Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқару түсінігі


Жоба және жобаларды басқару анықтамасы.Жобаның ерекше белгілері. Жобаларды басқару функциялары



бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі35,66 Kb.
#98639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоб классиф

Жоба және жобаларды басқару анықтамасы.Жобаның ерекше белгілері. Жобаларды басқару функциялары. 
Жоба – бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі. 
Жоба – бұл нәтиже беретін үдерістер жиынтығы, ал нәтижелер сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша адам ресурстары және қаржылық материалдық ресурстарға қатысты құн мен уақыт шығындарына, белгілі бір нақты түрмен бекітілген спецификацияларға сәйкес ұйымдастырылады. 
Жобаның ерекше белгілері: 
–нақты мақсат; 
–ішкі және сыртқы өзара байланыс; 
–жобаның бекітілген басталу және аяқталу мерзімі; 
–шектелген ресурстар; 
–мақсаттың бірегейлігінің белгілі дәрежесі (жаңалығы); 
–орындалу үдерісінде әр түрлі шиеленістердің болуы.
Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы. 
Жоба құрылымы- бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді: 
–жұмыстың жалпы бағдарламасы, 
–мақсат ағашы, 
–ұйымдастыру құрылымы, 
–штаттағы қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу матрицасы, 
–ресурстарды бөлу ағашы, 
–тәуекелдік пен құн ағашы.
Жобаны басқару функциялары: 
–жоспарлау, 
–бақылау, 
–талдау, 
–шешімдерді қабылдау, 
–жоба бюджетін жасау және сүйемелдеу, 
–жүзеге асыруды ұйымдастыру, 
–мониторинг, 
–бағалау, 
–есеп беру, 
–сараптама жүргізу, 
–тексеру және қабылдау, 
–бухгалтерлік есеп, 
–басқару. 
Жобаны басқарудың ішкі жүйелеріне кіреді: 
–жұмыстың мазмұны мен көлемін басқару, 
–уақытты басқару, 
–құнды басқару, 
–сапаны басқару, 
–сатып алулар мен жеткізілімдерді басқару, 
–ресурстарды бөлуді басқару, 
–адам ресурстарын басқару, 
–тәуекелдікті басқару, ресурстар қорын басқару, интеграциялық басқару, ақпарат пен коммуникацияны басқару. 
Жобаны басқару әдістерінің мүмкіндіктері: 
–жобаның мақсатын анықтауға және оның негіздемесін жүргізу; 
–жобаның құрылымын айқындау; 
–қаржыландырудың қажет көлемі мен көздерін анықтау; 
–орындаушыларды конкурс арқылы таңдау; 
–келісім-шарттарды дайындау және келісімдерге отыру; 
–жобаның орындалу мерзімін анықтау, оны іске асыру графигін құруға, қажет ресурстарды есептеу; 
–жобаның сметасы мен бюджетін есептеу, тәуекелдікті жоспарлау және ескеру; 
–жобаның орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету. 
Жобаны басқару әдістері: 
–желілік жоспарлау және басқару, 
–күнтізбелік жоспарлау, 
–логистика, 
–стандартты жоспарлау, 
–құрылымдық жоспарлау, 
–ресурстық жоспарлау, 
–имитациялық модельдеу және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет