2. Негізгі бөлім. 2.1. Қазақстанның жеті кереметі Әрбір халық өз жерінде пайда болған адамзат мәдениетінің асыл да бағалы құндылықтарына жататын ескерткіштерді түгендеп, ардақтауы тиіс. Жоғарыда аталған кереметтерден еш кем түспейтін қазақ жерінің де жеті кереметі бар. Олар: Таңбалы тас суреттері, домбыра, киіз үй, «Алтын адам», Маңғыстау жер асты мешіттері, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Астана-Бәйтерек кешені. Енді осыларға қысқаша тоқталып өтсек.
Таңбалы тас суреттері – дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген қауымдардың барша таным-түсінігінен хабар беретін аса көрнекті археологиялық ескерткіш. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
Алтын адам – әлемге әйгілі сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрыптары, мәдениетін көрсететін тарихи мұра. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.
Маңғыстау жер асты мешіттері – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды.
Астана-Бәйтерек кешені – Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан заманауи монумент.
Киіз үй – қазақ тарихындағы ең бірінші сәулеттік құрылыс
Домбыра– «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» бекер айтылмаса керек. Қазақ өнеріндегі асыл мұраларымыздың бірі және бірегейі.
2.2. Теориялық негіздеме: Қазақ халқының кейбір ән- күйлері кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен.
Домбыраның шығу тарихы.
Домбыра – асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай айлап қақ төріне ілген, ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптарының бірі. Қазақ халқының төл аспабы – домбыра көп уақыттан бері өзінің негізгі құрылысын, түрін сақтап келеді. Домбыра қалай, қайдан пайда болды? Деген сұраққа қазақ аспаптанушылары:
«Ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды» , деп жауап беріп келеді. Біздің көз алдымызға домбыраның мынадай даму кезеңдері келеді:
1. Ұрмалы аспап. 2. Көне ішекті аспап. 3. Шертер. 4. Домбыра.
Домбыраның түрлерін талдау.
Домбыраның басқа да түрлері бар. Әр түрлі домбыра үлгілері бар жердің ерекшелігіне қарай: