Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сұйықтар мен газдардың қасиеттері
Орындаған:Абай Батыр
Тобы:ККЖжТ 21
Қабылдаған:Навийхан.Б.Б
ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Тұтқырлық
2.ҚЫСЫМ
3.АРХИМЕД ЗАҢЫ
III.ҚОРЫТЫНДЫ
Сұйықтар кез-келген физикалық дене сұйықты молекулардан тұрады. Бірақта сұйықтар механикасында сұйықтарды зерттеуді оңайлату үшін олардың механикалық құрылымы мен молекулалардың қозғалысы қарастырылмайды. Сұйық ортанын тұтастық гипотезасы қабылданып, сұйықта үзілген немесе бос жерлер жоқ деп және тек молекулалық қозғалыстың орташа сипаттамасы, мысалы температурасы мен қысымы ескеріледі. Басқаша айтқанда сұйық оның сыртқы күштердің әсерінен болған қозғалысын зерттейтін моделмен алмастырылады. Математикалық көзқарастан ортаның тұтастығы гипотезасы бойынша сұйықтың күйін сипаттайтын кез-келген функция үздіксіз және дифференциаланады, сонымен қатар сұйықтың механикалық сипаттамаларын кеңістікте және уақыт бойынша координаталар функциясы деп қарастыруға болады. Сұйықтар механикасында “ сұйық бөлшегі” терминімен қозғалыста деформацияланатын массасы қоршаған ортамен араласпайтын және оған механикалық барлық заңдары қолданылатын сұйықтың тұтас ортасының аз көлемін түсінеді. Бірақта іс жүзінде таза деп саналатын техникалық сұйықтарда өте майда қоспалар мен еріген ауа болады. Сондықтан олар сәл ғана тарту кернеулерін көтере алмайтын жағдайда да болады. Сұйық деп өзінің формасын сақтамайтын, ыдысқа құйғанда ыдыстың формасын қабылдайтын аққыштық қасиеті бар физикалық денені айтады. Сұйықтарды тамшы құрайтын және газ тәріздес деп бөледі. Тамшы құраушы сұйықтар өте аз көлемінде тамшының формасын қабылдайды, ал үлкен көлемінде газ бен оның бетінің арасында шекара пайда болып, еркін беті болады. Тамшы құрайтын сұйықтар өзінің сығылуға үлкен қарсылық көрсетуімен (тіпті сығылмайды деуге болады), бөлшектерінің бір-біріне ілінісу күштерінің өте аздығымен, созу және жанама күштеріне қарсылығының аздығымен, азғана температуралық кеңейгіштігімен сипатталады.Оларға су, мұнай, май, керосин, бензин, сынап және сол сияқты сұйықтар жатады. Газ тәріздес сұйықтар үлкен сығылғыштығымен және созу күштеріне толық қарсылығы жоқтығымен сипатталады. Оларға ауа, азот, оттегі және басқалар жатады. Сұйықтар механикасы және гидравликалық жүйелердетек тамшы құраушы сұйықтар қарастырылады. Тамшы құраушы және газ тәріздес сұйықтардың көптеген қасиеттері, көптеген механикалық заңдары бірдей. Сұйықтың ерекше екі қасиеті бар физикалық дене. 1) Қысым мен температура өзгерген кезде ол өзінің көлемін өте аз болмашы шамаға өзгертеді; бұл жағдайда ол қатты денеге ұқсас. 2) Сұйық - аққыштық қасиетке ие. Осыған байланысты сұйықтың өз формасы болмайды және өзі құйылған ыдыстың формасын қабылдайды; бұл жағдайда сұйық қатты денеге ұқсамай газға ұқсас болады.
Достарыңызбен бөлісу: |