ЖұӨ-н кейбір есептеу принциптері



бет3/4
Дата10.12.2022
өлшемі84,16 Kb.
#162231
1   2   3   4
Нақты және атаулы ЖҰӨ

Енді біз, осы ЖҰӨ-ді есептеудегі кейбір принциптерді анықтағаннан кейін, мына сұрақтарды қайта қарастырайық: экономика жағдайын ЖҰӨ қаншалықты нақты сипаттайды? Қайтадан апельсин мен алма өндіретін экономиканы қарастырайық. ЖҰӨ өндірілген алма мен апельсиннің құнына тең:


ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны).
ЖҰӨ олшемі осы алма мен апельсиннің бағалары немесе санының өсуінен жоғарылайды. Осындай жолмен есептелген ЖҰӨ экономика жағдайының тура әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Ол тұтынушылар,фирмалар және мемлекет сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін тура сипаттамайды. Өндірілген өнімнің құны2 есе жоғарыласа, ал саны өзгермесе, онда ЖҰӨ де 2 есе көбейеді. Сонымен бірге 2 есе бағасы өскен тауардың саны өзгермей қалса, онда тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі 2 есе өсті дегеніміз қате. ЖҰӨ құрамында тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасы ағымдағы бағамен есептелсе, онда олар атаулы ЖҰӨ деп аталады.Экономика жағдайын нақты көрсету үшін, экономикада өндірілген тауарлар мен қызмет саны баға өзгерісінің әсеріне тиісті болмауы керек. Нақты ЖҰӨ көрсеткіші осы мақсатты көздейді, мұнда тауарлар мен қызмет құны тұрақты бағалармен өлшенеді.
ЖҰӨ нақты көлемінің есебі үшін базисті жыл, мәселен 1982 жыл таңдалады. Содан кейін барлық тауар құны 1982 ж. құнмен есептелінеді және жинақталады.Сонымен, біздің алма-апельсин экономикамыз үшіннақты ЖҰӨ 1990 жылда былай болады:
Нақты ЖҰӨ = (алма бағасы 1982 ж. х алма саны 1990 ж.)+ (апельсин бағасы 1982 ж. х апельсин саны 1990 ж).
Сол сияқты нақты ЖҰӨ 1991 ж. мынаған тең:
Нақты ЖҰӨ = (алма бағасы 1982 ж. х алма саны 1991 ж.) + (апельсин бағасы 1982 ж. х апельсин саны 1991 ж.).Яғни, баға түрақты болғандықтан, ЖҰӨ-ң нақты көлемінің шешіміне алма мен апельсин өндірісі көлемінің өзгерісі ғана әсер етеді. Сондықтан, нақты ЖҰӨ–бұл базисті жылдағы өндірілген өнім бағасының жиынтығы (яғни 1982 ж.). Халықтың материалдық тұтыну қанағаттануының дәрежесі өндірілген тауарлар мен қызметтерге тәуелді болса, онда атаулы ЖҰӨ-ге қарағанда, экономика жағдайының тура корсеткіші нақты ЖҰӨ болып табылады.
Мысалы:Америка Құрама Штаттарындағы нақты жалпы ұлттық өнім:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет