Батырлар жыры Екіншіден, батырлық дастандарда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашыктык жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады. Оларда махаббаттың мәңгілік тақырыбы ерекше түрде жырланады.
Автордың дәлелдеуiнде: “Қазақтың өткендегi ақыл, ой тұлғасы айқындалмай, келешектiң бетi ашылмайды. Өткен күннiң ұғымы мен нанымы, әдетi мен салты анықталып, екшелмесе, келешекке бет түзелмейдi. Ирелеңi мен бұралаңы көбейедi. Қай жұрттың, қай түрдегi сөз орнын алсақ та, артындағы қоры жиналмай, алдына қарай заулап кеткен емес. Бұл туралы бүгiнгi жаңа әдебиетiмiздi мысалға алсақ та болады. Мәселенiң теориялық жақтарымен бiрге автор аталмыш мақаласында әдебиет ескiлiгiн қалай, кiмдер және қандай жанрлар жинау керек екендiгi туралы да нақты методикалық нұсқаулар мен оның жобасын көрсетедi. Олар төмендегiдей:
1. Бұл iс бiр ғана мамандардың жұмысы емес, кәрiсi бар, жасы бар сол үлгiлердi жатқа бiлетiн және оны қағазға түсiре алатын барлық жамағаттың мiндетi;
2. Айтушы ел iшiнде ескi сөздi жатқа бiлетiн кәрi құлақты қариялар болса, жазып алатын сауаты мол оқушы жастар мен оқытушылар болғаны абзал. Жинаушыға қойылатын шарт: барлық сөз айтушының дәл аузынан шыққан қалпында жазылып алынуы тиiс.
3. Фольклорды жинау жұмысын жаз айларында, оқытушылар мен оқушылардың демалыс кезiнде жүргiзген жөн.
4. Күзде барлық фольклор материалдары жиналып тапсырылған соң, оларды қыс бойы жүйеге келтiрiп баспаға, әзiрлеу, зерттеу жұмыстары атқарылуға тиiс. Жазда осы цикл қайталан басталады. Сөйтiп, әдебиет ескiлiгiн жинап, жариялау, зерттеу әдiсi үздiксiз процесс ретiнде жүрiп отырады.
Айтыс өнерінің алтын діңгегі Қазақтың халық поэзиясы жанрларының ішінде тыңдаушы жұрттың ежелден ықлас қоя тыңдайтыны- айтыс. Ол ауыл жастарының, ақындардың арасында қазір де бар.
XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады.
Автор өз зерттеуінде: «Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы – айтыс өлеңдер. Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ. Баяғы ескі заманнан бастап соңғы күндерге шейін қай ру болса да ортасында айтыс өлең айтылмаған ел болмайды. Бұрынғы үлкен айтыстың арты бұл күнде құда мен құдағидың бірін-біріне не жақсылап, не жамандап айтқан айтысы сияқты болса да, осы күнге шейін көп жерде айтысы бар. Болатын себебі қазақтың ұғымынша: жаттама өлеңдерді айтысса да, әнге қосып сөз таласып жасамаса, барлық ойын, айт пен той қызықсыз, көңілсіз болатын. Сондықтан ақындық қуаты болмаған жас жігіт «Әри айдай бойдай талай» деп айтысса да, айтыстың ырымын істеп, жол алып, жолды алуды ұмытқан жоқ», деп тамаша талдаулар келтіреді.
Бұл өлеңдер туралы сөз қозғағанда, әзірше айтыстың қандай түрге бөлінетінін айтпасақ, барлық айтыс сөздерді түгел жиып, барлығын түгелімен мысалға келтіруімізге болмайды. Себебі, күнде баспаға басылып, ол жазба күйінде жиналып жүрген айтыстардан басқа талай-талай жақсы айтыстардың әлі күнге жатқа білген, бірен-саранның аузыда жазылмай, жиналмай жүргені де толып жатыр. Осы айтылған сөздерге қарағанда, айтыс сөз қазақ ескілігінде өте жанды, өте қызулы, бағалы сөз болғанында дау жоқ.
Айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына қарасақ, қазақ елі ақындық теңізі сияқты көрінеді. Өзге жұрттың әдебиет тарихын өлең түріне бөлгенде, айтыс өлеңі деген бөлім, не жоқ болады, не болмаса өте аз кездеседі. Қазақтың өзге түрдегі ескілігінің барлығында өзге елдікіне ұқсастық болса да, айтыс өлеңдері барлығынан да жат, жаңа түр. Қазақ әдебиетінің өзіне ғана меншікті саналады. Басқа жұртта өлең болса, мұншалықты мол болып етек алып жайылған емес. Анда-санда кездесетін шашыраған өлеңдер сияқты көрінеді. Мысалы: ескі француз әдебиетіндегі тенсондар, бұлардың түрі қазақ айтысына ұқсайды. Онда да екі ақын көп жиынның алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың өзге өлеңнен айырмасы: суырып салма өлеңдермен айтысатын болса, тенсондарда сондай, жанынан шұғылдан шығарылған ауызша өлеңдер. Айтысатын сөздері де кейде қазақ айтысында кездесетін білім талас сияқты, жұмбақ пен ой тартысы болады. Мәселен, кейбір тенсондар «адам қауымында әйелдің қандай бағасы бар» деген жайға арналған. Француз әдебиетінен басқа, ескі араб әдебиетінде «Мұғалла хат» деген өлеңдер болған, бірақ бұл нағыз айтыс емес, көбінесе өлең жарысы сияқты. Бұрынғы замандағы жәрмеңкедей ұлы жиында көп ақынның бір тақырыпқа айтқан жарысы, өлеңдері көптің сынына түсіп, соның ішіндегі ең жақсы жәрмеңкенің ең жиын, ең қызулы жеріне жібекке жазылып, ілініп қойылатын. Сондықтан «Мұғалла хат» деп – ілулі өлеңдер аталған.
Сондықтан, айтысқыш ақындар жүрген жер ел ортасында көшпелі сауықшылар жүргендей қалың думан, жиын болатын. Елдің айтыс өлеңді қатты қадірлегендігінен айтыс ақындары: Шөже, Кемпірбай, Жанақ, Сабырбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, Сара сияқтылардың атағы қазақ ішіне тегіс жайылған. Барған елінің барлығында бағалы, қадірлі болып, қайда барса да сый, құрмет, қызық, сауық болатындықтан, айтыс ақындары сол жүрісін біржолата салт қылып әкеткен. Көбінің кәсібі: сән-салтанатпен, қобыз, домбырамен нөкер алып, ел қыдырып жүріп айтысқа шығатын ақындарды іздеумен өткен. Бұрынғы заманның осы сияқты жиыны болса да айтыссыз өтпейтін. Талай ақын өз елінен шығып, жат елді аралап, кектеніп, кез келген ақынмен айтысып, не жол алып, не жол беріп, жеңіп, жеңіліп жүрген. Баяғы заманда жауынгер батыр алыста тоят іздеп, білегінің қайратына сеніп, соғыс майданында жау іздесе, айтыс ақындары тіл-жағының қайратына сеніп, соғыс майданының жекпе-жегін іздейді. Қазақ елінің бұрынғы жортуылшыл батырдан кейін тапқан, екінші алуандас батыры, қызыл тілдің иесі – ақындар. Ел тіршілігінің жауынгерлік дәуірінен шығып, тыныштыққа бет алған кезінде, Сарыарқаны сайқалдап, онды-солды шарлап жүрген бір алуан адамдары, осындай сөз батырлары кешегі Жанақ, Кемпірбай, Шөже, сол ақындардың үлгісі ел ортасында соларға ұқсамақ болған жігіттер көбейген.
Ақындық, әншілік өнері жақсы жігіттің белгісі сияқты саналған. Сондықтан ел ішінің қызық сауығы үшін сән түзеп, қыдырумен жүретін салдар шыққан. Атақты ақындарға еліктеуден серілік молайып бері келген заманда Біржандай сал, Ақандай ақын серіні шығарған. Бұлардың жайы қай елдің ортасында болса да, кейінгіге үлкен әңгіме болып қалған.
Соның барлығы бұрынғы айтыс ақындарының сарқыты. Онан соң бұрынғы ел, ақын айтысын қызық сауықтың ермегі сияқты көрсе де, екі рудың ақыны айтысатын кезде құр ғана көлденең тыңдаушы болып отыра алмайтын. Біреуінің тілеуінде болып, ұранына қызып, өзі жекпе-жекке шыққандай болып тыңдаған. Айтысқа шығаратын ақынын, қанды майданға баратын батырын шығарғандай қылып, іштен тілеу тілеп шығаратын. Сондықтан, Қаптағайдың қызы Сара айтысқа шығарда: «Найман шал аруағың жебей гөр деп, ақ үйден шыға келдім мен де айқайлап» дейді. Сара айтысқа шығарда найманның игі жақсысы болып келіп, бата беріп, тілек етіп шығарады. Найманда тағы бір ақын өз тұсындағы ірі ақынның бірімен айтысқалы бара жатып: «Дүние салдыр-гүлдір өтер дедім, сонымен аз сөйлесем не етер дедім. Қой айтып, дүйсенбі күн атқа міндім, найман шал аруағың көтер дедім» дейді. Ескі қазаққа айтыс өлең ең қадірлі сөз болған. Сондықтан "сөз тапқанға қолқа жоқ" деп, өлең сөзді кім кестелі қылып, сұлу айта алатын болса, оның кәрі-жасына, келін-кепшіктігіне қарамай ұлы жиын, игі жақсының барлығы да ілтифат қылып тыңдап, ықылас құрмет көрсететін. Сол себепті Тоғжан Орманшыға келін болып түсіп, бетіне шымылдық тұтып әкеле жатқан жерде алдынан шығып, баяғыша айтысып жеңе алмай жүрген адам әдейі алдынан тосып тұрып:
Жамағат шымылдықтан серпіліңіз,
Ақынсыған немені келтіріңіз.
Үйінен буаз келген мұндар қарды
Жұрт көзіне көрсетпей өлтіріңіз, – дегенде.
Тоғжан:
Орманшы жиылыпты жамағатың,
Әлі санға толған жоқ азаматың
Ұл туса, таяқ соғар қолғанатың,
Қыз туса, керек қылар қанағатың
Оның несін бетіме салық қылдың
Ініңнің сақтап келдім аманатын, – деген.
Міне, өзге жұрттың әдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты түрлері болғаны рас. Бірақ мұның бірде-бірі қазақ айтысындай көпке тарап, көп жұрттың барлығын бірдей ермек қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты әдебиет тарихының бөлімі болуға жарайтындай болып етек алып тараған емес. Қазақтың кәрі, жасындай айтысты қызық көріп қызуланып, тегіс өнер қылып, жалпақ ел ұстанған емес. Қазақтағы айтыс әдебиет бөлімі болудан басқа ел тартысының бұрынғыдан келе жатқан театры сияқты көпке бірдей қызық беретін жиын сауығы болған.