Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба


Сандық зерттеулердің ерекшелігі



бет53/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ

Сандық зерттеулердің ерекшелігі: «Қанша» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндігі, зерттеліп жатқан параметрлердің таралуын бағалауды мүмкін етеді, сонымен қатар, олардың көлемін де: нарықтағы үлесін, белгілілігін және т.б.
Сандық зерттеу әдісінің артықшылығы:
Зерттеу объектіліерін үлкен көлемде қамту (респонденттер, орындар және т.б.). бірақ та қол жеткізуге қиын түсетін сегментерді (мысалы, жоғарға/төменгі қабаттағы халық) дәстүр бойынша сапалық зерттеу әдісін пайдаланады.Сұрау қатысушыларының анонимді қалу мүмкіндігі бар. Сандық сұрауды өткізуге арналған сауалнама анонимді сипатта болуы мүмкін. Сандық сұрау өткізу кезінде интервьюер респонденттің аты-жөнін, оның мекен-жайы мен телефонын біледі, бұл өз алдына интервьюерлердің жұмыстарын сапалы тексеру жүргізуге жағдай туғызады.
Сандық зерттеуді өткізу үшін сауалнамаға жинақталған сұрақтар тізімі дайындалады. Сауалнама өзінде жабық сұрақтар (ұсынылған варианттарының ішінен жауап беруді талап ететді) ғана емес, ашық сұрақтарды да кіргізеді (респоденттің ашық және толық жауап беруін жорамалдайды).
Сандық зерттеуді өткізуде сауалнама мен іріктеуді дайындау мәселесі өте маңызды болып табылады.
Сандық маркетингтік зерттеулер арқылы шешілетін міндеттер:
• Табиғи және ақша түріндегі нарықтың потенциалды және шынайы көлемін және сыйымдылығын бағалау.
• Негізгі бәсекелестер арасында нарықтық үлестерді үйлестіруге баға беру
• Тұтынушылардың негізгі сараланымдарын анықтау
• Тұтынушының тауарды сатып алуға дайындығын, тауардың нарықтағы өз орнын алудағы үрдістерін және болашағын анықтау
• Тұтынушының кейпін анықтау: әлеуметтік-демографиялық, психологиялық сипаттамалар негізінде
• Тұтынушының тауарға деген қатынасын білдіретін параметрлер негізінде өлшеу жүргізу
• Жаңа тауарды немесе қызметті тұтынып көргендер арасында қайта сатып алу жүйесін жоспарлау .
Сапалық әдістер (этнографикалық, жергілікті микросоциум талдау ретіндегі тарихи зерттеу жүргізу әдісі, оқиғалар зерттеу әдісі, биографиялық әдіс, нарративті (баяндау) әдісі ) – мәліметтерді интерпретациялау(талдау) мағынасы. Сапалық әдістерді қолдану барысында бастапқы мәліметтерді алу мен мазмұнды талдау кезеңдері арасында нысандандырылған математикалық операциялар түйіні болмайды. Ол кең түрде танымал және қолдаңбалы мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі болып келеді. Алайда, сапалық әдістер өз қатарына ақпарат жинақтайтын және өңдейтін сандық әдістер түрлері кіреді. Мысалы, құжат-талдау, бақылау, сұхбат.Д.С.Клементьев байқап кеткендей, әлеуметтік зерттеулер сапалық әдістерді тиімді орындалуы тек этикалық нормалардың әлеуметтік факторларға қарағанда басымырақ боған кезінде ғана іс жүзіне асады. Онымен қоса басқару ортасында істің шындығы жайлы туралы сұрақтарына жауап берген кезінде, нақты ақпараттар (эмпирикалық мәліметтер) жинау барысында зерттеу құбылысының сипаттамаларына жүгінгенде, әлеуметтанушы жалпы қабыданған «парасатты мағынаға», «әдеттегі логикаға» немесе діни және саяси авторитеттердің апелляцияларына сүйенбеуі қажет. Тест құру барысында әлеуметтанушы тек басқаруды ғана емес, онымен бірге манипуляцияны көздеуге бағытталған бұрмалаушылықтардан бас тартуы қажет. Әлеуметтанушыға арналған тағы да бір негіз болатын норма ол – адалдық. Бұл егер де зерттеуші қанағаттандырмацтын зерттеу нәтижелерін көрсету кезінде құпиясыз, әсерлеусіз нақты адал айтуын білдіреді. Сонымен бірге адалдыққа деген талаптар іске қатысты құжаттаманы толық түрде беруді қосады. Зерттеу нәтижелері мен әдістерді бағалайтын сынаушылар қолданатын ақпараттарға жауапкершілікті өз мойнына алу міндетті. Ол ақпаратты бұрмалаудан қорғауға және алған қорытындыларға деген сенімсіздіктергі жоюға үлкен үлес қосады.
Сапалық әдісақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бейнежурналдар және әңгімелер қолдануға негізделген.
Сапалық зерттеулер өзіне, алғашқы деректерден жиналған мәліметтерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеудің кең тараған әдістеріне фокус-тобы мен тереңдік сұхбат әдістері жатады. Олар адамдар мінез-құлқының сандық емес, сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған.Егер сандық зерттеу түрі «қанша?» деген сұраққа жауап берсе, сапалық зерттеуді қолданған кезде, біз «неге?» деген сұраққа жауап алу мүмкіндігіміз болады. Сапалық зерттеу бірінші кезекте зерттеліп жатқан праблемадғы бар, әр түрлілік пікірлерді жинауға мүмкіндік береді.
Сапалық әдістер азғана адамдардың пікірлерін негізге ала отырып, нақты бір мәселені терең талдауға мүмкіндік береді. Бұл әдістер адамдардың өздері тұрып келе жатқан жай-күйін, кездесетін қиыншылықтар мен олардың пайда болу себептерін, сонымен олар үшін маңызы зор жағдайаттарын қалай қабылдайтындарын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Сапалық әдістер икемді болып келеді. Оларды қолдану барысында ашық сұрақтар пайдаланылады, ал алынған нәтижелер мәліметтерді теру барысында жасалады. Жүйелі түрде қолданылған жағдайда олар да сандық әдістер секілді сенімді әрі ақиқат нәтижеге жеткізе алады.
Сапалық әдістер сандық әдістерден айырмашылықтарын сипаттау үшін бейресми амалды қолданады, олар көбіне зерттеу жүргізу уақыты, шарттары, зерттеушінің тәжірибесі, білімділігін, тіпті оның өмірге деген көзқарасы мен мәлімет берген адамның көңіл-күйі секілді ішкі және сыртқы факторларды негізге ала отырып, холистикалық көзқарасты басшылыққа алып отырады.
29. Ұйымның бизнес-жоспары туралы түсінік. Бизнес-жоспардың құрылымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет