Жоба: «Ұлттық құндылықтар»



бет14/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

7-ші конверт «Шашбау»
Ойын: «Артық затты тап»
1.Сырға, моншақ, сақина, білезік, алма
2.Бұзау, лақ, қозы, жүзік
Балалар өте жақсы тапсырманы орындадыңдар.
Әже сіздің қоржыныңыз дайын болды.
Әже: Балаларым сендерге көп рахмет! Мен енді тойға барайын. Көмектескендерің үшін алғысым шексіз. Өмір жастарың ұзақ болсын! Менің сендерге тәттілерім бар, ала қойыңдар.
Айару:
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз,
Балалар:сау болыңыз әже!
әже сау болыңыз, көмек керек болса біздің балаларға келіңіз.Сау болыңыз.
Әже шығып кетеді.
Балалар бізге кім көмек сұрап келді?Әже не әкелді? Әшекей бұйымдарға нелер жатады? Қандай тапсырмалар орындадыңдар?Қай тапсырма сендерге ұнады?Қандай тапсырма қиың болды?
Егер сендерге сабақ ұнаса өз ойларыңды белгі бойынша көрсетіңдер.
Қорытынды:сұрақ-жауап



«Бесікке салу» ойыны
Тақырыбы: Бесік
Мақсаты: балаларға бесік жайлы мағлұмат беру және тәжірибелік біліктілігін арттыру.
“... Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою - өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
... Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам,





«Жайлауда» ойыны
Жайлауда
Атам биыл мені де,
Алып барды жайлауға,
Құлындар тұр желіде,
Биелер түр байлауда,
Бұлағын да ұнатам,
Қыранын да ұнатам,
«Жылда жылда» жайлауда, Апарам - деп жүр атам. жайлау бейнесін, көрінісін бейнелейтіндерін айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп түсіндіреді.
Ш и тоқу әдістерін көрсету.
Ши тоқу (орау)— бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б.) кеңінен пайдаланылады.
Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған аң ши ді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады.
Тақпақтар;



Сағақты кереге 
Шаңырақ біреу, 
Шаңыраққа сексен уық болар тіреу 
Алты қанат боз үй дейсің мұны, 
Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу. 
Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң, 
Крегенің басында адалбақан 
Төрдегі текеметке малдас құрып 
Көнен хикаясын шертер атаң. 
Іргеден маңдай төсеп еспе желге 
Қымыз іш 
Сырқат қалмас еш денеңде. 
Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық 
Артық мүлік болмайды көшпелі елде. 
Тап-таза, 
Ететұғын ауасы жас, 
Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас. 
Жылы, жеңіл 
Тігуі, жығуы оңай 
Үй басуды үйренер зерделі жас.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет