Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Тарату білігі – білік және төсемі бойынша мойынтіркетерді қиыстыру



бет88/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108

3. Тарату білігі – білік және төсемі бойынша мойынтіркетерді қиыстыру.

4. Гидрожүйе – стендіде сынау.

5. Шатунь поршеньді және дизельді газ тарату тобы – жөндеу және реттеу.

6. Дизель және қосалқы жабдықтар, отын аппаратурасы жетекті жылжымалы құрамның, вагондардың механикалық және тежегіштік жабдықтары - жұмысты тексеру және реттеу.

7. Дизелдердің иінді біліктері – саңылаулар мен жүруді реттеп қайта салу.

8. Компрессорлар мен турбокомпрессорлар – ортасын дәлдеу.

9. Үш цилиндрлі компрессор – локомотивтің ортасын дәлдеу.

10. Машинистің және қосалқы тежегіштің крандары – стендіде сынау және реттеу.

11. Жоғары қысымдағы жылу сорғылары - өнімділікті реттеу, стендіде сынау.

12. Локомотивтердің автоматты, тежегішті және пневматикалық жабдықтары – жөндеуден кейінгі локомотивте, моторвагонды жылжымалы құрамда және метро вагонында сынау және реттеу.

13. Хоппер типті (астық, минералдар, шекемтастар таситын вагондар, автомобиль тасымалдайтын вагондар) вагондардың жүк түсіру механизмдері мен жүктерді бекіту механизмдерінің пневматикалық және механикалық жүйесі – ревизия, жөндеу, сынау, реттеу.

14. Электронды қауіпсіздік аспаптары – жөндеу.

15. Жылжымалы құрам арбалары мен кузовтарының рамалары – тіреулер және шүберін тораптар бойынша күйін тексеру және реттеу.

16. Реостатты тежегішті автоматты басқару жүйесі – диагностикалау, реттеу.


17. Жылдамдық өлшегіштер – реттеу, метрологиялық сынау.

18. Электр пневматикалық тежегіштер – локомотивтерде, жылжымалы құрамның моторлы вагондарында және вагондарда қысым бойынша сынау.

19. Рефрижераторлы және жолаушылар вагондарының тоңазытқыш қондырғылары мен компрессорлары – сынау.

20. Электр пневматикалық жүйелердің авто режимде жұмыс істеуі - реттеу.


§ 127. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы құрамның күрделі тораптары, құрылғылары, жабдықтары, агрегаттарын және метро вагондарын реттеп, орнатып, тегістеп, теңгеріп, берілген жұмыс параметрлерінде сынай отырып диагностикалау, алдын алу, жөндеу. Электронды жабдық блоктарын теңшеу және сынау. Жөндеуден кейін жүктемемен және контактілі сым арқылы жетекті жылжымалы құрамды сынау. Жүк және жолаушы көліктерінің жетекті жылжымалы құрамын пайдалану кезінде ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: пайдаланылатын локомотивтер мен метро вагондарының барлық үлгілері мен серияларының құрылымы; жабдықтардың, жетекті жылжымалы құрамның, агрегаттар мен құрылғылардың тәсімдері мен өзара іс-қимыл жүйелері, диагностикалауға және жөндеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптары, стенділер, сынудың, тот басудың және апаттың алдын алу жөніндегі алдын алу шаралары.

Жұмыс үлгілері

1. Жылу аппаратурасы – жұмыс істеп тұрған дизельде сынау және реттеу.

2. Тепловоз дизелінің блогы – технологиялық білік және қырып тегістеу бойынша қиыстырып түбірлі мойынтіркетердің төсемдерін түзулеу.

3. Дөңгелек моторлы блок – стендіде дөңгелетін тегістеу және реттеу.

4. Метро вагондар –жөндеуден кейін кернеумен сынау.

5. Пневматикалық және электр пневматикалық ауа таратқыштар – сынау, реттеу.

6. Электронды жабдық - блоктарды жөндегеннен кейін теңшеу және сынау.

7. Гидромеханикалық редуктор - ортасын дәлдеу.

8. Газ таратқыш жүйелер – сынау, реттеу.

9. Тепловоз – реостатты сынау.

10. Жетек генераторлар, дизель-генераторлы қондырғылар, стартер-генераторлар, гидроберілістер – ортасын дәлдеу.

11. Тепловоздардың, дизельді поездардың, рефрижераторлы вагондардың дизель-генераторлы қондырғылары - диагностикалау, сынау, дизельді генераторлардың автоматтық қорғанысын жөндеу және реттеу.

12. Электровоз - жөндеуден кейін контактілі сым арқылы сынау.


13. КПД бақылау деректерін жинау және тіркеу құралдары бойынша электрондық аспаптар – сынау, реттеу.

14. Жетекті қозғалтқыш зәкірі - теңгеру.

§ 128. ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол машиналары мен механизмдерін жөндеу кезінде 12-14 квалитеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. Бұранда бұрау, станоктарда немесе пневмоэлектр машинкалармен бұрғылау. Жол машиналары мен механизмдерін бөлшектеуге қатысу және оларды жөндеуге дайындау.

Білуге тиіс: жол машиналары мен механизмдерінің құрылғысы жөніндегі жалпы мәліметтер, жөнделетін жол машиналары мен механизмдерінің жұмыс істеу принциптері; жай айлабұйымдардың, слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, өңделетін материалдың таңбалануы және негізгі механикалық қасиеттері, шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері және оларды сызбадағы және калибрдегі шартты белгілері.

Жұмыс үлгілері

1. Жол арбалары, роликтер, көлік құрылғылары, Галль тізбегі, тірек пластиналары, буксылау табандары, қар жиятын жартылай вагондардың жіберетін және ұстап тұратын роликтері, тізбектерге орнатылған қапшықтар – бөлшектеу, жинақтау және құрастыру.

2. Электр балластерлік рельсті машиналардың щеткалары, мөлшерлегіштер, электр балластерлері мен жол жонғыларының қанаттары мен байланысы, қар жинайтын машиналардың көлік құрылғылары, жол қалағыштардың алмалы жабдықтары – шешу, жинақтау және орнату.

§ 129. ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол машиналары мен механизмдерінің тораптары мен агрегаттарын жөндеу кезінде 11-12 квалитеттер бойынша әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып, слесарлық жұмыстарды орындау. Машиналардың жекелеген тораптарын реттеу және бұзылғандарын ауыстыру.

Білуге тиіс: жөнделетін жол машиналары мен механизмдерінің негізгі тораптарының құрылғысы, қызметі және өзара іс-әрекеті; 11-12 квалитеттер бойынша өңдеуді қамтамасыз ететін слесарлық жұмыстың жолдары; әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; машинаны майлауда пайдаланылатын майдың сұрыптары, металды термиялық өңдеу тәсілдері мен жолдары; машинаның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістері, жоспарлы алдын алу жөндеудің ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет