Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқару түсінігі


Жоба жоспарын құру және талдау әдістемесі



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі35,66 Kb.
#98639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоб классиф

9.Жоба жоспарын құру және талдау әдістемесі.
Жоспарлауға жалпы бағыттама мына түрде болады: 
– есептер тізімін жасау; 
– жұмыстың орындалу графигін құру; 
– талап етілген ресурстарды бөліп алу; 
– жауапкершіліктерді бөлу; 
– есептер арасындағы тәуелділікті анықтау; 
– есептерге тұлғаларды тағайындау; 
– есептің орындалу мерзімін анықтау; 
– нақты есептермен байланысты тәуекелдікті бағалау; 
– қиын жолдардан шығуды табу; 
– басқарудың инфрақұрылымын құру; 
– шығындарды бағалау. 
Жоба жоспарының құрамы: 
– есептер; 
– ресурстар;
– бағыты. 
Есеп – нәтижеге жету үшін жоба көлемінде орындалатын жұмыс. Бақылау ыңғайлы болу үшін жұмыстар фазаларға және топтарға біріктіріледі. Фазалардың жиынтығы өмірлік айналым деп аталады. Жоба жоспары неғұрлым бөлшектенген болса, соғұрлым жоспар нақты болады, әр жоба фазасы аяқталғанда нәтижені талдау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі. Кей жағдайда келесі фазаға өту ерте болуы мүмкін. 
Есептер үш типті болуы мүмкін:
– нақтыланған ұзақтықпен; 
– нақтыланған еңбек шығынымен; 
– нақты ресурстар көлемімен. 
Веха – фазаның соңғы есебі. Әр есеп: 
– ұзақтығымен – есеп орындалуы үшін жұмыс уақытының кезеңі; 
– еңбек шығынымен сипатталады. 
Байланыстар типтері: 
– аяқталуы – басталуы;
– басталуы – басталуы;
– аяқталуы – аяқталуы; 
– басталуы – аяқталуы. 
Ресурстар: 
– кадрлар; 
– программалық жабдықтар; 
– ақпараттық жабдықтар;
– техникалық жабдықтар. 
Жобада әр қызметкердің өз рөлі бар. Адам ресурстарының тізімін жасау кезінде рөлдік жоспарлау жиі қолданылады, яғни жұмысты орындау үшін мамандардың қажеттілігі анықталады, содан кейін ғана қызметкерлер жұмысқа алынады. 
Ресурстар құны – жобада оларды қолдану құны. Екі баға қолданылады:
– уақыт бойынша бірлік;
– пайдалану құны. 
Тағайындау – нақты есептер мен ресурстар байланысы. Тағайындау жоспардағы ресурстар мен есептерді біріктіреді. Есептің орындалуына жауапты тағайындалады. Жеке есептерге ресурстарды тағайындау арқылы есептердің орындалу мерзімін реттеуге болады. Жоба үшбұрышы: 
– уақыт; 
– ақша; 

– жұмыс көлемі. Жоба құрамының кез-келгенінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне алып келеді. Үшбұрыштың ішіндегі төртінші элемент – сапа. Кез-келген құрамның өзгеруі сапаға әсер етеді. Жоспарлау кезінде ең бастысы– ресурстар арасындағы жұмыстарды бірдей етіп бөлу. 
Құнды жоспарлау әдістері:
– аналогия бойынша; 
– «төменнен жоғарыға» қағидасы бойынша – жеке есептердің бастапқы құнын есептеу және олардың қосындысы;
– «жоғарыдан төменге» қағидасы бойынша – жобаның жалпы құны анықталады, содан кейін жеке есептерге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет