Жоба: «Ұлттық құндылықтар»



бет26/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

Мақсаты:
Балаларды қазақтың ұлттық тағамы мен таныстырып,оның қайдан алынатынын,қалай жасалатынын түсіндіре отырып,дәмінің қандай тіл үйретінін көрсетіп,мәңгілік жадында сақтап жүруіне көңіл бөлу.
Балалар көрсе қызар не алғысы келсе соны ұстап көріп,не жегісі келсе дәмін татып көріп,өз ойына келгенді істейді.Сондықтан баланың өз ойын білу керек.Сонда ғана бала есте сақтай алады.

Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.


Теориялық бөлім

Қазақтың ұлттық тағамы –құрт.Құрт- малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.Ата- әжелеріміз құрттың қуаты талай аштықтан сақтаған деген.Құртты сиыр,қой, ешкі сүтінен алуға болады.Ал біздің бүгінгі жұмысымыз әрине сиыр сүтінен құрт өнімін дайындау тәсілдерін айтып ,жеткізу.Бүгінгі күнге дейін сүт өнімінен жасалатын құртты әркім әр түрлі әдіспен дайындайды.
Осы әдісті мен балабақшада ересек топтарда көз жеткіздік.Бірінші балаларға ол сүт бізге қайдан келетіні жайлы тексеріп,мақта қыз ертегісін пайдаландық.Балалар өздерінің көзі жеткенсін ары қарай зерттеуді жалғастырды.Сүттен іркіттің пайда болатынын білді.Оны ары ірітіп құртқа айналдырды.Дәмін келтіру үшін дәмдеуіш қосты.Оны доңгелек тәріздес жасады.Содан кептіріп таза болу үшін арнайы орағышқа салды. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей,қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
1-тәсіл:Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі.Сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады.Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да,іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады.Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін,ернеуін қырып,әлсін- әлсін араластырып отырады.Құрт кайнап әбден қойылған соң қапқа құйып,керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады.Құрт қапта бір тәулік тұрған соң суы әбден сарқылып құрғайды.Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап өреге жайып кептіреді.
2-тәсіл:Сауылған сиыр сүтін қақпағы жақсы жабылатын ыдысқа, не ағаштан жасалынған бөшке болуы мүмкін, не үлкен 40-50 литрлік ыдысқа құяды. Күннің астына немесе жылы жерге құйылып қойылған сүт ашып, қоюы іркітке, ал сұйығы сарысуға айналады.Әбден ашыған сүттің қою іркіті ыдыстың бетіне көтеріледі.Астында одан бөлінген сарысу қалады.Сондықтан ағаш бөшкеге жиналған іркіт болған жағдайда бөшкенің төменгі жағынан сарысу ағызатын арнайы шүмек тесіп қояды.Сол шүмекті ашып – жабу әдісімен сарысу ағызылып алынып ,ал қою іркітті қазанға салып,отқа қойып бабымен қайнатады. Ал ыдысқа ашытқан іркіттің қоюын екінші ыдысқа сүлгімен сүзіп алып,сарысуынан ажыратамыз.Қазанға іркітті құймас бұрын қазан түбіне және ернеуіне кез- келген жеуге жарамды майдан жағып қойса қазан түбі жабыспайды және майланған ернеуінен асып төгілмейді.Қазан астына жағылған оттың бабы тәтті және біркелкі құрттың пісуіне әсер етеді.Сарысуынан әбден айырылған және ашуы жеткен іркіттің қоймалжыңы құртқа тез айналады,Дайын құртты қазаннан таза қапқа немесе сүлгіге аударып алып 10 сағаттай ашаға іліп немесе үстіне ауыр зат бастыру арқылы суын әбден сарқылтамыз.Одан соң дайын құртты өзіңізге ұнаған пішінмен кептіріп аласыз.Оны кептіру үщін жылы жел, ыстық күн керек.Біз құрт жасау жолдарын балабақшада н бастадық .Алдымен балаларға түсінікті болу үшін Мақта қыз ертегісін алдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет