Жоба: «Ұлттық құндылықтар»



бет24/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

3. Қорытынды

Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата- бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшаң- теңіз. Ата- баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп білу, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал- сері, тігінші, өрімші, балгер- бақсы өтті. Зерттеу жұмысы барысында келесі қорытындыға келдім:



  1. Әдет- ғұрыптар, ұлттық құндылықтар, ана мен бала арасындағы мейірімділік қасиет адам бойына домбыра арқылы сіңіріледі.

  2. Домбыра жасау технологиясын қазіргі заманға сай жетілдіру.

  3. Қазақтың ұлттық бұйымдарын безендіруде эстетикалық маңызы зор.











Қазақ дәстүрі тек ата-ананы еммес жалпы адамды сыйлауға баулиды.
Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын және жасалу технологиясын зерттеуге арналған. Мені қазақ құртының жасалу әдістері қызықтырды. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі – сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағым келді. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрттың дәмі ащы болғанмен жеуге сүйкімді тағам. Қазақ құртты тамақ есебінде, әрі шөл басуға да қолданады. Ол көбінесе қысқы азық есебінде ерте әзірленеді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңіл ас қатарына жатады.
Мен зерттеу барысында кітаптардан, ғаламтордан құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадым. Сонымен қатар балабақшадағы балалармен зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде өз тобымның арқасында құрттың пайдасы мен жасау әдістерін қаншалықты деңгейде білетіндіктерін анықтадым. Құрт туралы балабақша балаларына толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен осы жобаны ұсынып отырмын.


Жоба мақсаты: Бірлесіп жұмыс жасау мақсатында ұлттық тағам –құрт жайлы ұғымдарымызды кеңейту.Шығармашылық ойларымызды дамыту.Тәжірибе жинақтау үшін жан-жақты ізднеуге ұмтылу.Таңдап алған жұмыстарымызды үлкен нәтижеге жеткізуге жауапкершілікпен қарауға баулу. Жұмысты талдай білуге үйрену. Ұлтымыздың тағамдарының құндылығын біле отыра,қастерлеп пайдалануға үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет