Жоғарғы оку орнына арналған оку кұралы. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚму бак, жэне баспа орталығы, 2007. 121 б



бет12/26
Дата01.04.2020
өлшемі3,3 Mb.
#61310
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Өсімдіктер систематикасы кітап


Adonis туысы (Adonis) - жалынгүл, жанаргүл. Бүл көпжылдык шөптесін өсімдіктер. Солтүстік жарты шардың коңыржай белдеуінде 10 түрі таралған. БҚО-да - A.vernalis - көктемгі жалынгүл , A.wolgensis - волга жалынгүлі түрлері кездеседі. Соның ішінде A.vernalis - көктемгі жалынгүл Қазакстаннын кызыл кітабына енгізілген. Ол ірі жапырақтарымен ерекшеленеді. Гүлдері ірі, дара орналаскан, гүлсерігінің 8-20 жапырақшалары болады. Тозаңқаптары мен аналык жатындары көп. Жемісі - біртүкымды жаңғак, жеміс таптамалар. Көктемгі жанаргүл курам ында гликозиттер болғандыктан, медицинада жүрек ауруларын емдеуге кеңінен колданады.
Сарғалдак туысы - Ranunculus - Батпақты жерлерде кездеседі. Бұл ірі туыс. Шамамен 600 түрі белгілі. ТМД елдерінде 100 түрі кездеседі. Көпжылдык шөптесін өсімдіктер, барлык континенттерде таралған. Гүлдері ірі, сирек дараланып орналасады, сары түсті (тек кана, австралиялыктың - түсі ак, биіктігі 1 м). Гүлсерігі - 5, тозаңкаптары мен аналык жатындары көп. Жемісі - таптама (листовка). Жапырактары жай, сирек тілімделген жэне кезектесіп орналасады. Өкілдері: жатаған сарғалдак (Ranunculus pratense), куйдіргі сарғалдак (R. асег). Зигоморфты гүлді өкілдеріне: Аконит туысы aconitum - жабайы да, мәдени түрі де кездеседі. Тегеурінгүл (дельфиниум) - бұл біржылдык арам шөп, көк түсті зигоморфты гүлдері бар. Жемісі - таптама(листовка). Лианалардан - ломонос түрі белгілі болса, желмен тозанданатын түрі - маралоты.
Анемоне туысы (Anemone) — желайдар. Көпжылдык шөптесін өсімдік. ТМД елдерінде - 50 түрі, БҚО-да 1 түрі белгілі. Тамырсабакты орман өсімдігі, ақ жэне сары, дараланып орналаскан, актиноморфты гүлдері бар. Гүлсерігі —5, тозаңқаптары мен аналык жатындары көп. Анемоне орман өсімдігі БҚО-нын жасыл кітабына енгізілген.
Қундызшөп туысы - Pulsatila patens - Кәпжылдык, ерте гүлдейтін шөптесін өсмідік, ірі дараланып орналасқан, көгілдір түсті актиноморфты


54

гүлдері бар. Орман, орманды дала аймактарында таралған. БҚО - жасыл кітабына енгізілген.
Көкнәрлер катары - Papaverales
Негізгі тіршілік формалары шөптесін өсімдіктер. жартылай бүталар.
бұталар да кездеседі. Гүлдері косжынысты ірі. жемісі - кауашак.
Көкнәрлар түкымдасы - Papaveraceae
Дүние жүзінде 250 түрі, 26 туысы, БҚО-да 9 түрі. 6 туысы белгілі. Көкнәрлар түқымдасы Еуразияда жэне Солтүстік Америкада кездеседі. Австралия жэне Онтүстік Америкада кездеспейді. Шөптесін біржылдык жэне екіжылдық өсімдіктер. Жапырактары жай, кезектесіп орналаскан. Ішінде сутті шырындар жиналатын капшык тэрізді клеткалармен бунакты шайыр жолдары болады. Гүлдері - актиноморфты, зигоморфтылары сирек. Түрі де. түсі де әртурлі болады. Тостаған жапыракшалары 2, сирек 3, ал күлтежапыракшалары 4, сирек 6 болады, 8-12 күлтежапыракшалы түрлері де кездеседі, тозаңкаптары көп, бірікпеген, аналык жатыны бір, екі немесе одан да көп жеміс жапыракшаларынан (22 жеміс жапыракшасы) түрады. Аналык жатыны биік орналаскан. Жемісі - кұрғак, корапша жеміс. Көбінесе көкнэрлар туқымдасын кұрамында алкалоидтар (морфин, наркотин, папаверин, пантопон) болғандыктан медицинада ұйкышакырғыш жэне тыныштандырғыштар ретінде кеңінен колданады.

Көкнәр туысы - Papaver. 120 түрі белгілі. Гулдері - актиноморфты. Тостағанжапыракшалары 4, тез түсіп калады. Күлтежапыракшалары - 4. тозаңкаптары көп, аналык жатыны біреу. Жемісі - кауашак. Апиын көкнәрі - Papaver somniferum. Біржылдык шөптесін өсімдік. Мэдени түр ретінде танымал, биіктігі 1 м. Гүлдерінің түсі эртүрлі. Өте кұнды май алынатын жэне емдік қасиеті бар өсімдік. Тукымынан май алады, онын кұрамында 40-55% май болады. Тағамдык өсімдік (өте тэтті) ретінде кондитерлік өнеркэсіпте. техникалык дакыл ретінде де (сыр, бояулар жасау ушін) пайдаланылады. Майлы түрлері Украина, Татарстанда кездеседі. Емдік касиеті бар апиын көкнәр өсіріледі («опос» - грек тілінен аударғанда шырын). Қытай, Үндістан. Афганистан, Кыргызстан, Казакстанның онтүстігінде өсіріледі.
Суйелшвп туысы - Chelidonium majus. Бүл көпжылдык шөптесін өсімдік, арамшөп, жай, тілімделген жапырактары, актиноморфты, сары түсті ұсак гүлдері гүлшоғырына жиналған. Тостаған жапыракшалары - 2. күлтежапыракшалары - 4, тозанкаптары көп, аналык жатыны біреу, екі жемісжапыракшасынан түрады. Жемісі - кауашак, сырткы пішіні бұршаккынга ұксас. Шырыны сүйелдерді, безеулерді жэне пигментті дактарды кетіру ушін колданылады.
Зигоморфтылары: аран, көгілдір жаманкөк (Fumaria). Біржылдык өсімдік. Жерортатеңізі манында таралган. Батыс Қазакстан облысында 2 түрі кездеседі. жапырактары мен сабағы күл түстес буырыл реңді. Гүлдері ұсак. күлгін түсті. 4


55

күлтежапыракшасыньщ біреуі тегеурінге айналған. Тозаңқаптары 4. Айдаршөп


  • кішкентай өсімдік, орман аймағында таралған, ерте гулдейді. Бурышты тегеурін (Delphinum cuneatum) ҚР кызыл кітабына енген


Рождтер катары - Rosales
Кең таралған гүлді өсімдіктер. Олардың дүние жузінде 16 тукымдас, 2800 туысы, 55000 түрі белгілі. Гүлдері актиноморфты, генецейі апокартты және аталыктың саны анықталмаған.
Раушангүлділер тұкымдасы - Rosaceae
Ең ірі тұкымдас 3 мың түрі, 100 туысы белгілі. БҚО-да 20 туысы, 51 түрі кездеседі. Олар солтүстік ендіктің субтропикалык жэне коңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған. Тіршілік формалары - мэқгіжасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін болады. Бұл ағаштар, бұталар, көпжылдык және сирек біржылдык шөптесін өсімдіктер. Жапырактары жай, бүтін (алма, алмурт) немесе күрделі қауырсынды, саусак салалы, бөбешік жапырактары бар, кезектесіп орналаскан. Тостаған жапыракшалары -5, күлтежапырақшалары- 5, көбінесе гүлтабан 5 жапыракшалардан тұрады, тозаңкаптары көп, аналыктары көп немесе біреу (мысалы, алмаларда). Гүл тұғыры дөңес, тегіс немесе ойпаң. Жатын жоғары, орташа немесе томен орналасады. Жемістері әралуан: жаңғак, сүйекті шырынды жеміс, жалған жеміс. Раушангүлділер түкымдасы көбінесе жидекті - жемісті ағаштар. Олардың кұрамында көптеген органикалык кышкылдар, дэрумендер, эфирлі майлар кездеседі.


Тобылғылар тұқымдас тармағы Spiraeoideae
Тобылгы туысы - Spiraea. Биіктігі 1 м аласа бута. Шығыс Сібір, Қиыр Шығыста 80 түрі таралған. Жапырактары шетеннің жапырағына уксас. Орманды-дала жэне далалы аймақтарда кездеседі. Гүлдері ұсак, кремтүстес калканша немесе сыпырткы гүл шоғырына жиналған. Сәндік мэдени өсімдік.
Итмұрындар түқымдас тармагы - Rosoideae
800 - дей түрі белгілі. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеулерінде кең таралған. Негізгі тіршілік формалары ағаштар, лианалар, шөптесін өсімдіктер.
Раушан туысы (Rosa) - ірі туыс, жабайы өсетін және сәндік мэдени турлері белгілі. Раушандардың 12 мың іріктемесі бар. Полиантты рауш андар-көпгүлді (бір түпте бірнеше гүлі болады). Шәй раушаны - гүлдену уақыты өте ұзақ (ремонтантты).
Итмурын туысы - Rosa cinamomea орман аймағында жабайы өсетін бұта. Ірі кызыл түсті гүлдері бар. Мэдени өсімдік түрінде де өсіріледі. Итмурыннын жемісінде С витамині болады.


56

Дамяс раушаны (казанлык раушаны) - R. damaszena Болгарияда. Казанлық ауданында. Марица өзенінін анғарында еседі. Дамас раушаны өте күнды эфир майлы мәдени өсімдік. Бүл аймак «раушандар анғары» деп аталады. Раушан майы алтыннан да кымбат бағаланады. 3 тонна күлтежапыракшадан 1 кг май алынады.
Бүлдірген туысы - Rubu.s орман зонасында өсетін жартылай бұта. жемістері жеуге жарамды. Таңкурай орманды аймакта өсетін бута. Мәдени өсімдік ретінде өсірілетін, көпжылдык өсімдік, оның сүйекті жемістері жабайы таңқурайдын жемістеріне ұксас. бірак кьгзыл түсті. БҚО-нын сайлары мен жырыларында жасыл бүлдірген кездеседі Гүлдері ак түсті. Гүлтабаны болады. Емдік қасиеті бар жемістер. БҚО жасыл кітабынаенгізілген.
Қүлпынай туысы - Fragaria. Бүл көпжылдык шөптесін өсімдіктер. 50 түрі белгілі (жабайы жэне мәдени). Қазакстанда бірнеше түрлері бар.
Қаттабан туысы - Potentiea жабайы өсетін, көпжылдык өсімдік. Сары түсті гүлдері бар, жемісі түкымша. Сабағы көтеріңкі, өрмелегіш. жатаған. Кәдімгі казтабан, күмісжапырақты казтабан жэне т.б. түрлері бар.
Алмалар тукымдас тармағы- Pomoideae (Maloideae)
Алма туысы - Malus - 300 - дей мәдени жэне 9 жабайы түрі кездеседі. Бүл коңыржай белдеуде кенінен тараған туыс. Таулы аймактарда жабайы түрлері, ал орман зонасында мәдени түрлері өседі. Бұл коңыржай белдеудін ен манызды жемісті ағашы, Батыс Қазакстан облысында жабайы түрлері өте сирек кездеседі (Борлы таулар, Карагаш жэне т.б. аймактарда). Алманың отаны оңтүстік шығыс Азия.
Тіршілік формалары ағаштар мен бұталар. Жапарыктары жай, кезектесіп орналаскан. Гүлдері актиноморфты, ірі, тостағанша жапыракшалары 4-5, күлтежапыракшалары - 5, тозаңкаптары көп, аналығы біреу (2 немесе 5 бірікпеген жемісжапыракшаларынан түрады). Жатыны төмен орналаскан. И.В. Мичурин 60 -к а жуық алма іріктемелерін шығарған, оларға - антоновка, аппорт, боровинка, бельфлер- китайка, шафран пепині, т.б. жатады.
Алмұрт туысы-Pyrus - 5 мың түрі белгілі. Жабайы түрлері Кавказ тауларында, Қиыр Шығыста, сирек орман зонасында кездеседі. Жемісі - алмұрт. Ең кең таралған өкілдері - кэдімгі алмүрт,
Шетен туысы — Sorbus. Қоңыржай белдеудің орман жиектерінде таралган, 80 - дей түрі белгілі. Гуддері ак түсті, хош иісті. Жемістерін кулинарияда, тағамдар жасауда кеңінен пайдаланады.

Долана туысы — Crataegus. Буталар немесе аласа ағаштар, жабайы түрлері кездеседі, сэндік максатта өсіріледі, Жайык өзенінін анғарында Қазақстанның Қызыл Кітабына енген Crataes amgbigua кездеседі.
Алхорылар түқымдас тармағы - Prunoidae
Алхорылар ағаштар мен бұталар. Гүлдері актиноморфты. Гүлсерігі екеу, тозаңкаптары көп. Аналығы біреу, бір жеміс жапыракшасынан тұрады. Жатыны


57

жогары орналаскан. Гүлсерігі екеу, тозаңқаптары көп. Көптеген кұнды жемістері бар.
Алхоры туысы - Prunus биіктігі 6 - 12 м ағаштар, тек мэдени өсімдік ретінде белгілі, бірнеше іріктемелері бар. Жемісі - шырынды сүйекті жеміс. Кұнды тағамдык өсімдік. Бірнеше түрлері кездеседі : Торн - P. Spinosa жабайы өсетін бұта, орман зонасында өседі, жемістері жеуге жарамды, дэмі кышкыл. БҚО -д а жайылым орманында, сай-жырыларында кездеседі.
Шие туысы - Cerasus. Биіктігі 2 -4 м бұталар. Жабайы жэне мәдени түфлері бар. Ең кең таралған түрі - кэдімгі шие. БҚО-да жабайы түрлері кездеседі. С. Fruticosa- дала бүтакты шиесі. Жемістері ұсак, кышкыл.
Мойыл туысы - Padus. Орман зонасының ағашты өсімдігі. ¥сак, ак түсті, хош иісті гүлдері гүлшоғырына жиналған. Жемісі кара түсті сүйекті.
Бадамгүлдер туысы - Amygdalus. Кэдімгі бадамгүл Орталык Азияда жабайы түрінде таралған. Тұқымдарын кондитер өнеркэсібінде пайдаланады. Б Қ О -да бадамгүл шукий немесе ешкісабақ (А.папа) кездеседі.
Бұршақтар катары - Fabales
Бүршақтар белгілері жағынан раушангүл тұкымдастарына ұксас болып келеді. Негізгі ұксастыктары жапырактарының кезектесіп орналасуымен бөбешік жапырактарынын болуы, айырмашылығы жемісі бүршак. Сондыктан бұл түқымдас бүршак тұкымдастары деп аталған. Бүршактар катарының 650 туысы, 17- 18 мың -ға жуык түрі белгілі. ТМД елдерінде 2000 түрі, Батыс Қазақстанда-27 туысы. 144 түрі кездеседі. Барлык Жер шарында кен таралған. Негізгі тіршілік формалары ағаштар, бүтадар, лианалар, шөптесін өсімдіктер. Жапырактары тұтас, үшкүлакты немесе қауырсынды, бөбешік жапырактары болады. Гүлдері көбіне актиноморфты, кейбір түрлерінде зигоморфты болып келеді. Күлте жапыракшалары мен тостаған жапыракшалары - 5, аталығы - 10, аналығы - 1. Жатыны жоғаргы, гүлдері шашақ, масак, шокпарбас гүл шогырларына жинакталған. Бүршак тұкымдастарының тамырларында азот сактайтын түйнекшелер кездеседі. Бүл түқымдастың эволюциясы бунакденелермен тозандану бағытына карай жүрген (зигоморфия). Жемісі бүршаккап. Бұршак түқымдастарының халык шаруашылығында манызы зор. Оларды азық, жем- шеп, дәрі-дэрмек ретінде кеңінен қолданады.

Мимозалар түкымдасы - Mimosoceae
Ең карапайым түқымдас, 500 түрі белгілі. Ағаштар, бүталар, шөптесін өсімдіктер. Тропиктер мен субтропиктерде кең таралған. Гүлдері - актиноморфты. Гүлсерігі - 5 немесе төртеуден, тозаңкаптары көп, бос орналаскан, бойлары биік, сирек жағдайларда 10-15 болады. Гүлдері ұсак, шоқпарбас гүлшоғырына жинақталған. Жапырактары күрделі, кезектесіп орналаскан. Мимозалар аркылы бұршактұкымдастарды раушангүлділермен жақындастырады. Филлодиялардың түзілуі осы түкымдасқа қана тэн болып


58

келеді. Филлодия - жапырак сағағының жапырак таспасына айналуы. Ен кен тараған турі - ұялшак мимоза.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет