Толымды теңеулер – теңеулік конструкцияның үш элементі (зат, образ, белгі) түгелдей болуы қажет. Бұл ұғымды алғаш енгізген Б.В.Томашевский.
Толымсыз теңеулер – толымды теңеулерге қарама – қарсы құбылыс. Мұның атынан да көрініп тұрғандай, толымсыз теңеуде бір мүше айтылмайды.
Болымсыз теңеу – бір затты екінші затқа теңегенде болымсыз ғана мағына шығарады [34, 22–35 бет].
эк тіліндегі теңеудің қолданысы төмендегідей:
Жалаң тенеу
Баяғыда әскерде, одан майданда жүргенде саптың оң қанатында тұрған еңгезердей ірі Қоспанды командирі Қасболат " Үлкен қара " деп атап кетіп еді (“ Боран”, 9 бет).
- Ал Жаңыл, бізге сақтаған сыбағаң бар ма еді? - деп дауыстап үйге де өз адамындай еркін енеді (“ Боран”, 9 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |