Жоба: «Ұлттық құндылықтар»


Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар»



бет2/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар»
Мақсаты: Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады. Осы орайда бала өміріне маңызды ұлттық тәрбиені жандандыру.
Міндеттері:

  • Балаларға ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат беру.

  • Берілген ақпаратқа талдау жасай білу қабілеті.

  • Балаларға ұлттық құндылыққа деген құрметі.

Жобаның өзектілігі:
Балаларға ұлттық құндылықтар туралы мағлұматтар беріп, рухани адамгершілік-қасиеттерін дамыту. Тарихын сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.
Жобаға қатысушылар: Қазақ тілі пәні мұғалімі Шукирбаева Жадра Аликовна және мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері.
Жобаның түрі: танымдық – ақпараттық саяхат.
Жобаның мерзімі: 9 айлық жоба
Өнімі: презентация (слайд).
Жобаның болжамы:
-Ұлттық құндылықты бойына игерген тұлға қалыптастыру;
-Ұлт болашағы мен ел тағдырын келешек ұрпақ қолына сенімді етіп тапсыру;
-Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу;
-Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығы тұрақты сақтау.
Жобаның жоспары:

  • Ұлттық қазақи үй/ Киіз үй/ - 3 ай

  • Ұлттық аспаптар / Домбыра/ - 3 ай

  • Ұлттық ас /Құрт/ - 3ай

  • Саяхат.

  • Ата-аналармен жұмыс.

  • Видео ролик.

  • Слайд

  • Шығармашылық жұмыс

  • Қорытынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет