Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет5/8
Дата17.04.2023
өлшемі3,61 Mb.
#174743
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Әуезов ғылыми жоба

Ғашықтық жырлар
Қазақтың эпостық дастандарының ерекше бір бөлімі ғашыктык жырлары. Эпостық дастандардың туып таралуы, формалық ерекшеліктері жайында жоғарыда айтылған ойлар эпостың бұл түріне де тікелей жанасты. Жазушы ғашықтық жырлардың батырлар жырынан үш айырмашылығын атап көрсеткен.
Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан айырмашылығы:
1.Батырлық эпоста батырдың халық мүддесі жолындағы күресі негізгі тақырып болса,ғашықтық дастандардың негізгі тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы,қасірет-зары,махаббаты.
2. Батырлық дастандарда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар,тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады.
2.Батырлар жырында образдар шындықтан шалғай,шартты түрде алынса,ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады.
Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген күрделі жанр болып табылады. Батырлық жырлар мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай деген сауалға тұңғыш рет М.Әуезов жауап іздеген еді. Батырлық жырлардың тақырыбы-ерлік болса, ғашықтық жырлардың тақырыбы – сүйіспеншілік. Батырлық жырлардың образдарында әсірелеу басым болса, лиро-эпоста реалистік арна үстем; Батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс суреттелсе, лироэпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі, - деп атайды М.Әуезов.
Лиро-эпос жырларынан сл арасына ауызша да, баспа арқылы да ерте тарағаны-«Қыз Жібек». М. Әуезовтің айтуына қарағанда, «Қыз Жібек» жырының бір варианты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында қазанда басылған . Бірақ ол күні бүгінге дейін қолға түскен емес. Ы. Дүйсенбаевтың зерттеуінде былай делінеді. XIX ғасырдың екінші жартысында Зайсан жагында Валиолла Тух-ватуллин деген мүғалім болыпты. Ол ел арасынан «Қыз Жібек» жырын жинайды да, 1894 жылы қазанда бастырады. Кейіннен бұл вариант 1896, 1897, 1905, 1911 жылдары да басылды, 1958 жылы “қазақ эпосы” деп аталатын жинаққа енді.
2.3 ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІ
Мен «тұлға» деген атауды орысша образ орнына ұсынам.
Бұны «кейіп» деп жүргізу орысшасынан кем соғады.
Ол «кейіп» — настроение.
«Тұлға» образдың дәл өзі болмаса да «тұлға болар деймісің» деген сияқты қолдануларға қарағанда мазмұны жақын сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет