Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба


Жалпы ұйымдық сызбаны қалыптастыру



бет40/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
1. Жалпы ұйымдық сызбаны қалыптастыру. Бұл кезеңде ұйымның негізгі сипаттамасы анықталады.
2. Негізгі бөлімшелердің құрылымын және олардың арасындағы байланысты әзірлеу. Бұл кезеңде сызықтық функционалдық және бағдарламалық нысандық бөлімдер арасында ғана емес, басқару аппаратының дербес бөлімшелері арасында да ұйымдық шешімді әзірлеу қарастырылады және сонымен бірге олардың арасында нақты тапсырмаларды бөлу мен ұйымішілік байланыстарды құру көзделеді. Дербес (базалық) бөлімшелерге мыналар жатады: бөлімдер, басқарушылар, секторлар, бюро, зертханалар) және олар сызықтық-функционалдық және бағдарламалық-нысаналық жүйешіктерге бөлінеді. Дербес (базалық) бөлімшелердің өздерінің ішкі құрылымы болуы мүмкін.
3. Ұйымдық құрылымды регламенттеу – басқару аппаратының мінездемесі мен басқару қызметінің тәртібін қарастырады. Ол өзіне мыналарды біріктіреді: базалық бөлімшелердің ішкі элементтерінің құрылымын анықтауды; нақты орындаушылар арасында орындалатын тапсырмаларды белгілеу; оларды орындау жауаптылығын белгілеу; бөлімшелер арасында басқарушылық жұмысты орындау тәртібін жасау;
Көптеген бөлімдер мен басқару деңгейлері арасындағы өзара байланыс қажет болған жағдайда органиграмма деген арнайы құжат дайындалады. Органиграмма дегеніміз басқару функцияларының орындалуының графикалық интерпретациясын өзіне біріктіретін, бөлімшелер, оның ішкі құрылымдық ұйымдары арасында және бөлек қызметкерлер арасындағы шешім қабылдау мен оны дайындау құжаты. Органиграмманы құру басқару жүйесінің құрылымдық элементтері арасында тапсырмаларды орындау барысында пайда болатын технологиялық маршруттар мен ақпараттық ағындарды оңтайландыру жүйесін үйлестіруге көмектеседі. Ол басқару жүйесін ұйымдастыруды ұйым және оның басқаруға кеткен шығындары ретінде ғана белгілейді. Көрсеткіштер бойынша тиімділікті бағалау ұйым қызметінің соңғы нәтижесін көрсететіні анық. Нәтиже ретінде көлем, пайда, өзіндік құн, күрделі жұмсалымдардың, яғни капитал құюдың көлемі тауар сапасы, жаңа техниканы ендірудің мерзімі және тағы басқалары қарастырылады.
Басқаруға кеткен шығындарға басқару аппаратын қамтамасыздандыруға кеткен ағымдағы шығындар, техникалық жабдықтарды қолдану, ғимарат пен бөлмені ұстау, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындау.
Басқару процесінің тиімділігін бағалаған кезде сандық және сапалық көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Мұндай көрсеткіщтер нормативтік мінездемеге ие. Басқару аппараттарының нормативтік мінездемесіне келесілер кіргізілуі мүмкін: өнімділік, тиімділік, икемділік, жылдамдылық, менімділік:
· Басқару аппаратының өнімділігі болып ұйым шығарған тауар немесе өңделген ақпарат табылуы мүмкін;
· Басқару аппаратының тиімділігі негізінде құрылымдалу шығыны түсіндіріледі. Тиімділікті бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылуы мүмкін: басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар, белгілі бір жұмыс түрін орындауға кететін шығын.
· Икемділік – басқарушы органның сыртқы ортада болып жатқан жағдайларға тез икемделе алуымен, сонымен қатар, шешім қабылдау, жаңа байланыстарды орнатумен ерекшеленеді.
· Басқару аппаратының сенімділігі үздіксіз жұмыс істеумен сипатталады. Басқарулық аппараттың және оның жүйешіктерінің тыңғылықтығын бағалау үшін жоспарланған тапсырмалардың орындалу деңгейін және бекітілген нормативтерлің жасалынуын қадағалаумен қатар, нұсқауларды орындау барысындағы ауытқулардың болмауымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет