Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқару түсінігі


Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелер жобаларын басқару



бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі35,66 Kb.
#98639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоб классиф

7.Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелер жобаларын басқару.
Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару (ПЖЖБ, Американдық стандарт, 1987 жыл) құрамында жоспарлау, ұйымдастыру, мамандарды таңдау, мониторинг жасау, бақылау мен жетекшілік ету үдерістері бар және программалық жабдықтаудың жобасын орындау бойынша жұмыстар ретінде программалық жабдықтаудың жобасын басқаруды анықтайды. 
Жобаны басқару мақсаты-бұл ресурстарды тиімді қолдану және программалық өнім мен ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы бойында оларды жеке жұмыстарға үйлестіріп бөлу жолымен оларды жоғалтып алуды болдырмау. Жобаны ұйымдастыруда таңдалған модель негізінде жұмыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру ақпараттық жүйелер жобасын басқару кезіндегі қызметтің негізгі түрлері болып табылады, осы кезде функционалды және матрицалық модельдері қарастырылады. 
Жеке жұмыстарды орындау кезінде еңбек өнімділігін бағалау үшін қатаң нормативті қордың жоқ болуы, сонымен қатар жобаның негізгі параметрлерін жеткілікті сенімді түрде бағалау қиындықтары ақпараттық жүйелердің программалық жабдықтауларының жобаларын басқару ерекшеліктері болып табылады. 
Сондықтан программалық өнімнің сипаттамаларын өлшеу үшін өлшемдер жүйесін орнату қажеттілігі, сонымен қатар басқа жобаларды құру жайлы мағлұматтарды үнемі жинау және жүйелендіру мәселесі туындайды. Ақпараттық жүйелердің жобаларын құру кезінде жоба параметрлерінің бағасын үнемі анықтап отыру керек, сондықтан жұмыстарды жоспарлау жүйені құрумен бірге қатар жүргізіліп отырады. 
Негізінде, өмірлік айналымның келесі фазасы бірнеше бөліктерге бөліп жоспарланады, жуықтап келесі фазаның параметрлері жоспарланады және орнатылады, уақыт өте келе баға нақтырақ бола түседі. Күрделі ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар жобаларын басқару ерекшеліктеріне тәуекелдікті, тәуекелдіктің әр түрлі көздерін жатқызуға болады. 
Сондықтан жобаны жетістікпен орындауға қауіп төндіретін тәуекелдікті басқаруға ақпараттық жүйелерді құру кезінде аса мән беріледі. Жобаны басқару ақпараттық және программалық өнімдерді құрудың заманауи әдістері мен жабдықтарын таңдауға мүмкіндік береді, олар өмірлік айналымның барлық этаптарында қолданылады және жоба менеджері жабдықтар мен әдістерді таңдауға, оны құрастырушы ұжымның меңгеруіне және оларды практика түрінде қолдануға жауап береді. 
Бұл техникалық басқару саласы: 
– сапаны басқаруды ұйымдастыру, 
– конфигурацияны басқару, 
– құрылған программалық өнімнің верификациясы мен аттестациясын басқару. 
Қазіргі кезде жобаны басқару әдістері стандартты басқару әдістеріне жатады. Басқарудың иерархиялық моделімен бірге матрицалық модель де кең түрде қолданыла бастады. Бұл жоба жетекшісіне басқару есептерін бөлімдер бойынша және орындаушыларға бөлуге мүмкіндік береді, яғни есептерді кешендік түрде шешуді қамтамасыз етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет