Жұмысты таратпауды қатаң ескертемін! 024-2025 оқу жылы бойынша 34 тәрбие сағатына арналған жылдық тәрбие сағаты қмжсы сұрақтар болса 87053828847



бет47/52
Дата23.09.2024
өлшемі0,68 Mb.
#204960
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
2024-2025 ж бастауыш қмжсы тәрб

Сабақтың ортасы

Әдіс-тәсіл шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып қағаздарға жазылған сөздер әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.
1.Көктемде ең алғаш көктейтін өсімдік түрі? (Бәйшешек,қызғалдақ)
2. Ұлудың тісі қай жерде орналасқан? (тілінде)
3.Дүниедегі ең кішкентай құс?(Колибри)
4.Өсімдіктердің топтарын ата(ағаш,бұта,шөп)
5.Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді?Қандай?
6.Ауру таратушы зиянды бунақденелілер?(Шыбын,бүрге,кандала)
1.Күн көзіне тіке қарай алатын қырағы құс?(Бүркіт)
2. Төрт тізесі бар жалғыз жануар(Піл).
3.
Қай құс адамша сөйлей алады?(тотықұс)
4. қай құстар ұшып жүріп ұйықтайды екен (қарлығаш)

5.Жанғыш пайдалы қазбалар?(Мұнай,газ,тас көмір)
6. Киелі құсты ата(Аққу)



«Табиғатпен біргеміз!»
(Сурет қиындыларын құрастырып, тақтаға ілу).
Суреттер-күн, бұлт, өзен, тау, ағаштар, гүлдер, көбелектер, шөптер, малдар, құстар,…).
Осы суреттерден тамаша табиғат көрінісін түсірейік.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін тер төгейік.
Табиғатқа байланысты ақын-жазушыларымыздың қандай өлеңдерін білеміз? Қанекей кім айтады?






Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет