Араб тілінен енген сөздер. Қазақ және өзге де түркі тілдеріне араб тілінің ықпалының басталуын түрколог – ғалым Ә.Наджип 636 – жылдан басталады деп жазады. Қазақ тіліне араб элементтерінің ене бастауы орта ғасырда басталады, оның екі жолы болды: 1) қазақ және араб тілінде сөйлеушілердің тікелей араласуының нәтижесінде; 2) діни еңбектер мен көркем шығармалар арқылы болған жанама қатынастың нәтижесі.
Л.Рүстемов қазақ тіліндегі араб – парсы тілдерінен енген лексемалар жалпы лексиканың 15 пайызына жуық деген пікірді айтан.
Араб тілінен енген сөздер ислам діні арқылы негізделгендіктен, тез сіңіп, таралды. Өзге семьяға жататын, тілдік дыбысталу сипаты ерекше атаулардың бәрі дерлік ауызша енгендіктен, айтылуы қазақтың сингармониялық заңдылығына негізделді, қазақша үндестік, үйлесім тауып, дыбыстық заңдылықтың ықпалына түсті. Сөйтіп араб сөздері қазақ тілінің бай сөздік қорына еніп, оны толықтыра, байыта түсті. Синонимдік қатарлардың саны артты, көпшілігі терімсөздік мән алуға оңтайлы болды. Кірме сөздердің қолданысы мен қызметінің өзіндік ерекшелігіне байланысты былайша топтастыруға болады:
1.Қолданыста белсенді жұмсалып, грамматикалық, сөзжасамдық тұлғалармен түрленіп, сөздік қорға енген атаулар: адам, адамгершілік, азамат, азан, айбат, ақ, дүние, дін, есеп, ежелгі, жауап, кемел, т.б.
2. Терімсөздік мән алған атаулар: базар, нарық, борыш, қаражат, мәжіліс, мекеме, ғылым, құн, мемлекет, т.б.
3. Кісі есімдеріне айналған атаулар: Ғали, Әли, Малика, Кәмилә, Рахман, Рақым, Ғазиз, Әзиз, Маржан, Махаббат, Ықылас, т.б.
Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев араб тілінен енген сөздердің негізгі сөздік қордағы орны мен қызметтік ерекшелігін терең талдай келіп, олардың мынадай үш сала бойынша енгенін орынды атап өтеді:
Достарыңызбен бөлісу: |