Қазақ киген киімнің әрбір жерін мұқият бағып отырған, егер бір жері қате болса соны ырымдаған. Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күйрек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқкиімнің табанына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды. Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.
Ар –намысты жоғары қойған қазақтың дәстүрден басқа осындай киімдері болған. Қазақтың киімдерін біліп жүру әрбір қазақтың міндеті. Мысалы: кәрістердің кезкелген киносын көрсең олар, өздерінің ұлттық киімдерін ғана киіп, өздерінің өсіп келе жатқан ұрпақтары ұмытпасын дейді. Бізде осындай ұлттық құндылықтарымызды жоғалытып алмау үшін жоба қорғап тұрмыз. Бірақ келешекте қазақ кіимдерін насихаттаушы болатыныма сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Аруна» баспасы мектеп жасындағы балаларға арналған «Сен білесің бе?» атты тарихи-этнографиялық кітап . Оның ішіндегі «Ұлттық киімдер» топтамасы.