Жоғарғы оку орнына арналған оку кұралы. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚму бак, жэне баспа орталығы, 2007. 121 б


ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР бвлімі -L ҮCOPODIOPHҮТА



бет9/26
Дата01.04.2020
өлшемі3,3 Mb.
#61310
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Өсімдіктер систематикасы кітап


ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР бвлімі -L ҮCOPODIOPHҮТА
Плаун тәрізділердің барлык дене мүшелері болады (косалкы тамыр). Оларға тең жэне эртүрлі споралы формалар тэн. Ұсак жапыракты - микрофильді тізбек бойынша дамиды. Даму циклінде спорофит басым.
Систематикалык тұрғыдан плаунтәрізділер келесі катарларға бөлінеді:
Плаунтэрізділер - Lycopodiales, Селегинеллалар - Selaginellales, Лепидодендрондар - Lepidodendrales жэне Изотталар катары - Jsoetales.
Плаун тәрізділер катары - Lycopodiales
Плаун тәрізділер жер шарының барлык ылгалды, көлеңкелі аймактарында кең таралған көпжылдык шөптесін өсімдіктер. Олардын 2 туысы белгілі. Плаун туысының (Lycopodium) 500 түрі, ал филлоглесум (Phylloglossum) туысының бір ғана түрі белгілі (филлоглесум тек кана Австралия, Жана Зеландия, Тасманияда кездеседі). Плаундардын арасында ең кен таралған турі - түйреуіш тэрізді плаун (Lycopodium clavatum).
Түйреуіш тэрізді плаун көпжылдық, мәнгі жасыл, шөптесін өсімдіктер, жатаған, өрмелегіиі, дихотомиялы бұтактанған сабағы (ұзындығы 3 метрге дейін) жэне одан тараған қосалқы тамырлары болады. Сабағы таспа тэрізді жапырактармен тығыз жабылған.

Жаз мезгілінің ортасында жоғарғы вертикальды бұтактарында споралы масактары (көбінесе екеуден) пайда болады, сыртқы пішіні ағылшын түйреуішіне ұқсас (осыдан атауы шыккан). Споралы масағының кұрылысы:




36

ортасында өсі бар, оған спорофильдері бекінген(пішіні жүмыртка тэрізді
үшбұрышты, ұшы үшкір). Спорофильдің жоғарғы бөлігінің негізінде бүйрекпішінді спорангиялары дамиды. Оларда редукциялык бөліну нәтижесінде тең споралылар пайда болады. Пісіп-жетілген споралары шашылып, су ағынымен топыраққа еніп, одан өскіншелер өсіп шығады. Түссіз, косжынысты, жерасты микроскопиялык (2-3 мм) өскіншелері саңыраукүлак жіпшелерімен селбеседі (саңыраукүлак жіпшелерінсіз тіршілік ете алмайда). Өскіншеде архегония мен антеридия түзіледі, сулы-тамшылы орта болған жағдайда ұрыктанып, диплоидты зиготадан ұрық пайда болады, ал одан жаңа спорофит —плаун өсіп шыгады. Спора 10-12 жыл дамып, өскінге айналады, ал үрықтың дамуы 12-20 жылға созылады. Өзге плаундардың өскіндері жер бетінде дамиды.

Плаунның спораларын жинап фармакологияда пилюлаларды тасымалдау үшін сыртына себеді. Балалар ұнтағы ретінде де пайдаланады. Металлургияда фасон құюда, формалардың кабарғасына спораларды себеді. Көрмелерді сэндеп безендіруде колдаиылады. Сонымен катар, спораларды фейерверк, бенгаль отын жасауда пайдаланады( споралар кұрамында 50%-ға дейін тез жанғыш, түтінсіз жэне иіссіз майлар болады).


Селагенеллалар катары - Selaginellales
Селагенелалардың негізгі ерекшелігі эртүрлі споралылығы. Бір туыс селагенелла (Selaginella) 700 түрі белгілі. Тропикалык аудандарда кездесетін лианалардың үзындығы 18 метр. ТМД елдерінін орман зонасында 8 түрі таралған.
Дене мөлшері 1 мм-ден 10 см-ге дейін шөптесін өсімдіктер. Сабағы өрмелегіш, жабысқак, жатаған. Селагинелла көпжылдык, шөптесін өсімдік, сырткы пішіні плаунға үксас.
Селагенелалардың ерекшелігі: ризофорлары болады. Ризофор - сабактагы жерге бағытталған жапырақсыз өсінділер, олардан косалкы тамырлар өсіп жетіледі.
Спорофилдер негізінде өсінді -тілшелер болады. Әртүрліспоралы. Аталық гаметофит 2 клеткадан тұрады, аналык гаметафит көп клеткалы.
Сабактың жоғарғы ұшында споралы масақтар пайда болады. Оның спорофильді өсінде споралары орналасады. Плауннан ерекшелігі: бір спорангияда - микроспорангияларда көптеген ұсак микроспоралар, ал баска спорангияларда - мегаспорангияларда тек 4 ірі мегаспоралар түзіледі. Микро-жэне мегаспоралар масақта әртүрлі орналасады. Көбіне микроспоралар
масақтың жоғарғы бөлігінде, мегаспоралар төменгі бөлігінде, немесе микроспоралар масактың бір жағында, мегаспоралар екінші жағында, кейде олар ретсіз де орналасады.
Микроспоралар шашылады, редукиияланып, одан 2 клеткалы аталык өскінше өседі. Мегаспоралар кабықшасынан айырылмай, көпклеткалы аналык өскіншеге айналады. Аналык өскіншеде архегониялар түзіледі. Сулы орта


37

болған жағдайда ұрыктану процесі жүріп, ұрык пайда болады. кейін одан селагинелла дамиды.

Практикалык манызы жок.


Лепидодендралар қатары —Lepidodendrales
Лепидодендралар түгелімен өліп біткен өсімдіктер. Таскөмір дэуірінде шарыктап дамып, пермь дэуірінін басы мен сонында еліп біткен. Биіктігі 30-40 м, диаметрі 1м биік ағаштар. Сырткы пішіні пальмаға үксас. Сабактары дихотомиялы бүтактанған. Негізгі өкілдері: лепидодендрон жэне сигилерия.
Лепидодендралардың кейбір өкілдерінде түкымға үксас бүрі болған, бірак олардын тез жойылып кетуіне байланысты кэдімгі тұкым түзілмеген. Сабағынын 10% - өткізгіш ұлпа, ал 90% - кабық бөлігі алып жаткан. Сондыктанда олар тез өліп біткен. Теңспоралылар да, әртүрліспоралылары да болған.
Изотопсидтер катары - Jsoetales
Изотопсидтердің көпшілігі өліп біткен, ал кейбір түрлері элі күнге дейін тіршілік етеді. Қазіргі кезде полушник изоеттың (шильница) 64 түрі белгілі. Қоңыржай белдеу зоналарында таралған, Америкада кездеседі. ТМД - елдерінде 2 түрі бар. Бүл су өсімдіктері. Практикалык маңызы жок. Лепидодендралардың арғы тегі болып табылады.

ҚЫРЫҚБУЫН ТӘРІЗДІЛЕР белімі - Equsetophyta
Девон дэуірінен белгілі, ежелгі өсімдіктер, таскөмір дэуірінде өте жақсы өскен, ал одан кейін олардын жойылуы басталды. 1 туысы, 25 түрі бар. Ал БҚО-да 7 түрі, 1 туысы кездеседі. Тіршілік формалар: шөптесін өсімдіктер жэне ағаштар (өліп-біткен). Теңспоралылар жэне эртүрліспоралылар. Микрофильді тізбек бойынша дамиды. Вегетативті мүшелерінің бэрі де бар. Жапырактары үсак. өзгеріске үшырап редукцияланған бүтақтарга айналған. Қырыкбуындар - элі күнге дейін тіршілік етіп келе жаткан өсімдіктер. Бір ғана туысы кырыкбуын (Equsetum), 25 түрі белгілі. Жер шарынын барлык бөлігінде таралған. Тек кана Австралияда, Жаңа Зеландияда, Тропикалык Африкада кырықбуындар кездеспейді. Биіктігі бірнеше сантиметрден 1 м-ге дейін (тек Оңтүстік Америкада ұзындығы 10-13 м кырыкбуын - лиана (гигант) тіршілік етеді) көпжылдык шөптесін өсімдіктер.
Қырықбуынның сыртқы пішінінің негізгі ерекшелігі - сабағынын буыннан жэне буынаралыктарынан тұруы жэне жапырактарының шоқтанып орналасуы. Тамырсабағы жаксы дамыған, сабағы бунақталған, жапырактары редукцияланып шоқтанып орналасқан. ТМД елдерінде 12 түрі белгілі, солардын ішіндегі ең көп кездесетіні Equsetum arvense (танап қырыкбуыны). Тамырсабағы жаксы дамыған, көпжылдык, аласа, шөптесін өсімдік. Тамырсабағынан төменге карай косалкы тамырлары кетеді. Тамырсабағынын


38

ұшында кор заттары жинакталған түйнектері болады. Жер үстінде сабағы, өркені көтеріліп өседі. Қырыкбуынның өркендері екі түрлі: Көктемдік (споралы) бұтақтанбаған, буырыл-алкызыл түсті, ерекшелігі сабағында спорангиялары бар споралы масактар дамиды; Жаздық (ассимиляциялаушы) жасыл, бутақтанган бүтактары, шоктанып орналасқан жапырактары болады. Жапырактарда ассимиляция процесі жүреді (мүшелердің түзілуіне катысады).

Классификациясы: Қырыкбуын тэрізділер бөлімі: Гиениялар - Hyeniales. Сынажапырақтылар - Sphenophylales, Каламиттылар - Calomitales Қырықбуындар - Equsetales катарына жіктеледі.

Алгашкы 3 катар өліп біткен. Гиениялар бұл бөлімнің ең ежелгісі, псилофиттермен қатар өмір сүрген. Гиениялар арқылы қырыкбуындар псилофиттермен байланысады (псилофиттен пайда болған деген болжам бар).
Сынажапырақтылар биіктігі 1 м-ге дейін шөптесін өсімдіктер, сабағы бунақталған, буындарында сынатэрізді жапырактары 6-9-дан шоктанып орналаскан. Олар батпактанған жерлерде ну орман түзеді. Негізгі өкілі сынажапырақ.
Каламиттылар - биіктігі 10-20 м, жапырактарының диаметрі 0,5 м, діңі тік, бунақты өсімдіктер болған. Лепидодендрондар, сигилериялармен бірге тіршілік еткен. Негізгі өкілі - каломит.
Қырықбуын қатары - Equsetales
Қырыкбуындарға казіргі кезде кең таралған дала кырыкбуыны жатады. Ол көпжылдык шөптесін өсімдік. Даму циклі плаунның дамуымен бірдей (спорофит - гаметофит - спорофит). Көктемде тамырсабағынан көктемдік өркендер өсіп шығады. Оның ұшында споралы масактар дамиды. Масак өстен және спорофильдерден тұрады. Қакпакшасы бар, сағакты аяғы бар, 5-9 спорангия болады, ал олардың ішінде редукциялы бөлінген споралар жэне эпатерлер түзіледі. Спорангиялар жарылады да, онын ішінен споралар мен эпатерлар шашылады. Споралары әртүрлі. Қолайлы жағдайда олар өсіп жетіледі. Бір споралар аналык өскінге (ірірек, жалпак, архегониялары бар, өте жақсы жағдайларда), ал екіншілері аталык өскіндерге айнапады (пішіні де, көлемі де кішірек, антеридиялары бар). Ұрыктанғаннан кейін жаңа қырыкбуын өсіп шығады.

Споралар түзілгеннен кейін көктемдік өркен өліп, курап түсіп калады, оның орнына осы тамырсабактан жаздык өркен өседі.


Ассимиляция процесінін нәтижесінде түзілген кор заттары тамырсабакка жиналады. Күзде өсімдік тіршілігін токтатып, тыныштық күйге көшеді, ал келесі көктемде тамырсабакка жиналған қор заттары есебінен көктемдік өркен өсіп шығады.
Медицинада зэр айдаушы жэне кан токтатушы ретінде колданылады.
Ағаштарды тегістеу үшін (себебі сабағы катты болады) пайдаланады.
Жағымсыз әсері - қырыкбуындар арамшөптер болып табылады.



39

Батыс Қазакстан облысында қырыкбуындардың келесі түрлері кездеседі: Equsetum arvense, E.palustris, E.syevestris. E.pratense, E.helecharis. E. ramosissimum, E. hiemall.
ПАПОРТНИК ТӘРІЗДІЛЕР бөлімі - Polypodiophyta
Жоғарғы сатыдағы есімдіктердің ежелгі тобы, қазба калдыктары карбон, силур дәуірлерінен бастап белгілі. Папоротниктәрізділер ездерінің даму деңгейінің шыңын таскөмір дэуірінде өткізді. Олар бізге таскөмір ретінде жеткен, кезіндегі алып ағаштар (сигиляриялар, лепидодендрондар, каломиттар) болып табылады. Папоротниктэрізділердің 10 мыннан астам түрі белгілі.
Мүктәрізділермен салыстырғанда папоротниктэрізділердін барлык мүшелері бар. Ішкі күрылымы күрделенген. Сонымен катар мүктәрізділерден тағы бір ерекшелігі - даму циклінде, папоротниктэрізділерде спорофит басым. Өсімдіктін өзі (папоротник, кырыкбуын, плаун) - спорофит (оның денесінде бірінші споралы спорангия түзіледі). Редукциялы бөліну нәтижесінде спорангиялардан гаплоидты споралар түзіледі. Спорангиядан споралар шашылып жерге түседі де, колайлы жағдай туган сәтте өркендеп өскін - гаметофитке айналады. Гаметофит пішіні эртүрлі (жіпшетәрізді, таспатәрізді жэне т.б.). көлемі де эралуан (2-3 мм, тиын тэрізді), өмір сүру ұзактыгы да эртүрлі (бірнеше аптадан 15-20 жылға дейін), өмір сүру жағдайлары да эртүрлі жербетінде (папоротниктер, кырыкбуындар), жерастында (плаундар) өседі. Өскіндерде архегония мен антеридиялар пайда болады. Бір өскіннін бойында жыныс мүшелері дамып (усасыр папортник), косжынысты болуы мүмкін немесе әртурлі дараларда өсіп (кырыкбуын, сальвиния) екіүйлі болуы да мумкін. Архегония мен антеридия дамып-жетілгеннен кейін сулы орта болған жағдайда ұрыктану процесі жүріп, зигота пайда болады. Диплоидты зиготадан
жаңа өсімдік өсіп шығады. Әртүрліспоралы. Папоротниктердін бір спорангиясында бірдей споралар түзіледі - теңспоралылар (плаун, кырыкбуын, усасыр папоротник), ал баскаларында бір спорангияда көптеген ұсак микроспоралар түзіледі де, одан антеридиялары бар аталық өскін пайда болады, ал екінші спорангиядан 4 ірі мегаспоралар (макроспоралар) пайда болып, архегониялы аналык өскінге айналады. Әртүрлі споралылардың пайда болуы жоғары сатыдағы өсімдіктер эволюциясында үлкен рөл атқарды. Жалаңаштұкымдылар да, жабыктұкымдылар да эртүрлі споралылар болып табылады.
Қор заты мол ең ірі мегаспоралар ірі анапык өскіндерді мол коректендіріп, үрыктың жақсы дамуына эсер етеді. Әртүрлі споралыларды ашкан Беляев (1885 жылы). Спорангиялар пайда болатын жапырактар - спорофильдер, ал карапайым вегетативті жапырактар - трофофильдер деп аталады. Жапырактары ірі, сирек - тұтас, жиі - кауырсынды болады. Барлык жогаргы сатылылардан айырмашылығы жапырақтары үшынан өседі. Бүл жапырақтардың сабактан пайда болғандығын көрсетеді. Қандайда болмасын бір псилофиттердін сабактары бірігіп өсіп, сосын тарамдалуынан жапырактары пайда болған.


40

Биіктеп өсуіне байланысты жапырақтары ірі (1, 2, 5, 9 м-ге дейін, ал троликалық формаларының жапырағы 20-30 м-ге дейін барады), сондықтанда папоротниктің жапырағын вайялар деп атайды. Папортниктер ежелгі топ, девон дэуірінде пайда болған, таскөмір дэуірінде өте жаксы өскен, бұған дейінгілерден айырмашылығы элі кунге дейін жаксы сақталған.
Олардың түрлері 10 мыңнан астам, БҚО 6 түрі, 6 туысы кездеседі. Қазіргі заманғы папоротниктәрізділердің көпшілігі шөптесін өсімдіктер, ағаш тектес түрлері сирек кездеседі. Негізінен тропикалык зонада таралған.

Ағаштектес турлері тек кана тропикада сақталған. Биіктігі - 5; 7 м-ден 20


м-ге дейін, диаметрі - 0,5 м, сабактары тік, бағана тәрізді, жапырақтары өркеннің, сабактын ушында өседі, тілімделген, жіңішке, ірі. Папоротниктер өте әдемі өсімдіктер тобы.

Спора арқылы жэне вегетативті жолмен көбееді (бүршік жэне тамырсабак бөліктері аркылы). Плаундармен қырыкбуындардан айырмашылығы мұнда споралы масақтар болмайды. Спорангиялары кәдімгі вегетативті жапырак тақталарының жиегінде, көбінесе жапырақ тақталарынын астыңғы бөлігіндегі негізгі жүйке бойында дамиды. Спорангиялары дара немесе топтасқан күйінде (сорустар) болады. Теңспоралылар жэне әртурліспоралылар. Өскіндерінің пішіні де мөлшері де эртүрлі. Анатомиялык курылысы күрделірек (эсіресе өткізгіш ұлпалар жуйесі, папоротник орляктын тамырсабағында жүйке талшыктары болады). Қазіргі уақытта бүл бөлім 7 класқа бөлінеді - оның төртеуі өліп-біткендер. БҚО-да папортниктердін кейбір түрлері Амангелді, Қарағаш, Қаратал, Аккум аймақтарында кездеседі. Біздің флорада ең көп таралғандары: Pteridium aguilinum, Strutiopteris germamica, Cystopteris fragilis, Thelypteris palustris, Dryopteris fllix mas.



Классификациясы: Күні бүгінге дейін папоротниктәрізділерді 9 класка бөледі. Соның ішінде біз Полиподиопсидтар класы немесе Нагыз
папоротниктер - Polypodiopsida. Сальвиниялар (Salviniidae) катарына
токталамыз.
Полиподиопсидтер немесе Нагыз папоротниктер класы


  • Polypodiopsida

1500 мыңнан астам түрі белгілі, шөптесін өсімдіктер. Көпшілігі сабаксыз, тамырсабағы жер бетінде орналасады (горизонтальды, вертикалды, қиғаш орналасады). Топыракка тамыры кетеді де, ал жер бетінде жапырақтары (2, 5, 7 м) болады. Шөптесін папоротниктер тропикалык жэне орман зонасының коңыржай белдеуінде кездеседі. БҚО-да Орал каласынан Жайык бойымен жоғарыға қарай 50 км қашыктықта орналаскан Амангелді кенті маңында кездеседі. Ағаштектес формалары тек тропикада таралған. Папоротниктер арасында лианалар, эпифиттер (ағаштардың діңінде өседі), эпифилдер (жапырақтарда еседі) ете көп.



41

Сальвиниялар қатары - Salviniales
Бұл эртүрлі споралы, су немесе су маңында тіршілік ететін папоротниктер (су папоротниктері - ескі атауы). Өкілі: сальвиния шөптесін су өсімдігі. 8-10 түрі белгілі. Жер шарының барлык бөлігінде таралған, әсіресе Америкада көп кездеседі. Ең көп таралған турі - жүзгіш сальвиния (Salvinia natans), біржылдык шептесін есімдік, су бетінде жайылып өседі. Сабағы су бетінде горизонтальды жатады (үзындыгы 5-15 см), сабағында жапырактары үшеуден бірігіп шоқтанып орналасады, онын екеуі сопақша келген, жасыл түсті, су бетінде калкып жүреді, ал үшінші жапырағы жаксы тілімделген, су астында болады. Бұл сирек кездесетін, жойылып бара жаткан. үштік дәуірдің реликті түрі. Батыс Қазакстан облысында кездеседі.

Бақылау сүрактары:


  1. Псилот тәрізділердін морфологиясы жэне тіршілік циклі.




  1. Плаун тәрізділердін жалпы сипаттамасы.




  1. Плаундардын морфологиясы.




  1. Плаундардың тіршілік цикліндегі спорофит жэне гаметофит.




  1. Қырыкбуындардың кұрылыс ерекшелігі және тіршілік циклі.




  1. Папоротник тәрізділердің жалпы сипаттамасы, классификациясы.




  1. Папоротниктердің морфологиясы.




  1. Папоротниктердің көбеюі, тіршілік циклі.




  1. Папоротниктердің тіршілік формалары, таратуы, маиызы.




    1. Плаун тәрізділердін, папоротник тәрізділердің эволюциясы.


ЖАЛАҢАШ ТҮҚЫМДЫЛАР НЕМЕСЕ АШЫҚ ГҮҚЫМДЫЛАР бөлімі - GYMNOSPERMAE, PINOPHYTA
Жаланаштұкымдылар азғантай топ 700 түрі тіркелген. Ағаш жэне бұта
формалары ғана белгілі. Көпшілігі мәнгіжасыл өсімдіктер. Жалаңаштүкымдылар ежелгі өсімдіктер. Қазба калдыктары девон дәуірінде табылған, арғы тегі түкымды папоротниктер. Кейбір ғалымдар саговниктерді тұкымды папоротниктерден шықкан, ал кылкан жапырактыларды тұкымға ұксас мүшесі болған плаунтәрізділерден шыккан деп түжырымдайды. Жаланаштұкымдылар мезозой, триас, юра дәуірлерінде өте жаксы дамыған. Ал бор дәуірінен бастап жабыктүкымдылар басымдылык таныткан. Сондыктан көптеген жалаңаштұкымдылар бұл кезде жойылып кеткен. Қазіргі заманның жаланаштүкымдылары - кылкан жапырактылар. олар Еуразия жэне Солтүстік Америка аумағында көлемді қылқан жапыракты ну ормандар түзеді.
Кейбір Ашықтұкымдылардың жапырактары ірі, тілімделген, папоротниктің жапырагына ұксас болса (саговниктер), ал баскаларынын жапырактары үсак, ине тэрізді (қарағай) немесе кабыршакты (боз аршалар, туялар) болып кедеді. Тамыры ірі кіндік тамыр.


42

Жалаңаштұкымдылар эртүрлі споралы өсімдіктер. Микро- жэне мегаспоралары микро- жэне мегаспорофильдердегі микро- жэне мегаспорангияларда түзіліп, көбінде бүрге (стробилаларға) жинақталған.

Спорофит басым, гаметофит өскін турінде ғана белгілі. Папоротниктәрізділерден айырмашылыгы гаметафит спорофитте дамиды. Біракта аталык гаметофит, үрык толық жетілгенге дейін аналык өсімдіктен алыска кетпейді. Бүл көбею мүшесі - түқым пайда болған алгашкы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер тобы. Тукымы мегаспорофилде жалаңаш, ашық жатады (жаланаштүқымдылар атауы осыдан). Тұкымнын пайда болуы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер эволюциясында маңызды рөл аткарады.


Түкымның спорадан артыкшылығы: Тұкым спораға карағанда тығызырак кабыкпен капталған, ол қорғанышты күшейтеді. Түкымдагы кор заттары спораға Караганда өте көп болады, бұл сәйкесінше ұрықтың дамуына колайлы жағдай тугызады. Тұкым ұзак уакыт бойы тыныштык күйде бола алады (колайсыз жағдайларда), сонымен бірге өзінін ылғалдылығын жоғалтпайды. Тұкымның таралу мүмкіндігі де жоғары (ілмешек, тікен, мамыкшалар жэне т.б. арқылы). Өзге ортаға түскен өсімдік сол ортаға бейімделе алады, жаңа белгілерге ие болып жаңа түр де пайда болуы мумкін. Тұкымның пайда болуы


  • бұл тұкымды өсімдіктердің прогрессивті, қарқынды дамуынын белгісі. Түрақты тіршілік ету турі - гаметофиттің жойылып, тұкымның спорофитте дамуы өсімдікті қоршаған орта әсеріне тэуелділігінен босатады.

Саговниктер класы - Cycadopsida, Беннетиттер класы - Bennettitopsida, Гинкголар класы - Ginkgoopsida, Қылқан жапырактылар класы - Pinopsida, Қабыршақты тукымды класс немесе Гнеталар - Chlamidospermatopsida, Gnetopsida,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет