс көбейіп кетуіне ықшамдалу үрдісі, жол бермейді. Тіл қолданысында едәуір варианттардың пайда болуы күрделі бірліктердің ықшамдалу үрдісімен байланысты деуге болады. Тілдік нормаларда босаң аймақтардың пайда болуы тілдегі ықшамдалу құбылысының нәтижесі.
Қазіргі қазақ тілінде бір-бірімен тайталас қолданылатын жарыспа варианттардың бір сыңары ықшамдау үрдісіне сәйкес келеді. “Қысқа” варианттардың мазмұнмежесі өзгермейді де, тұрпатмежесі құрылымдық жақтан ықшамдалады. Мазмұнға зиян келмейтін жағдайда құрылымы ықшам варианттарға артықшылық беру нормаларды кодификациялаудағы негізгі принциптердің бірі болуға тиіс. Сондай-ақ сөз жұмсау дағдысында “мазмұнға зияны тимейтін” мына тәрізді ықшам нұсқаларға жіп тағу жарыспа нұсқалардың нормалану барысын жеделдете түсер еді.
Берігірек – берірек, берігіректе – беріректе, турасында – туралы; мынандай – мынадай, шындығында – шынында; тіптен – тіпті; бекерге (барды) – бекер (барды); кейіннен (білді) – кейін (білді), әуелден – әуелде; бермен (кел) – бері (кел), әрмен (кет) – әрі (кет); мұрсатана – мұрсат – мұрша; баратындығын (айтты) – баратынын (айтты); барғаннан соң – барған соң; әдейін – әдейі; шынтуайтында, шындығында – шынында; сындайын – сынайын (бағымды сынайын), үйдейін –үйдей, мандырымды – мандымды, мандыртпады – мандытпады, мандырымсыз – мандымсыз; аласылы – аласы; көресілі – көресі; әлденендей – әлденедей; әлгінде – әлгіде.
3. Универбтену үрдісімен байланысты варианттар. Қазіргі қазақ тілінде көп-, әсіре-, бір- тәрізді лексемалар бірде бөлек, бірде бірге таңбаланады: көп балалы – көпбалалы (отбасы), бір жақты – біржақты (шешім); жек көру – жеккөру (жеккөрушілік), орыс тілді – орыстілді; қазақ тілді – қазақтілді, көп үнділік – көпүнділік т.б. бұлардың біріккен нұсқалы басым сыңар деп аталады.
4. Қате қолданылатын дағдыға айналған варианттар: құсбегі – құсбегіші, аттестаттау – аттестациялау, инвестор – инвесторшы, бітімгер – бітімгерші; сертификаттау – сертификациялау т.б. Мұндай варианттардың екінші сығарының қате екендігі көрсетілді.
Варианттылық құбылысын динамикалық қасиетімен, семантикалық, функционалдық тұрғыдан саралану үрдісімен байланысты жарыспалы сөздерді екі типке бөліп көрсетілді:
1. Семантикалық жақтан саралану фазасындағы варианттар:

Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет