Сабақтың ортасы
|
Постер қорғау
|
– «Әке мен бала әңгімесі»
Баласы: – әке, маған сұрақ қойыңызшы.
әкесі: – Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы: әке, үйдің алтын қазығы – бала.
әкесі: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.
Әкесі – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: – әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.
әкесі: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Әкесі: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді.
Мақал-мәтелдер
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек (Бүқар жырау).
Әкелі жетім анық жетім,
Шешелі жетім жарым жетім.
Әкесі бардың арысы бар
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.
|
|
Интербелсенді тақта/ компьютер
|
Сабақтың соңы
|
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.
|
|
|
презентация
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Тәрбие тақырыбы
|
«Табиғатты аялайық»
|
Мақсаттары
|
Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап ,қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру. Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |