Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет33/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108

Білуге тиіс: әртүрлі типті жабдықтардың, арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; электролиттік және химиялық тәсілмен өңдеу және тазалау процессі; жылтыратып және мәрмәр тәрізді етіп өңдеу тәсілдері; терең өңдеудің барлық түрлері; өңдеу жылдамдығын, астаудың температурасы мен құрамын есептеу ережесі; өңдеу сапасын сырттай тексеру және өлшеу аспаптары арқылы айқындау ережесі; жарықпен көшіру рамаларының құрылысы мен олармен жұмыс істеу ережесі; жарық сезгіш эмульсияны пайдалану әдістемесі; фотохимиялық жабдықтардың құрылысы; болаттың маркасы, құбырлар мен баллондардың сұрыптамасы; ерітінділердің құрамы, қасиеттері мен оны дайындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Электр вакуум аспаптардың шықпалары – химиялық және электрохимиялық өңдеу.

2. Түсті металдардан жасалған сағат механизмдеріне арналған бөлшектер - кейіннен пассирлеу арқылы декоративті өңдеу.

3. Әртүрлі пішінді және әртүрлі көлемді электр вакуум аспаптардың бөлшектері мен тораптары - өңдеу, химиялық және электрохимиялық жылтырату.

4. Күрделі пішінді, ірі габаритті қола бөлшектер (спиральдер, толқынжолдар) - өңдеу.

5. Қатаң пайдалану жағдайында жұмыс істейтін бұйымдар мен бөлшектер (автомобильдер, велосипед және т.б.) - фосфат қабатын жасау үшін темірді фосфорлы қышқыл тұздарының ыстық ерітіндісінде өңдеу.

6. Күрделі пішінді және ірі көлемді ыдыс бұйымдары (шайнек, кофейник) - өңдеу, эмальдау тәрізді бейтараптандыру.

7. Құрал – қалың қабатты хромдау тәрізді өңдеу.

8. Люктердің қақпақтары – жекелеген жерлерін белгіленген қалыңдыққа өңдеу.

9. Бухталардағы мыс, прокат – ілмекті конвейерде өңдеу.

10. Кәрез конструкцияларын қаптау – бөгеттерді сақтай отырып сатылы өңдеу.

11. Жолақтар, табақтар, орамалар, түсті металдар мен балқымалардан жасалған шыбықтар - өңдеу.

12. Төсемелер – екі жақты, сыналық өңдеу.

13. Ыстыққа төзімді болат және түсті металдардан жасалған балқымалар - макроқұрылымын айқындау үшін өңдеу.

14. Ұсақ модульді, дәлме-дәл тістегершіктер, реттығын, поршеньдер, түсті металдар мен балқымалардан жасалған шәкілдер – мөлшерін сақтай отырып өңдеу.

§ 90 ӨҢДЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы табақтарды тұрақты жұмыс істейтін өңдеу машиналарының астауларында өңдеу процессін жүргізу. Табақ, жолақ және сорттық прокатты, болаттың сапалы және арнайы маркаларын, орамадағы табақтарды, сондай-ақ табақ металды оны қаптауға дайындау үшін үздіксіз агрегаттарда өңдеу. Құбырларды арнайы құрылғыларда ағынмен өңдеу әдісі арқылы өңдеу. Орамадағы табақ металды, болаттың сапалы және арнайы маркаларын үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда өңдеу процессіне қатысу. Өңдеу астауларын зарядтау және өңдеу ерітінділерін түзету. Ерітінділердің температурасы мен астаудың белсенділігін реттеу. Қышқыл, су, өңдеу тұнбасын қосу және ерітіндіні ауыстыру. Сифонды орнату және зарядтау, ерітіндіні ауыстыру кезінде біліктердің арасындағы желіні баптау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттардың құрылысы, кинематикалық және электр схемалары; өңдеу ерітіндісінің құрамы, қасиеттері мен рецептурасы; қышқылдар мен өңдеу тұнбасының қасиеттері; арнайы құрылғылардың құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.

§ 91. ӨҢДЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сапалы және арнайы маркалы орамадағы табақ металды үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда өңдеу процессін жүргізу. Жолақ бетінің тазалығын бақылау және жиектерінің бүкпелерін, жыртықтар мен бүкпелерді жою. Қышқыл ерітінділердің температурасын, астаулардың белсенділігін, өңдеу режимі мен сапасын, металды жуу мен майлау, сондай-ақ жолақтардың орамаға дұрыс оралуын, жіктің дұрыс кесілуін, қисықтардың болмауын, үздіксіз жұмыс істейтін өңдеу агрегаттарының жай-күйін және өңдеуге арналған металдың болуын бақылау. Үздіксіз жұмыс істейтін өңдеу агрегаттарын баптау.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі; үздіксіз жұмыс істейтін өңдеу агрегаттарының құрылысы мен баптау тәсілдері; орындалатын жұмыс көлемінде әртүрлі маркалы металды өңдеу процессінің физикалық және химиялық негіздері; өңделген ерітінділерді талдау әдістері.

§ 92. ФОСФАТТАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары фосфаттаушының басшылығымен қарапайым бөлшектер мен тораптарды фосфаттау. Бөлшектерді майлау, крацтеу және жуу. Бөлшектерді астауға салу. Фосфаттау процессінің аяқталу уақытын айқындау.

Білуге тиіс: фосфаттау процессі; бөлшектерді фосфаттау үшін дайындау тәсілдері; бөлшектерді астауға салу тәсілдері; фосфаттаудан кейін бетін өңдеу тәсілдері.

§ 93. ФОСФАТТАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды оларды алдын ала дайындап, яғни өңдеп, майсыздандырып, крацтеп және кейіннен лакпен немесе маймен қаптай отырып, жуып барып фосфаттау. Фосфатталмайтын жерлерін оқшаулау. Ерітіндіні белгіленген рецептура бойынша жасау және түзету. Астауды талап етілетін температураға дейін қыздыру және астаудың қышқылдығын титрлеу арқылы айқындау.

Білуге тиіс: астаулардың жұмыс қағидасы; фосфаттау тәсілдері; өңдеу, майсыздандыру, крацтеу және жуу процестері және фосфатталмайтын жерлерін оқшаулау тәсілдері; фосфатталатын бөлшектер мен бұйымдарға қойылатын талаптар; арнайы құрылғылардың мақсаты және олардың фосфаттау кезінде қолданылу шарттары.

§ 94. ФОСФАТТАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі бөлшектер мен тораптарды оларды алдын ала дайындап, яғни өңдеп, майсыздандырып, крацтеп және кейіннен лакпен немесе маймен қаптай отырып, жуып барып фосфаттау.

Білуге тиіс: астаулардың құрылысы; астау ерітінділерінің құрамы; өңдеуге түсетін бөлшектерге қойылатын талаптар; фосфаттау кезінде қолданылатын арнайы құрылғылардың құрылысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет