Үш айлық тақырып: «Киіз үй»
Кіріспе бөлім:
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киіз үйімен таныстырып, оның қалай, неден жасалатыны жайында толық мағлұмат беру. Балалардың ұлттық мұраларға және ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Білімділік міндеті: Балаларға киіз үй туралы толық түсінік беру. Халық педагогикасы мен ұштастыру, әдет- ғұрыпымен таныстыру, киіз үйдің ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық міндеті: Балалардың ой- өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мінез- құлқын қазақтың әдет- ғұрып, салт- дәстүріне үйлесімді қалыптасуын дамыту. Шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік міндеті: Балалардың бойына ұлттық, имандылық- инабаттылық тәрбие беру. Еәбекті сүюге, үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу.
Қолданылатын әдіс- тәсіл: Сұрақ- жауап, ойын, суретті көрініс, әңгімелеу,саяхат.
Көрнекілік құралдар: Киіз үйдің суреті, жабдықтары, бөліктері, үй жануарларының суреттері, малдың жүндері, үй жиһаздары, альбом, буклеттер.
Алдын- ала ата- аналармен жұмыс: тақырыпқа сай материалдар жинауға көмектесу, оқу қызметітің мақсатымен таныстыру, ассистент болуға шақыру. Үйде балаларына осы тақырып бойынша жұмыстар жүргізу.
Киіз үй қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Ол сонымен қатар қазақ
халқының материалдық мұрасының бірі ғана емес бірегейі болып бағаланады
Қазақтың киіз үйі – қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. Ол әр қазақ баласы үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы.
Киiз үй — жер шарының жарты моделi іспеттес. Себебі бұл дүниедегі барлық нәрсе шар тәрізді, ғалам да. Ал киіз үй – адам өмірінің бұл жақтағы да жартысы. Жаратылыстың мызғымас заңының негізі – бар нәрсе шар тәрізді ұсақ бөлшектерден тұратын болса, бар тіршілік негізі – шар тәрізді форма болатын болса, киіз үй шардың жартысы, сол форманың бірінші бөлігі.
Менің бұл тақырыпты таңдауыма ата-бабамыздан қалған мұра – киіз үй туралы бала бойына сіңіру қажеттілігі себеп болды. Өйткені, кешегіні білмей бүгінгінің қадірін түсінбейді. Бірақ қазіргі күні киіз үй туралы жеткілікті түрде насихатталмай жүр. Сол себепті кейбір қазақ балалары киіз үйді тек көшпенділіктің белгісі ретінде қабылдайды. Негізінде ол ертедегі тұрмысымыздың ажырамас бөлігі, сәулет өнеріміздің бастауы, қолөнеріміздің дамығандығының көрсеткіші.
Бұл мәселені шешу үшін балаларға толық мағлұмат беру керек деп ойлаймын. Киіз үй жобасында тұрғызылып, оның ішінде қазақ тарихы, тұрмысы көрініс тапса. Сонда балалар киіз үйді ата-бабаларымыз сияқты қастерлеп, рухани құндылықтарды құрметтейтін болады деген үміттемін.
Айлық жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |