Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет85/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108

8. Төсемдер – жасау.

9. Букс кергіштер, сыналар, қапсырмалар, ауыстыру бұрамасының, паровоз реверсінің жетектері – шешу.

10. Тежегіш және пневматикалық жабдықтың резервуарлары – шаю.

11. Дизель тоңазытқыш секциялары – үрлеу.

12. Картер торлары, форсункалардың құятын түтікшелері мен дизель коллекторлары – шешу және орнату.

13. Құбырларды бекітуге арналған қапсырмалар мен қапшықтар, құм құбырлардың ұштары, құм торлар – жасау.

14. Түсетін және суаратын құбырлар, жалын ұстайтын торлар, паровоз бен тендердің арасындағы брезент, бу жұмыс құбырларының қаптары мен бітеулері, машинист будкасының жылу құбырлары мен батареялары, көмір бергіштердің астаулары, паровоз шкворнялары – шешу және орнату.

15. Ауа магистралі құбырлары, түсіретін крандар, кран ұштарының ұстағыштары, тежегіш және пневматикалық жабдықтың ауа тазартқыштары – шешу және орнату.

16. Штуцерлер – шешу және орнату.

17. Пеш экрандары, дивандарды бекітуге арналған қапсырмалар – жасау.

§ 122. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді жасау және жөндеу. Бөлшектерді қысып және жылжытып отырғызу жағдайында жылжымалы құрамның жөнделетін нысанының қосалқы бөлшектерін бөлшектеу. Пневматикалық жүйенің жекелеген аспаптарын монтаждау және демонтаждау. Шлинтті бекітпемен жылжымалы отырғызу кезінде тораптардың мөлшерлерін сақтай отырып және олардың орналасуын біріктіру. Сығылған ауа қысымымен пневматикалық жабдықтың әрекетін тексеру. Жекелеген механизмдерді реттеу және сынау.

Білуге тиіс: жылжымалы құрамның жөнделетін нысандарының негізгі тораптарының құрылысы, қызметі және өзара іс-қимылы; әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, шектеулер және отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, бөлшектер мен тораптардың құрама түрлері; жекелеген механизмдерді реттеу және сынаудың техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Электр секциялары вагондарының тербелетін арқалықтары, ілінетін аспалы арбалары, ток қабылдағыштардың жеңдері – шешу, орнату.

2. Паровоз машинисінің будкалары – бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жинақтау және құрастыру.

3. Сырғыту мойынтіректегі букстар – байқау және толтыру.

4. Желдеткіштер, жалюздер, калориферлер, амортизаторлар – шешу және орнату.

5. Рама бөлшектері мен вагон кузовы – шешу және орнату.

6. Тежегіш дискілері – бөлшектеу.

7. Вагон цистерналары құятын аспаптарының клапандары – байқау және толтыру.

8. Ұшы бар, ажырату крандары, стоп-крандар, оттық көсеудің саңылау есіктерінің бекіткіш клапандары – құм крандар – шешу, орнату.

9. Төсемдердегі қарайтын люктердің қақпақтары, моторлық ось мойынтіректерінің қақпақтары, жетекті электр қозғалтқыштың тісті қаптары – шешу және орнату.

10. Манометрлер – шешу, тексеріп орнату.

11. Троллейбус мостылары – шешу және тегістеу.

12. Құм жабдықтары мен олардың форсункалары – жөндеу.

13. Трамвай және троллейбустың тежегіш жабдықтары – жөндеу және тораптарды құрастыру.

14. Тоңазытқыш секцияларының түтік пластиналары – орнату.

15. Ауыспалы серпінді алаңшалар, су өлшегіштер мен сумен жылыту термометрлері, қазандықтардың кір жинағыштар, жуынатын тостағандар, шаятын құрылғылардың вентильдері мен клапандары – шешу, жөндеу, орнату.

16. Аспалы және рессорлық ілмелер - шешу және бөлшектеу.

17. Паровоздардың поршендері мен мысқалдары – шешу және бөлшектеу.

18. Электровоздың жетек электр қозғалтқыштарының карданды жетектері – шешу.

19. Жылжымалы құрам терезелерінің рамалары – шешу, жөндеу, орнату.

20. Сорғы жүрісін реттегіштер, компрессор қысымын реттегіштер, тежегіш цилиндрлер, тежегіш және пневматикалық жабдықтың клапандары – шешу және орнату.

21. Қорғау қапсырмалары, башмақтар, тежегіш қалыптары – шешу, орнату.

22. Паровоз арбалары – тартып шығару, бөлшектеу, илемдеу.

23. Паровоз сығымдағыш май сауыттарының жетектері – жасау.

24. Ауа, жылу және май сүзгілері, ауа тазалағыштар, май және су құбырлардың біріктірме түтікшелері – бөлшектеу, тазалау, құрастыру және орнату.

25. Түтін қораптың қалқаншалары, жетекті сығым май сауыттар, су сорғылары, паровоздың көмір датчиктерінің бу машиналары – шешу, орнату.

§ 123. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді жөндеу және жасау. Отырғызудың түрлі үлгілерімен негізгі тораптарды бөлшектеу және құрастыру. Бөлшектердің сапасын және оларға қажетті жөндеуді айқындау. Бөлшектерді ысқылау. Шиеленіс және тығызды қоспағанда түрлі отырғызу жағдайларында тораптар мен топтарды біріктіру. Жиналған тораптарды реттеу және сынау. Ақаулық ведомостілер құрастыру.

Білуге тиіс: жылжымалы құрамның жөнделетін нысандарының негізгі бөлшектерінің атауы, конструкциясы, өзара іс-қимылы мен бөлшектеу және құрастыру процесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі және пайдалану ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы, жылжымалы құрам тораптары мен агрегаттарын құрастырудың, сынау және реттеудің техникалық шарттары, шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Амортизаторлар, желдеткіштер мен калориферлер - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

2. Фрикционды автоілініс аппараттары - шешу және орнату.

3. Дөңгелек-мотор блоктар – бөлшектеу.

4. Призонды болттар – бұрғылап шығару, саңылауларды бөлу.

5. Тарту мойынтіректердің букстар – байқау, мойынтірек жағдайын тексеру.

6. Параллельдер бойынша сырғыма жапсырмалары, мысқал сырғымалардың жапсырмалары, буксты сыналар мен жақтаушалар, поршенді және мысқал оқтаулар сыналары мен паровоздардың поршенді және ортаңғы оталғыштардың артқы қақпақтары – қиыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет