Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба


Ұйымдық құрылым дегеніміз



бет39/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Ұйымдық құрылым дегеніміз – ұйымның мақсаттарына жету үшін белгілі бір іс-әрекеттің қалай бағытталатындығын көрсететін жүйе. Бұл әрекеттер ережелер, рөлдер мен жауапкершіліктерді қамтуы мүмкін. Ұйымдық құрылым сонымен қатар компания ішіндегі деңгейлер арасындағы ақпараттың қалай жүретіндігін анықтайды. Мысалы, орталықтандырылған құрылымда шешімдер жоғарыдан төмен қарай жүреді, ал орталықтандырылмаған құрылымда шешім қабылдау күші ұйымның әр түрлі деңгейлері арасында бөлінеді.Ұйымдастырушылық құрылымның болуы компанияларға тиімді әрі бағытты болуға мүмкіндік береді.
Заманауи менеждменттің негізгі міндеттерінің бірі - кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Мұндай жүйе оңтайлы ұйымдық құрылымның көмегінсіз жүзеге аспайтыны анық. Айтылып отырған ұтымды ұйымдық құрылымға ұйымныңдамуына, біртұтас қызметіне бағытталған және өзара байланысқан бөлімдердің жиынтығын жатқызамыз. Дәл осындай құрылым ұйымның сыртқы және ішкі ортасымен тиімді қарым-қатынас орнатуға, ұйымның стратегиясына бағыттала отырып, алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Әрбір басқару құрылымы менеджменттің жалпы қағидаларына жауап беруі тиіс, оның ішінде еңбек бөлінісінің тиімділігі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі, сонымен қатар ұйымның ішкі және сыртқы ортасына сай болуы керек.
Басқару құрылымы жалпы механисттік және органикалық құрылым болып екіге бөлінеді. Механисттік құрылым бюрократиялық және нысандандырылған (формалдандырылған). Бұл құрылым тұрақты түрде жұмыс істейтін ұйымдарда қолданылады. Осындай механисттік немесе бюрократиялық құрылымдарға сызықтық, функционалдық, сызықтық-функционалдық және дивизиондық құрылымдар жатады. Ал, органикалық құрылымға сыртқы ортаның қандай да бір белгісіз жағдайына және инновацияларына бағыттала отырып басқарылатын тез бейімделетін, икемді құрылымдар жатады.
Сызықтық құрылым қатаң иерархиялық жүйе ретінде кішігірім өндіріс шығаратын шағын және орта кәсіпорындарда қолданылады. Алайда, кәсіпорын және оның өнімділігі үлкейген сайын сызықық ұйымдық құрылымды да өзгерту керек.Функционалдық ұйымдық құрылым еңбекті көлденең басқару түріне негізделеді және көбінесе ірі кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай құрылым қызметтің қайта орындалуының алдын алады. Сызықтық-функцияналдық ұйымдық құрылым сызықтық және функционалдық құрылымдардың кемшілігінің алдын алуға негізделген. Сызықтық-функционалдық құрылым көбінесе шағын және орта кәсіпорындарда қолданады. Бұл жүйенің бір кемшілігі ақпараттар ағынының жылжуының қиындығы болып есептеледі. Сол үшінсызықтық-функционалдық құрылымды қолданатын кәсіпорындарға қарым-қатынастарды басқарудың арнайыбөлімшесін құру қажет.
Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындарда ұйымдық құрылымның жаңа, икемдірек түрлері енгізілуде. Заманауи ұйымдық құрылымның бір түрі болып модульдік құрылым болып табылады. Ол бір басшылыққа бағынатын операциялық модульдер жүйесінен тұрады. Сонымен қатар, бірте-бірте желілік ұйымдардың дамуымен байланысты, олардың өзіндік икемді құрылымдары жасалына бастады. Мұндай желілік кәсіпорындар жаңа әріптестерді өзіне біріктіріп, бір уақытта өзінің жұмыскерлерін ұйымдастырып және бағыттап отырады. Желіге кіретін кәсіпорындар тікелей коммуникациялық байланыстар арқылы өзара қарым-қатынас жасайды. Бұл оларға өздерінің жүйелік қызметін оңтайлы бағыттап отыруға көмектеседі.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру үрдісі мақсаттар мен тапсырмаларды жүйелеуді, бөлімшелердің құрылымы мен орнын анықтауды, сонымен қатар оның құжаттарын, жағдайын, әдістерін өзіне біріктіреді. Аталған бүкіл жүйені үш негізгі кезеңге бөліп қарастырсақ болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет