1. Ақпараттық жүйелер жобаларын басқару қызметінің түрлері.
2. Жобаның өмірлік айналымы анықтамасы және фазалары мен сатылары.
3. Программалық өнімнің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелер жобаларын басқару қызметінің түрлері. Өнімнің және оның өндірістік үдерісінің сипаттамаларын өлшеу. Басқарушыға өндірістің өнімін және оны құру үдерісін түсінуге мүмкіндік береді. Құрастырушылардың еңбек өнімділігін және өнімнің сапасын анықтаудың тура және қосымша өлшемдері жобаны жоспарлау және жоспардың орындалу барысын бақылау үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Жаңа жобаны бағалау мен жоспарлау мақсаттары үшін бұрынғы жобаларды құру жөніндегі тарихи деректер қажет. Осы деректердің негізінде жұмыстағы келеңсіздіктерді жою, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін анықтау, жаңа өнімнің сапасын бағалау бойынша басқару шешімдерін қабылдау өлшемдері үшін қолданылатын базалық бағыт қалыптасады. Ақпаратты-программалық өнімдерді құру кезінде бұйымның өлшемі мен функционалды қызметіне бағытталған өлшемдер қолданылады.
Жобаның еңбек өнімділігін және құнын бағалау. Жобаны тиімді жоспарлау үшін жобаны құрудың еңбек өнімділігін,жоба жұмыстарының орындалу ұзақтығын, орындалу құнын бағалайды.
Орындалған жобалар жөніндегі деректерді жинау және талдау. Нәтижелерді талдай және деректерді бір-бірімен салыстыра отырып, жобаның дұрыс бағалануы үшін бірнеше әдістерді қолданады. Әдістердің негіздері:алдымен өнімнің алғашқы өңделмеген нұсқасы анықталады – алғашқы деректер ретінде бұрынғы жобалардың тарихи деректері мен сараптама бағалары қолданылады; жоба бөлімдерге бөлінеді, олардың әрқайсысы жеке-жеке бағаланады – жеке бағалардың негізінде бүкіл жобаның бағасы анықталады.
Көрсеткіштер:
–Жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы
–Еңбек трудоемкость (жұмыс көлемі)
–Жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны (орындалу үдерісі)
–құны (шығындар мен жоба нәтижесінің қатынасы)
–коммерциялық тәуекелдік
–өміршеңдік қабілеті
–бәсекелестікке қабілеті
–қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі
Жобаның орнықты сипаттамалары (қасиеттері):
–жаңалығы
–заманауилығы
–кешенділігі
–жүйелілігі
–сенімділігі
–техникалық жүзеге асуы
–пратикалық жарамдылығы және т.б.