(«Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы бойынша шығармашылық жоба)
Киіз үй көшпелі халқымыздың өмірінен алатын орны ерекше. Оның тарихы, жасау технологиясы, бөліктері, түрлері туралы түсініктер жұмыстың құндылығы болып табылуда. Қатты суық кездерде ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылған.
Ал 12-13 ғасырлардағы мемлекеттердің алтын орда, көк орда, ақ орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Шоқан Уәлиханов айтып кеткен. Киіз үй негізгі ұш бөліктен тұрады. Кереге, уық, шаңырақ. Шаңырақ киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі.
Киіз үй-халқымыздың басты құндылығы және келешекте осылай болып қала бермек. Біз қайта оны жаңғыртып, мәңгілік құндылығымызға айналдыруымыз қажет.
Киіз үй-халқымыздың басты құндылығы және келешекте осылай болып қала бермек. Біз қайта оны жаңғыртып, мәңгілік құндылығымызға айналдыруымыз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады
Мен осы орайда, ұлттық нақыш пен заманауйлықты бір арнаға ұштастыра отырып, киіз үй формасында, ауыл балалары үшін «Оқушылар үйінің» жобасын ұсынамын. Екі қабатты оқушылар үйінің 3 D нұсқасын жасап шықтым.
Идея бар
Идея бар
Киіз үй формасындағы заманауи білім ордасы. Этно стильдегі заманауи жабдықтармен (жылу сіңіретін әйнектермен) жабдықталған 3 д форматтағы архитектураны ұсынамын. Әйнектері 2 қабатты, қыста жылы, жазда салқын.
Жобаның негізгі мақсаты: Киіз үй жайлы зерттеу. Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттай отырып, заманға сай етіп жаңа үлгіде екі қабатты, киіз үй формасында оқушылар үйінің 3D моделін жасау.
Жобаның негізгі мақсаты: Киіз үй жайлы зерттеу. Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттай отырып, заманға сай етіп жаңа үлгіде екі қабатты, киіз үй формасында оқушылар үйінің 3D моделін жасау.
Жобаның өзектілігі: Біз ұсынып отырған жоба экология мәселесінің алдын алуға ықпал ете алады және Архитектурада ұлттық нақыштарды қолдану, қайта жаңғырту.
Жобаның міндеті: Жобаның негізгі міндеті экологиялық мәселелерді азайту, ұлттық құндылықтарды сақтау
Ғимарат киіз үй формасында жасалады. Білім ордасы ретінде салынатын ғимараттың сырты жылу сіңіретін әйнектермен қапталады. Әйнектің сыртынан ішкі бетін көре алмайды. Сыртқы жақты емін –еркін көре алады. Шаңырағы күн жылы кезде ашылып жабылады. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Төменгі қабатында спорт алаңқайы, шахмат ойнайтын бөлмесі, би үйірмесі, асханасы, әжетханасы орналасқан. Жоғарғы қабатында 4 оқу бөлмесі, АКТ залы, кітапханасы, әжетханасы бар.
Мен бұл жобаны оқушылар үйі деп алуым біздің мектебіміз де 491 оқушы 25 сынып бар. Оқушылар білімін шыңдау үшін 45 шақырым жерде орналасқан қалаға қатынап, түрлі үйірмелерге қатысады.