Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 2016ж 12 тамыз №499.
2.Бастауыш мектеп. «Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысының жазылу реті»а.Аңсабаева 7, 2009 жыл
3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, «Ұлттық тағам- ұлт мақтанышы»Г.Мұрынова. 4. 2003 жыл
4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.
«Қазағымның дәстүрлері -ай»С.Хуатай.-11, 2010 жыл
5.Сен білесің бе энциклопедиясы «Ыдыс- аяқ жасау өнері»Алматы :
«Аруна баспасы»
6.Хрестоматия. «Қарлығаш оқу – әдістемелік кешені»-Астана:«Арман -ПВ»баспасы,2011 жыл.
7.Ана тілі . Алматыкітап баспасы -2012 . Малта. 133 бет.
Практикалық бөлімі
Құртты кептірудегі пішін түрлері:
Құртты кептіру үшін әр түрлі пішінге келтіреді.Оның негізгі түрлері –күлше, сықпа, шүйірмек, жарма.
Құрт жасауда біз өзіміздің « Ақ тиін» тобында өткіздік.Балалар қолдарынан келгенше дөңгелек,сопақша түрінде жасады.
Күлше-күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп(уысқа сиярлықтай) домалақтайды.Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөңгелек пішінге келтіреді. Күлше ұзақ сақтау үшін жасалады.Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп,керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді.Оны ауыстырып отыру әдісімен әбден кептіру керек, әйтпесе көгеріп кетеді.
Сықпа-сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып, төрт саусақтың бүгіуіне салып сығып жасайды.
Шүйірмек-шүйірмек құртты жасағанда құртты екі саусақтың бүгіуіне салып,екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Бұл құрттың пішіні тез кебеді
Жарма- құрттың тағы бір түрі .Жарма құртты негізі үлкендеу етіп алып оны түзу жерге қойып, қатты жіп немесе кендір жіптің көмегімен бөліп жарып, төрт бұрышты пішінге салады..Ол ұзақ кепкенімен дастарханның көркі.
Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
Қ ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Достарыңызбен бөлісу: |