Жобаның атауы: «Ұжымдағы достық» Оқу - ісі жөніндегі директордың орынбасары: Бекмурзинова Гаухар Абуовна
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: Сибанбаева Багдат Акрамовна
Өзін-өзі тану мұғалімі: Мукушева Майя Акатаевна
Аға тәлімгер: Айдарханова Наира Сапаргалиевна
Сынып: 7 «Е»
Сынып жетекшісі: Мукушева Майя Акатаевна
Жобаның атауы: «Ұжымдағы достық»
Бірінші кезең I тоқсан Қыркүйек, қазан Мақсат қою. Іс-әрекет жоспарын әзірлеу.
7 сынып оқулықта немесе оқушы дәптерінде берілген сұрақтарға жауап беру. (сұрақтарға жауап үй жұмысына беріледі, орындалу нәтижелері өзін-өзі тану сабағында талқылау, талқыланатын тақырыпты таңдау)
Жоба тақырыбын таңдар алдында, аға тәлімгер және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарларына жоба жұмысын енгізе отырып, олармен бірлесе ақылдаса отырып, оқушылармен және сынып жетекшімен бірге тақырыпты таңдау. Жоба күнделігі жұмысын бастау.
2020 жылы елімізде Волонтерлер жылы болып жариялағандықтан таңдалған жобаның тақырыбы: «Еріктілер».
Мақсаты:
Ұжымдағы достық қарым-қатынастар туралы, Патриоттық сезім өзінің жеріне, оның мәдениетін, әдет- ғұрыптарын, дәстүрлерін құрметтеу, қоршаған әлемді қайта құруға бағытталған жақсы істер жасаудағы бірлескен әрекеттің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы оқушылардың жанашырлық пен адамдарға риясыз қызмет жасау сезімдерін ояту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: Оқушыларға жалпы патриоттық рухын қалыптастыру
1) Оқушылардың ұжымдағы достастығын нығайту барысында үздіксіз қоғамға қызмет ету арқылы мейірімділік, жаңашырлық жасау туралы түсінік қалыптастыру.
2) Қоғамдағы болып жатқан жағдайларға бейжай қарамай, оқушылардың бойындағы ізгілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
3) Оқушыларды туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Жобасын өткізудің даярлық жоспары:
«Өлкетану» мұражайларына,көркем өнер галереясына, кітапханаларға, театр, ардагерлер музейі, Оқушылар сарайндағы өлкетану үйірмелері мен клубтар бөлімшесіне баруын ұйымдастыру.
Павлодар қаласындағы мәдени-тарихи ескерткіштер объектілеріне бару, құрметпен қарау. Мәдени-тарихи ескерткіштер туралы ақпаратты жинау буклет дайындау
Көмек көрсететін тұлғаларды ынталандыру, мәлімет жинау, мекен жайын, телефонын алып, алдын ала ол адаммен хабарласып, тұратын мекен-жайына барып көмек көрсетуге рұқсатын алу.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты, мектептін алып отырған бағытына сәйкес, оқушыларға этно-мәдени тәрбиесі ретінде: мектеп ішінде сахналық көріністер, «асық», «тоғызқұмалақ» ойындарын ұйымдастыру
4. Оқудын тыс іс-шараны өткізбес бұрын, оқушыларға алдын ала біздің не істейтінімізді, не үшін, неліктен және кімге көмек көрсететінімізді, оқушылардан сауалнама алу.
5. тарихи танымал ҰОС ардагерлері, еңбек ардагерлері, ғылым, мәдениет қайраткерлері туралы стендтер дайындау
6. Оқушылардың бойына жағымды әсер қалдыру мақсатымен сынып сағаты кезінде қамқорлық туралы, жанашырлық, мейірімділік, сүйіспеншілік туралы өмірден алынған мысалдар келтіру, аңыз-әңгімелерді айту.