Жұмыстың жалпы сипаттамасы


ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ ТУРАЛЫ АВТОРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ



бет3/8
Дата17.04.2023
өлшемі3,61 Mb.
#174743
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Әуезов ғылыми жоба

2.2. ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ ТУРАЛЫ АВТОРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Жазушы зерттеу мақаласында келесi бiр тың мәселе – жас ғалымның ескi ел әдебиетiн халықтың сөз өнерi деп танығандығы, оның өзiне тән ерекшелiктерi мен заңдылықтарын осы тұрғыда айқындаудағы алғашқы талпыныстары. Мәселен, батырлар жырындағы тек қазақ халқының ақындық өнерiне тән өрнектi сөз орамдары әдеби жағынан талдай келiп, бұл құбылыс ықшам жанрларға келгенде тiптi анық көрiнетiндiгiн бiлдiредi: «Әдебиеттiң ұсақ түрлерiне келгенде алдымыздан көздi қуантып, жайнап шығатын асыл тас сияқты қымбатты бұйымдары, қара сөзбен айтылатын аңқаулықтың исi аңқыған қарапайым ертегiмен қатар, Сарыарқаның ақ көде малға шүйгiн шөбi, кiр жуып, кiндiк кескен жерi, көлеңкелi ағашы, қоңыр желiне шейiн шеберлiктiң оралымына кiргенiн көремiз.
Әдебиет ескiлiгiнiң табиғи ерекшелiктерiн талдай келiп, автор сөз өнерiнiң тұтас халықтық сипатын ашып көрсетедi: «Мынау - үстем таптың туындысы», «мынау – еңбекшi халықтың шығармасы» дейтiн пiкiрден зерттеушi нысанасын алыс ұстап, қазақ даласында ақындық өнердiң тәттi сұлулығынан қой баққан қотыр тайлы тазша баладан, жамағат тұрғысы төре де құр болмағандығын, хан Қараша би, төре, батыр – бәрi де «айырмасыз кестелi сұлу сөздiң қадiрiн бiлiмге ұстартып, зейiнi ашылған европеецтен кем бiлмеген... бәрi де өмiрiнде кез келген iрi оқиғаның жанынан ақын рухы мiнген тұлпары– өлеңменен желдiртiп өткенге ұқсағанын», автордың жiтi аңғарғанын байқаймыз.
Фольклор бiр ғана сөз өнерi емес, ол халықтың өмiр-тiршiлiгiнiң, әдет-ғұрпының, тұрмыс салтының ұлттық санадағы көркем бейнесi. Мәселенiң осы жағы да зерттеушi нысанасынан тиiстi орнын алған. Мысалға: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы бақташыл көшпендiлiк өмiр салтынан туған Қарабай мен Қодардың мiнез-құлықтары; Қарабайға тән сараңдық, Қодарға тән тұрпайылық. Керiсiнше, жаугершiлiк өмiр тудырған батырлар жыры Қобыланды, Ер Тарғындағы басқа жұртқа ұқсамайтын тек қазаққа тән халықтың асқақ қиялы тудырған көркем бейнелер iрi қалпымен, өзге жұрттiкiне ұқсамай, таза қазақтiкi болып шығатындығы туралы тұжырымдардан жас зерттеушi М.Әуезовтiң көркемдiк биiк талғамын аңғарамыз. Жоғарыда айтылған мақаланың назар аударарлық елеулi жақтарымен қатар, зерттеу тәжiрибесiнiң балаңдығынан туған үстiрт пiкiрлер де кездеседi. Автор қазақ өмiрiнiң өткендегi тұрмыс-салты толық көрiнетiн «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қарабайға тән сараңдықты , Қодарға тән тұрпайылықты тек қана қазақтың бақташылық өмiрiнен жұққан терiс әдет-қылықтар деп табады. Жеке кейiпкерлер басындағы жағымсыз мiнез-құлықтар үшiн бүкiл халықтың бақташылық тұрмыс-салтын кiнәлау – жаңсақ пiкiр. Шындығында, Қарабайға тән сараңдықты, Қодарға тән топастықты алдымен осы кейiпкерлердiң iшкi сезiм дүниесiнен iздестiрген жөн. Бақташылық салт бұл жерде себеп қана.
Зерттеушiнiң қазақ фольклорын, соның iшiнде эпос қаһармандарының ұлттық характерiн, жауын жеңiп, жолы болғандығын, кейде тар ұлттық шеңберде қараушылық әдiсi де бiржақты жансақтылықты байқатады: «Қазақ батырлары Ғазiретәлi, Сейiтбатталдай емес, олардың өзiнше жаратылысына тән қазақ тәрбиесi, қазақ ұғымы, қазақ тәнi бар. Алдарына қойған мақсаттары да бiрегей: алдымен ұлтшыл болу–өз ұлтын сүю, дiншiл болу–өз дiнiн сүю. Олардың жаратылысынан қазақ қаны күштi... Сондықтан да қазақ батырларының дұшпанын мұқатып жолы болғыштығы жауы қазақ емес, жат болғандықтан»-деп тұжырымдайды.
Халық арасында әлдебір батырдың қоштасуы және соны жоқтауға байланысты таралған өлең-жырды алғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық дастанның тууына негіз қалауы ықтимал. Бір ақынның аузынан екінші ақынға көшкенде дастан толысып, оқиғасы қалыңдап, молыға түсіп отырған. Эпостық дастанның туып, қалыптасуына ақындармен бірге халық та қатысқан, кей нұсқаны қабыл алып, кейбір нұсқаны жақтырмаған. Дастанның бар ақын жырлайтын тұрақты, түбегейлі нұсқасы жасалғанша осылай болған. Қазақтың эпостық дастандары мен фольклорын хатқа түсіріп, жариялау мүмкіндігі он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде ғана туғанын еске алсақ, ақындардың эпос пен фольклорды сақтаушылар ретіндегі ролі әсіресе айқынырақ бола түседі. Сөйтіп, оған дейін эпос ақындардың арқасында ғана сақталады. Қазақ халқы шығарған, сақтап келген ақындық қазынаның басқа халықтарға да танылып, дүниежүзілік әдебиеттен өз орнын алуы үшін талай ғасыр керек болды. Тек социалистік мәдениет жағдайында ғана қазақ эпосы мен фольклоы шын бағасын тапты, басқа халықтардың тілдеріне аударылып, дүниежүзілік аренаға шықты. Қазақ халқының эпосы мен фольклопы формасы жағынан мейілінше алуан түрлі және біздің заманымызға дейін мол нұсқасы сақталып жетті. Бұдан халықтың өзінің ақындық табиңаты байқалды. Басқа халықтардағыдай, қазақ халқының ауыз әдебиетінде ертегілер орасан мол орын алады.Қазақ фольклорының басқа түрлеріндей емес, нақ осы ертегілерден көршілес отырған шығыс және батыс халықтарының ертегілерінен ауысқан, алмасқан із-бедерлер анық танылады.
М. Әуезовтің пайымдауында: «... бүгінгі күнде жаңа туғалы тұрған театр жалғыз ғана әдебиет ескілігін тірілтуді қанағат қылу керек емес, ескіліктің ән-күйін, қобыз, сыбызғысын да қайта ояту керек. Қазақтың өткен күндегі бір байлығы әдебиет болса, екіншісі – ән-күй... Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй. Күйдің тіліндей бай тіл қазақтың әнінде жоқ... Бұлай болса, бүгінгі театр ескілігіндегі күй мен әнді бір минут есінен шығармау керек... Жалғыз ғана домбыраны қанағат қылмай, қобыз бен сыбызғыны қайта тауып алу керек...
Қазақтың ескі салты мен ойын-жиындағы өлең сауықтың барлығы ән мен өлеңді аралас жүргізетін, сондықтан ел театры қалың елдің өмірімен шын жанасамын десе, ескінің суретін толық пішінді қылып құруға міндетті екені даусыз. Өлең мен әнді қатар тірілтіп театр жасауға айналсақ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ел поэмалары, «Бекет батыр» сияқты тарихи өлеңдер, барлығы да театрдың ішіне оп-оңай сыйып кетеді. Міне, қазақ ескілігінің бүгінгі жас театрға тартатын сый-сипаты осы. Егер біздің театр осы сияқты мол қордың ішінен тесік моншақ сияқты асыл бұйым, асыл ұрықты таңдап, танып алуға жараса, осы сияқты анайы топырақтың үстіне іргесін орнатып, дүкен құрса, ол өнер әрі елдің өнері болып, әрі келешегін кең өріске беттеткен өнер болады», – деген.
Ең алдымен, батырдың халық мүддесі жолындарғы күресін негізгі тақырып ететін батырлык эпостай емес, ғашыктык дастандардың өзекті тақырыбы екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет