Мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоба болып бөлінеді.
Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетіменізденетін, дербес іс-əрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі болып табылады. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында əркезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-əрекеті. Конфуцийдің « естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын , өзім істегенімді – меңгеремін» - дегені бұл технологияның негізгі ұстанымы.
Физика сабағында жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсатым – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыс жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр-түрлі жағдаяттарда, әр-түрлі ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдап,оны дұрыс жоспарлай білсе және оны орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр-түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр-түрлі адамдармен тіл табыса отырып әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Сонымен жобаның тиімділігі – көзбен көріп,құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға,шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеу.
Осы жобалау технологиясын қолдануда оқушыға берілетін 10 бағыт:
Өз бетімен ойлану
Өз-өзіне сұрақ қою
Айналасындағы адамдермен пікірлесу
Кітаптан қарау
Интернеттен қарау
Бақылау
Материал жинау
Қорытынды жасау
Презентация
Рефлексия «соңғы сөзі»
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқу процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциялдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. Қорыта айтқанда, интегралдық жобалау әдісінің ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады,қосымша материалдарды қолданады.
Мектептің ақпараттық – білім кеңістігін дамытудың төмендегідей артықшылығы бар:
Әдістемелік – оқу-тәрбие процесіне қатысушылар өз уақытын өз өз тармағына сай пайдаланады. Құжаттармен жұмыс істегенде уақыт үнемдейді.
Ақпараттық – жаңа бағдарламаларды, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге мүмкіндік алады.
Байланыстылық – оқу процесіне қатысушылар: әкімшілік-мұғалімдер, оқушы-ата-ана арасындағы тығыз байланысқа мүмкіндік туады.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей қорытакелгенде өз сабағымда жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екендігіне көз жеткіздім:
Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
Әр оқушы өздігінен ізденуге, жұмыс істеуге дағдыланады;
Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана,өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден –бір жолы. Оқыту үдерісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.