Жоба паспорты Жобаның атауы: Оқу үдерісін жоспарлау Жоба жетекшісі



бет2/5
Дата26.12.2023
өлшемі109,78 Kb.
#199502
1   2   3   4   5
Байланысты:
оқу үдерісін жоспарлау жоба

Оқу жоспары – бұл оқу орындарының берілген түрдегі оқу-тәрбие процестерінің уақыты мен мерзімін, жүйеліліктерін, түрін, көлемін, мазмұның анықтайтын мемлекеттік құжат.
Бұл құжатта көрсетілген оқу пәндерінің тізімі, оларды үйрену жүйелілігі, әрбір оқу пәндерін оқытуға бөліп берілген сағаттар саны, консультация және емтихандар, сонымен қатар емтихандардың тізімі әрбір оқу тобы үшін міндетті болып табылады.
Кең мағынада оқу жоспары дегеніміз – оқыту процесін және мазмұның белгілейтін барлық оқу-бағдарламасының құжаттануын айтамыз. Оқу жоспары оқу орындарының түрін, оның мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың олардың оқу мерзімін анықтайтын мемлекеттік құжаттардың негізінде жасалады.
Оқу процесін жоспарлау тақырыптық және сабақ жұмыс жоспарларын дайындауға бөлінеді. Мұндай жоспарлар әр түрлі әдістемелік журналдарда үнемі жарияланып отырады. Сабақ жоспарларында мұғалім міндеттерді қояды (танымдық, дамытушылық және тәрбиелік), сонымен қатар жаңа материалды игеру кезінде, өткенді қайталау және бекіту кезінде қолданылатын негізгі сұрақтар, сыныптағы практикалық іс-әрекеттерге арналған жаттығуларды, үй тапсырмасына арналған тапсырмаларды және пайдаланылатын оқу материалдарын белгілейді.

I Бөлім. Оқу үдерісін жоспарлаудың негізі



    1. Ұзақ,орта,қысқа мерзімді жоспарлау

Оқу жоспары ұзақ, орта және қысқа мерзімді сынып жоспарлары болып 3 ке бөлінеді.
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арасында өте тығыз байланыс бар.
Ұзақ мерзімді жоспарды құру кезеңінде мыналар анықталады: білім беруді дамытудың жалпы принциптері (оны дамыту тұжырымдамасы); негізгі бағыт және даму бағдарламалары; қойылған білімдік мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің мазмұны мен реттілігі.
Ұзақ мерзімді перспективада оқу тақырыптары бір оқу жылына арналған. Бөлімдер ішіндегі сағаттардың бөлінуі мұғалімнің қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін.Күтілетін нәтижелер түрінде (сөйлеу және коммуникативті дағдылар) сынып бойынша тізімделген оқу мақсаттары әр сынып ішінде әр тоқсанда дәйекті түрде ұйымдастырылады, бұл мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет