Сабақтың басы
|
Әке көрген оқ жонар,Шеше көрген тон пішер. Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық.
Әке-шаңырақтың негізгі тірегі.
Жаманнан жақсы туады,жақсыдан жаман туады-адам айтса нанғысыз.Әке-балаға сыншы.
барысы:
1.Сұрақтар
а) Немерені жақсы көретін адам
б) ..... білім бұлағы
в)Теңіз көлігі
2.(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)
«Әке» деген сөз қандай жақын,қандай ыстық десеңші!.Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар,өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат,ең қымбат адамым ол-сіз менің сүйікті әкешім.Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз.Мен сізден көп тәрбие алдым.Сіздің бақытты аман-сау болуыңызды тілеймін.
|
Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар.сол тағдырдың басты себепкері- біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам,ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да,әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.
|
|
презентация
|