Жобалау технологиясы бойынша география мен информатика пәнінен кіріктірілген сабақ жоспары



Дата10.06.2017
өлшемі233,09 Kb.
#19071

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты

Жобалау технологиясы бойынша

география мен информатика пәнінен

кіріктірілген сабақ жоспары

Сапалы білімге қол жеткізу тәсілі


/20 сәуір, 2011 жыл/
«Дарынды тұлғаның тұғырлы құзыреттілігін қалыптастыру»

атты облыстық семинар

Информатика пәні мұғалімі:



Кенжебаева Даметкен Камариденқызы

География пәні мұғалімі:



Жунусбаева Марал Тұрмысқызы

Павлодар қаласы, 2011 ж.



Жоба: Қазақстан халқының құрылымын электрондық кестеде жүйелеу


Сыныбы: 9 сынып

Жобалау түрі: минижобалау -1 сағаттық.

Жобалау әдісі: іс-әрекет,

Пән мазмұны бойынша: пәнаралық /география және информатика/

Өткізу орны бойынша: ашық түрде /негізгі көрсеткіштер бойынша/

Байланыс сипаты бойынша: ішкі, яғни 1 сынып бойынша

Қатысушыларға байланысты: жұппен

Ұзақтығы: 45 минут


Мақсаты:

Білімділік: Географиядан: Қазақстанның экономикалық аумақтарындағы халықтың құрылымын салыстырып, сипаттау.Информатикадан: ЕХСЕL-де кестелер мен диаграммаларға құрастыру, сараптама жасау .

Дамытушылық: География курсынан оқыған ақпараттарын Электрондық кестелерде қолдануда және диаграмма құрастырудағы дағдылары мен біліктіліктерін дамыту, WINDOWS системалық орта бойынша алған білімдерін кез-келген ақпараттарға қатысты кестеге салып, жүйелеу.

Тәрбиелік: Оқушылардың жұптасымен жұмыс жасауда коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және алған білімдерін қажетті жағдайдарға жұмсай білуге баулу.

Сабақтың кезеңдері: І. Табысқа жетуге жағдай жасау:

  1. Қоғамның ең басты өндіргіш күштері – Еңбек ететін адамдар немесе еңбек ресурсы.

  2. Олар кімдер? Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, сонымен бірге оны пайдаланушылар.

  3. Сондықтан халыққа сараптама жасау, кез-келген экономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі.

  4. 2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқы саны- қанша?- 16 млн.402 мың адамды құрады.

  5. Бұл сан біздің ауданымыз үшін қаншалықты жеткілікті? Бұл біздің ауданымызға аздық етеді, ал Халық санының аз болуы –бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті жерлердің игерілмеуі.

  6. Сондықтан –да халық санын көбейту қоғамның ең негізгі мәселесі.

  7. Сонымен бірге елдің экономикалық -әлеуметтік дамуына халықтың саны ғана емес, тағы несі маңызды? құрамы мен құрылымы

  8. Құрамы мен құрылымның айырмашылығы неде?

  9. Құрам-құрамдас бөліктердің жиынтығы,яғни ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, ересек адамдар, қарттар, т.б ал құрылым, сандармен берліген салыстырмалы шамалар

  10. Осы шамаларды есептеп, кестеге салу үшін қазіргі технология дамыған заманда не қажет? әрине, техника

  11. Бұл көрсеткіштерді сараптау үшін, нендей кестемен жұмыс жасаймыз?-электрондық кестемен

- Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтайық

Халықтың құрылымын есептеу және оны электрондық кестеге салу.

Информатика пәні мұғалімі:

  • Жұмысқа кіріспес бұрын электрондық кестелер деген не соны қайталап, соған анықтама беріп алайық, ол не, не үшін қажет және неден тұрады ?

  • ЭК қандай функцияларды білесіңдер?

  • ЭК формулалармен және функциялармен қалай жұмыс жасаймыз?

  • Тақырыбымызды анықтадық, енді алдымызға қандай мақсат қоямыз?

Қазақстан халқының құрылымының сандық көрсеткіштерін Электрондық кестеге енгізіп, диаграммасын құру

1 проблема. Қазақстан халқының орташа тығыздығы



  1. тапсырма. Қазақстандағы, Солтүстік және Оңтүстік аймақтардағы халықтың орташа тығыздығын есептеп, кестеге салып, диаграмма құрастыр.

  2. тапсырма. Ол үшін: Т= Халық / аудан формула бойынша есептеп, шыққан көрсеткішке қорытынды жаса.

Елдегі аймақтар мен облыстар

Ауданы,мың км2

Халқы,мың адам

тығыздығы

Солтүстік:Ақмола

146

739




Қостанай

196

887




Павлодар

125

750




Солтүстік Қазақстан

98

646




Астана қаласы

0,7

661




Оңтүстік: Алматы

224

1678




Жамбыл

144

1036




Қызылорда

226

645




Оңтүстік Қазақстан

117

2402




Алматы қаласы

0,3

1346




2 проблема: Қазақстан халқының орташа тығыздығы

1-тапсырма. Орталық және Батыс, Шығыс аймақтардағы халықтың орташа тығыздығын есептеп, кестеге салып, диаграмма құрастыр.

2-тапсырма. Ол үшін: Т= Халық / аудан формула бойынша есептеп,

Елдегі аймақтар мен облыстар

Ауданы,мың км2

Халқы,мың адам

тығыздығы

Батыс: Ақтөбе

301

716




Атырау

119

506




Батыс Қазақстан

151

620




Маңғыстау

166

433




Шығыс: Шығыс Қазақстан

283

1419




Орталық: Қарағанды

428

1348




Қазақстан бойынша

2725

16402




3-тапсырма. Шыққан көрсеткішке қорытынды жаса.

3. проблема : Экономикалық белсенді халықтың аудандар бойынша таралуы, мың адам

1-тапсырма. Аумақтар бойынша жұмыссыздардың деңгейін анықтау. Ол үшін: берліген кестедегі мәліметтер бойынша Ж/ ЭБХ х100 %.

2 тапсырма. Шыққан көрсеткіштер бойынша диаграмма құрастыр және оны қорытындыла.



аумақтар

Экономикалық белсенді халық

жұмыссыздар

Жұмыссыздар деңгейі %

Солтүстік

2170

150




Батыс

1190

80




Оңтүстік

3560

260




Орталық

740

50




Шығыс

760

50




Қазақстан

8420

590




  • Әр тапсырманы орындағаннан кейін тақтаға көрсетіп, қорытындылау

  • Бұл көрсеткішетрдің жалпы қорытындысы біздің аймақтарымызда халықтың орналасуы біркелкі емес, ол халықтың тығыздығымен де сай келмейтіндігі көрініп тұр. экономикалық белсенді халық

Демограф –ғалым Переведенцеваның тұжырымы бойынша отбасында үш бала болмаған елді мекен уақыт өте келе жойылады, оған мысал келтіріңдер, Бұл жағдай біздің елімізге тән бе?

Электрондық кестенің өмірге қажеттілігі бар ма?


Берілген нұсқалардан таңдауың бойынша өз білімдерің мен біліктеріңді бағалап көріңдер:


 

Локальді сеть, интернет,ақпараттық ресурстардың және технологияның не екендігін түсінемін,



Жақсы түсінемін

қанағаттанарлық

түсінбеймін

 

 

 

Локальді сеть, интернет,ақпараттық ресурстардың және технологияның қандай мақсатқа қолданатындығын түсінемін

 

 

 

Мен өз білімім мен біліктілігіміді ақпараттық ізденушілік міндеттердің шешімін табуға жұмсай аламын

 


 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет