Құлақтанып қалды – хабарлас болды [ ҚТФС, 54 бет].
Көз алдына Шәрипа елестегенде тілі байланып қалады (“ Боран”, 66 бет).
Мәжитовқа уәде бергеннен кейінде « көзді жұмып қойып кетсем бе екен » де талай толқыды (“ Боран”, 68 бет).
Көз жұмды – нар тәуекелге басты [ ҚТФС, 256 бет].
Әрине Шарипаны шексіз жақсы көретінін, қашан артық демі біткенше ұмытпайтынын ... бәрін... бәрін... айтпақ болды(“Боран”, 69 бет).
Демі біткенше – Өмірінің соңына дейін [ ҚТФС, 148 бет].
Алыс жолға кетіп бара жатқан адамды құр ауыз жіберіп(“Боран”, 69 бет).
Құр ауыз кетті – дәм татпады, ештеңе істемеді [ ҚТФС, 365 бет].
Кенет шай құйып жатқан қыздың, саусағындағы ұсақ дірілді көзі шалды (“Боран”, 70 бет).
Көзі шалды – Байқап көріп қалды [ ҚТФС, 265 бет].
Қаламүш Жаңылдың тілін алмай боранда шығып кетіп, бір пәлеге ұшырап қалмаса неғылсын (“Боран”, 81 бет).
Тілін алмады – Ақылын алмады, айтқанды істемеді[ҚТФС, 532 бет].
Кеше ғана алақанына салып, өзі баулап өсірген баланың енді тізгінді қолына алып, өзін жетелеп кеткенін Қоспан сезбей қалды (“Боран”, 82 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |