Ы с т ы қ қ ұ р т. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
С ы қ п а қ ұ р т. Мұның кайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
Е з г е н қ ұ р т. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.
А қ м а л т а . Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұ н т а қ қ ұ р т. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
К ұ р т - м а й .Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп аталады. К ұ р т - к ө ж е. Сорпаға, көжеге құрт езіп ішу қазақ арсында көп тараған және ол кенеулі, күшті, қадірлі ас.
Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін,ал сықпа мен шүйірмекті жазды күні,күзде шайға салып немесе жәй жеу үшін дайындайды.
Сіздер көрген боларсыздар құрттың кейбіреуі ақ түсті, ал кейбіреуі-қара түсті болады. Ал оның сырын бірі білсе , бірі біле бермейді.
Ақ құрт-ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп,майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады.Кейде аздап тұз қосып кептіреді.Ақ құрт көбіне жазда , күз мезгілдерінде желінеді.
Екінші -қара құрт.Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай майын жартылай алады немесе алмай қайнатылады. Қара құртты көбінесе қыста езіп, дәмді құрт көже дайындайды.Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |