Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба



бет48/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ

Ерекшеліктері:
· біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;
· жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;
· бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
· мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;
· қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;
· орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
· өндіріс циклының ұзақ еместігі;
· өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.
Жеке өндіріс әмбебап құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, барлық өндіріс шығындары тек қана өнімнің бір түрін ғана шығаруға жұмсалады да, жұмысшылар сол өнімді өндіруге мамандандырылады. Сондықтан жұмысшылардың біліктілігін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік бола бермейді. Сонымен бірге өндірістің циклы ұзақ болады, құн төмен болады.
Сериялы өндірісті жеке және жаппай өндірістің арасындағы аралық өндіріске жатқызуға болады. Техника-экономикалық көрсеткіштері де жоғары да айтылған екі өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерінің арасында болады. Серияның саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жаппай өндіріске жақын, ал егер саны неғұрлым аз болса жеке өндіріске жуық болады. Келісім бағамен сатылатын ерекше сәнді бұйымдар аз сериямен шығарылады. Мұндай жағдайда кәсіпорын тұтынушылармен жеке байланыста болып, экономикалық қарым-қатынасты жақсартады. Сатуға арналған өнімнің ассортименті жөнінде келіседі, шаруашылық келісімшарттар мен контракттарға отырады, ғылыми-зерттеу, жоба-констуркторлық және басқа да жұмыстарды жеделдетіп ұйымдастырумен айналысады.
Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі,яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуімен, басқару техникасының жетілдірілуімен, сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланысты болады.
Өндірістің шоғырлану деңгейін негізгі екі көрсеткішпен анықтауға болады:
1) кәсіпорынның шамасымен;
2) ірі кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес салмағымен.
Ірі кәсіпорындардың саладағы немесе бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағын анықтау үшін статистика бойынша белгілі бір интервалдарды белгілей отырып, топтау әдісін пайдаланады. Бұл интервалдардың диапазоны өндірілген өнім түрі мен сипатына, технология ерекшелігіне, қолданылатын құрал-жабдықтың қуаттылығына, кәсіпорынның техникалық деңгейіне және тағы басқа көрсеткіштерге байланысты болып келеді.
Шоғырлану деңгейін бағалағанда өнеркәсіпте өндіріс ішіндегі және сыртқы факторлардың әсері есепке алынады. Өндіріс ішіндегі факторлары ресурстарды максималды пайдаланып, өнімнің ұтымды көлемін шығарумен тығыз байланысты болады. Сыртқы факторларға көлікпен тасымалдау, шикізат базасының көлемі, мамандардың жеткілікті болуы немесе оны тарту мүмкіндігі, су ресурстары, табиғи жағдай тағы басқалар жатады.
Тік шоғырлану – бұл бір кәсіпорында шикізат өндіруден өнімді өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы. Тік шоғырлану - өндірістің шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.
Көлденең шоғырлану - өзара технологиялықбайланыспаған өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.
Капиталдың шоғырлануы – капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет