Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет22/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108

§ 40. СЫРЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бетті құрғақ ұнтақпен, әртүрлі сырлармен және лакпен бірнше тонмен сырлау, оларды механикаландырылған құралмен ажарлау, лактау, жылытарту, сылақтау, астарлау және олифа жағу. Сырланған бетке шөрке төсеу және флайцтеу. Филенкаларды өңдеп созу. Бетке трафареттердің көмегімен төрт және одан көп түспен сурет салу. Әртүрлі жынысты ағаш, тасы және мәрмәр суреттер бойынша кесуге дайындау. Күрделі колерлерді өздігінен құрастыру. Сырланған бетті, линкрустты, линолеум мен басқа да материалдарды қайта өңдеу. Шыныны және қыш эмальдың үстіне лак пен сыр жағу. Сырланатын беттерді бөлуге арналған күрделі трафареттер мен ашалар жасау. Бетін астарлап бояғаннан кейін салқын ауасыз бүрку әдісімен сырлау. Тропикалық орындаудағы бөлшектерді, бұйымдар мен аспаптарды сырлау. Табақ материалды және ауыз су, дистильденген су және сіңімді суға, медициналық және техникалық майға арналған цистерналардан басқа, кеме құрылымдарына арналған пішінді илемдерді фосфаттаушы грунтпен операция сайын қорғау. Кеме корпустарын коррозиядан, қабыршақтардан, өскіндер мен ескі лак пен сыр қабатынан жұмыстарды үлгілер мен эталондар бойынша тапсыра отырып, бытыра ағынымен өңдеу аппаратының және жоғары қысымды су ағынымен механикалық тазалау. Қолданылатын лак пен сыр материалдарының сапасын анықтау. Сырлау жұмыстарында қолданылатын механизмдерді баптау.

Білуге тиіс: сырлау жұмыстарында қолданылатын механизмдер мен құрылғылардың құрылысы мен оларды баптау тәсілдері; жоғары сапалы өңдей отырып, сырлау жұмыстарын орындау; ағаш, мәрмәр және тастың әртүрлі жыныстарының беттерін қарапайым сурет салуға бөлу процессі; беттер мен корпустарды өскіндер мен ескі лак пен сырдан механикалық тазалау ерекшеліктері; сырлау мен лактауға қойылатын техникалық шарттар мен талаптар; сырланған беттерді, линкрусттарды, линолеумді және басқа да материалдарды қайта өңдеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Төбелер – тазалау, тегістеу, өңдеу.


2. Қабырғалар, едендер және басқа беттер – тазалау, тегістеу, өңдеу.

3. ЗИЛ және "Чайка" маркаларынан басқа жеңіл автомобильдер мен автобустар – астарлау, сылау, тегістеу, шанағын алғаш және қайта сырлау.

4. Катерлер - сырлау.

5. Ұшақ ішінің қапталған беті – көп қабат лак және сыр жағу.

6. Қабырға, сөрелер, сыртқы және ішкі жиһаз, локомотивтер мен тұтас металдан жасалған вагондардың, машинамен салқындатылатын вагондардың, металл шанақты изотермиялық вагондардың төбелері мен қақпақтары – сырлау және лакты кистьпен, бүріккішпен немесе білікпен жағу.

7. Кемелер, фюзеляждар, ұшақ қанаттары мен туристік және қызметтік вагондардың қабырғалары – ерекшелейтін жазулар мен таңбаларды жағу.

8. Троллейбустар мен метро вагондары – соңғы сырлау және өңдеу



9. Электр аспаптар, ірі көлемді электр машиналар - сырлау және жылтырату.

§ 41. СЫРЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бетті лактап, жылтыратып және көркем, түрлі-түсті оюлармен әшекейлей отырып, әртүрлі сырлармен сырлау. Бетін бағалы ағаш жыныстарына бөлу. Суық ауасыз бүрку әдісі арқылы астарлаудан кейін жоғары сапалы сырлау. Астарлау, антикоррозиялық қаптау, өспейтін және өскіндерге қарсы сырмен қаптау, теңіз суының, минералдық қышқылдар мен сілтілердің әсеріне ұшырайтын кемелерді анодты және катодты қорғау. Көркем жазуларды қайта өңдеу.

Білуге тиіс: сырлау жұмыстарын көркем және оюлармен әшекейлей отырып, және суық ауасыз бүрку әдісімен орындау тәсілдері; бетін бағалы ағаш жыныстарына бөлу процессі; көркем сырлау және әшекейлеуге арналған сырлау материалдары мен құрамдарының рецептурасы, физикалық және химиялық қасиеттері; күрделі жазулар мен қаріптердің түрлері; пигменттердің, ерітінділердің, майлардың, лактардың, силикаттардың, шайыр және сырлау жұмыстарында қолданылатын басқа да материалдардың қасиеттері мен сорттары; лактар мен сырдың беріктігі мен тұтқырлығын сынау әдістері; бұйымдарды, бөлшектер мен беттерді соңғы рет өңдеуге қойылатын техникалық шарттар; лак пен сыр қабаттарды кептіру режимдері; беттерді антикоррозиялық, анод және катод қорғанышқа дайындауға қойылатын талаптар; теңіз суының, минералдық қышқылдар мен сілтілердің әсеріне ұшырайтын кемелердің су астындағы бөлігін астарлау және сырлаудың қорғаныш схемасы; көркем жазуларды қайта өңдеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері


1. Қабырғалар, едендер және басқа беттер – тазалау, тегістеу, өңдеу.

2. ЗИЛ, "Чайка" маркалы жеңіл автомобильдер - соңғы сырлау, лакпен және эмаль сырмен әшекейлеу.



3. Гербтер, оюлар, күрделі жазулар – эскиздер мен суреттер бойынша көркем бейнелеу.

4. Жолаушылар кемелерінің қондырмасы - сырлау.

5. Панельдер, қалқандар, схемалар – бетін көркем әшекейлеу.
42. СЫРЛАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жаңа сырлау заттары мен синтетикалық материалдарды енгізген кезде бұйымдар мен беттерді бедерлеп, фактуралап және эксперименталды сырлау және аэрографикалық өңдеу. Көркем жазулар мен суреттерді қайта өңдеу. Ішкі жайлардың бетін декоративтік лактау, жылтырату. Бетті астарлаудан кейін ыстық ауасыз бүрку әдісімен құрылғыларда сырлау. Өскіндері өспейтін термопластикалық сырларды аппаратымен жағу. Өскіндері өспейтін сырды консервіленген сырмен арнайы схема бойынша қорғау. Суреттер мен эскиздер бойынша қолмен жазу. Оюлы және көлемді жазу.

Білуге тиіс: бұйымдар мен беттерді бедерлеп, фактуралап және эксперименталдық сырлау мен аэрографикалық өңдеу тәсілдері және оларға қойылатын талаптар; лак пен сыр материалдарын ыстық ауасыз бүркуге арналған құрылғылар мен термопластикалық сырды жағуға арналған аппараттың құрылысы мен баптау тәсілдері; өскіндері өспейтін сырмен қорғау схемасы; көркем жазулар мен суреттерді қайта өңдеу тәсілдері.



Жұмыс үлгілері

1. Қабырғалар, едендер және басқа беттер – тазалау, тегістеу, өңдеу.

2. Кеме құрылысы – қалың қабатты жағу.

3. Жолаушылар кемесінің, ұшақтардың, вагондарының ішкі қабаттарының беттері – суреттер мен эскиздер бойынша қолмен жазу.

4. Жолаушылар кемесінің, ұшақтардың, вагондар мен серуендеу яхталарының салоны, вестибюльдері, "Люкс" каюталары – көркем өңдеу, қорғаныш қабат.

5. Көрмеге қойылған машиналар, аппараттар мен аспаптардың экспонаттары – көп қабатты және түрлі-түсті сырлау, лактау, тегістеу және жылтырату.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет