Жоба: «Ұлттық құндылықтар»


Ата-аналарға берілген кеңес



бет31/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

Ата-аналарға берілген кеңес
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы
күш-жігерді біріктіру арқасында
мұғалімдер балаларға үлкен адамдық
бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский

Мақсаты:
Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни не бір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жәнеде салт-дәстүр екені сөзсіз.Мен өз тобымның ата-анасына яғни «Ақ тиін» ересек тобының ата-аналар кеңесінде осы қазақтың тағамы құрттың адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі, құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ, ақуызға өте бай. Сондықтан, ол құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор.Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек-тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар. Сондай-ақ, В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады.
Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет