Реферат тақырыбы : Сұйықтар мен газдардың қасиеттері Орындаған: Абай Батыр Тобы: ккжжТ 21 Қабылдаған: Навийхан. Б. Б


Сұйықта әрекет ететін күштер. Қысым



бет3/3
Дата07.10.2022
өлшемі70,54 Kb.
#152054
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
ГИДРАВЛИКА

Сұйықта әрекет ететін күштер. Қысым
Сұйық тыныштықта немесе қозғалғанда әр түрлі күштер әрекетінде болады. Күштерді жіктеудің әр түрлі қағидалары бар. Күш түсу аймағына қарай күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Табиғаттарына не әрекеттің сипатына қарай күштерді маңыздық және беттік деп бөлуге болады.
Маңыздық көрсеткіштер берілген сұйық көлемін құрастыратын бөлшектерге әрекет етеді. Олар берілген көлемнің маңызына сәйкесті. Маңыздық күштерге ауырлық, екпіндік, электрмагниттік күштер жатады.
Беттік күштер бөлінген көлемнің тек бетіне ғана әрекет етеді. Бұл күштерге үйкеліс, қысым және беттік керілу күштері жатады.

вектор  — сұйықтың маңыз бірлігіне келетін маңыздық күш және үдеу өлшемділігінде болады. Мысал ретінде ауырлық күші үшін  екенін көрсетуге болады, мұнда g ауырлық күшінің үдеу векторы (мегземесі).
Беттік күштерді кернеумен сипаттауға болады. Кішкене ауданша ∆S-қа әрекет ететін беттік күш бас векторы (мегземесі) қозғалатын сұйықта екі құраушыдан: тік және жанама күштерден тұрады. Берілген ауданшаға жанама әрекет ететін үйкеліс күші, ол үшін кернеу кейіптемесі (формуласы) жоғарыда жазылған.
Тұтқырсыз сұйықта және тыныштықтағы сұйықта жанама күш нөлге тең болады, берілген ауданшаға тек тік бағытта қысым күші ∆Fқ әрекет етеді. Қысым күші үшін кернеу былай жазылады

мұнда
p-қысым.
Сонымен, қысым дегеніміз - беттің аудан бірлігіне тік әрекет ететін күш.
Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) қысымды өлшеу бірлігі 1Н/м2=1 Па.
Архимед заңы – аэростатикамен гидростатиканың сұйыққа (газға) батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең әрі онан әрқашан да жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін анықтайтын негізгі заңы. Дененің ығыстырып шығарған сұйығының ауырлық центріне (орталығына) түсетін итеруші күшті архимедтік не гидростатикалық көтеруші күш деп атайды. Егер дененің салмағы архимедтік күштен кем болса, онда дене сұйық бетіне қалқып шығады, ал дененің салмағы архимедтік күштен артық болса, онда дене сұйыққа батып кетеді. Дененің салмағы архимедтік күшке тең болса, дене сұйық ішінде жүзіп жүреді. Бұл заңды Архимед б.з.б. 3 ғасырда ашқан. Архимед заңы денелердің сұйықта, не газда жүзуінің теориялық негізі болып саналады.

Сұйыққа батырылған денеге түсетін қысым күшін есептесе мына кейіптеме шығады
Fарх=- cgVд, (3.9)
мұнда -батырылған дене көлемі;
c-сұйық тығыздығы.
Fарх-cұйықтың еркін бетіне бағытталған (3.3-сурет), яғни денені сұйықтан итеріп шығаруға тырысады ол көтеруші күш немесе архимедтік күш деп аталады.
Архимед заңы: Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін көтеруші күш батырылған дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең.
Егер дененің салмағы архимедтік күштен кем болса, онда дене сұйық бетіне қалқып шығады. Егер дененің салмағы архимедтік күштен артық болса, онда дене сұйыққа батады. Қалқып шығу немесе бату
Fарх= Fаур  болғанда тоқтайды. Ал дененің салмағы архимедтік күшке тең болса, дене сұйық ішінде теңдесу күйінде болады.
Архимед - тұңғыш рет көтеруші күштің бар екенін тәжірибеден анықтаған ғaлым.



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет