1. Кіріспе 1.1. Жобаның тақырыбын таңдауға негіздеме: «Ойлау таңданудан басталады». Аристотель Мен, Жадыра Аликқызы таңданудан жалықпаймын. Таңдану арқылы түрлі ойлар пайда болады, сұрақтар туындайды. Қоршаған ортаны, әсем ғимараттарды,ұлттық аспаптарды тамашалағанды кез-келген бала ұнатады. Балаларға бәрі қызық болып көрінеді. Құпиясы көп, ерекше әдемі заттарды қызықтап, жасалуын, құпия-сырын көрсеткім келіп тұрады. Кітаптардан, теледидардан көріп жүрген керемет ғажайыптарға таңдана отырып, сырын зерттеп, тереңірек бүлдіршіндерге үйреткім келді. Әлемнің әйгілі жеті кереметі бар екенін білемін және қазақтың да жеті кереметі туралы тереңірек зерттеп, болашақ ұрпаққа ұғындырғым келді. Біздің елімізде де тамаша кереметтерге жататын дүниелеріміз бар. Тарих тереңінен бастап, қазіргі монументтерге дейін оқып балаларға таныстырдым. Ең ғажайып музыкалық аспап – домбыра туралы көп сырды ашып, балаға ұғындыру.. Сондықтан «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» деген тақырыпты таңдап, жоба әзірледім. Жобаның негізі – мәдени мұраларымызды аша отырып, жаңа кереметке тоқталу.
1.2. Жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған “Домбыра” құпиясын зерттеп, сырына қанығу.
1.3. Жұмысымның міндеттері: 1. Әлемнің жеті кереметі және қазақтың кереметтері туралы әдебиеттермен балаларға таныстыру.
1. Қазақтың жеті кереметі саналатын заттардың тарихын зерттеп, қызығушылығын арттыру.
2. Домбыраның шығу тарихы құрылысы, ішкі және сыртқы көрінісі туралы мағлұмат жинау.
3. «Киелі домбыра» макетін жасау және осы негізде өзімнің арман-жобамды құру.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1. Әдебиеттермен және ақпаратпен жұмыс жасау.
2. Материалды өңдеу, дайындау.
3. Макет әзірлеу.
4. Жобаны қорғау.
5. «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» тақырыбына презентация дайындау.
1.5. Қажетті ресурстар:
1. Анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар.
2. Ақпараттық-компьютерлік техника.
3. Интернет-ресурстар.
4. Макет жасау үшін материал.
5. Жобаны жинақтау папкасы.