Жоба: «Ұлттық құндылықтар»


Тақырыбы: «Зергер әже қонақта»



бет12/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

Тақырыбы«Зергер әже қонақта» /сюжеттік рөлдік ойын/
Мақсаты: Балалардың санау,апта күндерін атау,логикалық ойындарды ойнау, үй жануарларының төлдерін табуға, геометриялық пішіндерді қолданып, моншақ құрастыруға үйрету.
Зергерлік бұйымдар,қоржын туралы ұғындыру,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қызықты тапсырмалар,ойындар арқылы балаларды тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
Әжеге көмектесе отырып,адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру ,әңгімелеу ,сұрақ-жауап ,жұмбақ,слайд.
Сөздік жұмыс: қоржын, зергер, бұйым, білезік.
Билингвальді компонент: зергер-ювелир, білезік-браслет, бұйым-изделие.
Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты,
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң балалар!
Балалар жартылай шеңбер жасайық.
Біз талапты баламыз,
Оқып білім аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбері;
Жақсылыққа бақытқа,
Талпынған әр уақытта,
Бала біт.кен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл
Ақпыз,қара,сарымыз,
Ағайынбіз бәріміз.
Балалар отырады.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің неше айы бар?
Күз айларын атап шығайық.
Қазір қандай ай?
Өте жақсы жауап бердіңдер.
Музыка әуенімен есікті қағып, әже келеді.
Амансыңдар ма балаларым ?!
Балалар: Сәлеметсізбе әже?!
Қош келдіңіз әже! Төрлетіңіз! Неге көңілсізсіз?
Әже:Мен балалардан мына қоржынды зергерлік бұйымдармен әшекейлеп берулерін өтінемін.Тойға шашу қоржынын апарайын деп едім.Көмектесесіңдер ме?
Әжелер шілдехана,тұсау кесер,сүндет той т.б.тойларға шашуға қоржын жасап апарады.Қоржынның ішіне шашуға мата, тәттілерін салса, ал сыртына тарату үшін зергерлік бұйымдарын, әшекейлерді қоржынға тағады.Балалар әжемізге көмектесеміз бе? Сізге арнап балалар тақпақ оқып береді
Еркелетіп күнде сен,
Ертек айтып бересің.
Құлыным деп бір иіскеп,
Еркелетіп келесің.
Тойға барсақ болғаны,
Есіңе мені аласың.
Тәтті-тәтті заттарды,
Маған арнап қоясың.
барысы: -Әже сіз отырыңыз. Балалар сізге көмектеседі.
Слайд көрсету. Сұрақ-жауап.
Балалар мына конверттердің ішінде зергерлік бұйымдар бар ,оларды алу ушін ішіндегі тапсырмаларды орындауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет