ЖұӨ-н кейбір есептеу принциптері


Сурет АҚШ-тың нақты ЖҰӨ көлемі



бет4/4
Дата10.12.2022
өлшемі84,16 Kb.
#162231
1   2   3   4
Сурет АҚШ-тың нақты ЖҰӨ көлемі

Нақты ЖІӨ көлемін зерттей отырып, соның негізінде экономика жағдайына қандай қорытынды жасауға болады?


3-суретте 1960 ж. АҚШ-тың нақты ЖҰӨ көлемі көрсетілген. Осы суреттегі 2 нәрсе ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, уақыт өткен сайын нақты ЖҰӨ көлемі жоғарылайды. 60-жылдарға қарағанда, қазіргі кезде өндіріс көлемі 2 есе жоғары. Екіншіден, нақты ЖҰӨ көлемінің өсу қарқыны тұрақсыз. Кезекті қайталанатын аралық уақыттан соң нақты ЖҰӨ-ның төмендегенін байқаймыз, мысалға 1975 ж. мен 1982 жылдағыдай. Мысалы:Америка Құрама Штаттарындағы нақты жалпы ұлттық өнім:
Мұндай кезеңдер құлдырау деген атауға ие болады.Кейінгі тарауларда біз экономикалық өсудің ұзақ мерзімді құбылысын анықтайтын үлгілер мен нақты ЖҰӨ көлемінің қысқа мерзімді ауытқуларының факторларын қарастырамыз.


ЖҰӨ дефляторы

Атаулы және нақты ЖҰӨ көлемінің негізінде біз 3-ші қажетті көрсеткішті есептей аламыз: яғни ол – ЖҰӨ дефляторы. ЖҰӨ дефляторы - баға дефляторы деп те аталады. Ол төмендегідей анықталады:


ЖҰӨ дефляторы = атаулы ЖҰӨ/нақты ЖІӨ
Сондықтан, ЖҰӨ дефляторы - атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ қатынасы болып табылады. Нақты және атаулы ЖҰӨ көлемі, ЖҰӨ дефляторы не екенін жақсы түсіну үшін, бір ғана тауар өндіретін нан экономикасына ораламыз. Кез келген жыл үшін атаулы ЖҰӨ нанға осы жылы жүмсалған жалпы ақша жиынтығы ретінде есептелінеді. Ал нақты ЖҰӨ - осы жылы өндірілген нан құнына көбейткенге тең. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз - осы жылғы нан бағасының базисті жылдағы нан бағасының қатынасына тең.Сонымен бірге нақтыөмірде экономикада әр түрлі тауарлар кең түрде өндіріледі, сондықтан нақты және атаулы ЖҰӨ-де өндіріс өнімдерінің әр түрлі көптеген бағалары мен санының көрсеткіштері көрсетілген.Апельсин және алмаөндіретін экономиканы қарастырайық. Сонда,
Р - тауар бағасы.
Q- тауар көлемі.
Индекс 82 -бұл базисті 1982 жыл. Мұндай жағдайда ЖҰӨ дефляторы мынаған тең:
ЖҰӨ дефляторы =(Р алма х Q алма)+(Р апельсин х Q апельсин)/(P82 алма х Q алма) (P82 апельсин х Q апельсин)
Алымында - атаулы ЖҰӨ, бөлімінде нақты ЖҰӨ көрсетілген, нақты ЖҰӨ көлемінде анықталған тауар жиынының құны ретінде қарастыруға болады, бұл жағдайда, осы топ өндірілген алма мен апельсин санынан түрады. ЖҰӨ дефляторы көмегімен жиынның ағымдағы бағасы оның базисті жылдағы бағасымен теңеледі. ЖҰӨ дефляторы ЖҰӨ құрамын 2 бөлікке бөлуге мүмкіндік береді:
бірінші - өндірілген өнімнің санын сипаттайды,
екінші - бағасын сипаттайды.
Атаулы ЖҰӨ көлемі = нақты ЖҰӨ көлемі х ЖҰӨ дефляторы.
Атаулы ЖҰӨ өндірілген өнімге ақшалай баға береді.
Нақты ЖҰӨ өндірілген өнім санын сипаттайды, яғни тұрақты бағамен өлшенген өндіріс көлемі (базисті жылдағы баға). ЖҰӨ дефляторы базисті жылға қарағанда есеп беру жылындағы өнімнің баға бірлігінің өзгеруін көрсетеді. .
Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. теңге)
Трансферттік төлемдер 6,0
Жалпы ішкі инвестициялар 18,4
Бизнеске салынатын жанама салық 9,0
Таза экспорт 2,2
Корпорацияның бөлінбеген пайдасы 4,9
Амортизация 8,9
Жеке тұтыну шығындары 88,2
Корпорацияның пайдасына салынатын салық 2,6
Әлеуметтік сақтандыру салымдары 0,5
Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу 9,8
Жеке табыс салығы 4,8.
a) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.
ә) Жеке жинақтардың көлемі қанша?
б) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті?
Шешімі:
a) Есепте берілген мәліметтер мен шығын бойынша ЖҰӨ-ді есептеуге болады (басқа әдістермен есептеу үшін мәлімет жетіспейді).
Y = C + I + G + Nn
Тұтыну шығындарының (88,2), жалпы ішкі инвестицияның (18,4), мемлекеттік шығындардың (9,8) және таза экспорт (2,2) көрсеткіштерін қосамыз. Осыдан ЖҰӨ =118,6. Қолда бар жеке табыстың көлемін есептеу үшін, біз алдымен таза ұлттық өнімді (ТҰӨ), содан кейін ұлттық табысты (ҰТ) және жеке табысты (ЖТ) табуымыз керек.
ТҮӨ = ЖҰӨ - амортизация.
ТҮӨ = 118,6 - 8,9 = 109,7.
ҰT = ТҮӨ - бизнеске салынатын жанама салық.
ҰТ= 109,7 - 9,0 = 100,7.
ЖТ = ҰТ - әлеуметтік сақтандыру салымдары -
-корпорацияның бөлінбеген пайдасы -
-корпорацияның пайдасына салынатын салық +
+ трансферттік төлемдер.
ЖТ = 100,7 - 0,5 - 4,9 - 2,6 + 6,0 = 98,7.
Қолда бар табыс жеке табыстан жеке табысқа салынатын салықты алғанға тең:
ҚТ = 98,7 - 4,8 = 93,9.
ә) Жеке жинақтарды қолда бар табыстан тұтыну шығындарын алу арқылы есептейміз:
S = 93,9 - 88,2 = 5,7.
б) Экономикадағы капитал қорының көлемі таза инвестициялардың ағымы есебінен үлғайды, ол 9,5 болады (жалпы инвестиция - амортизация).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет