Жоғарғы оку орнына арналған оку кұралы. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚму бак, жэне баспа орталығы, 2007. 121 б


ДАРА ЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ - MONOCOTYLEDONEAE



бет17/26
Дата01.04.2020
өлшемі3,3 Mb.
#61310
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Өсімдіктер систематикасы кітап


ДАРА ЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ - MONOCOTYLEDONEAE
Дара жарнактылардың 122 тұқымдасы, 3100 туысы, 63000 түрі белгілі. Жер бетінің барлык кұрлыктарында кең таралған. Негізгі тіршілік формалары шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары жай кезектесіп жэне кондырмалы орналаскан, паралель (катар), дога жэне кауырсынды-торлы жүйкеленген. Тамыр жүйесі шокганган - шашак тамыр. Гүлдері үш мушелі. Тұкымда бір ғана түқым жарнағы болады, Ең маңызды түқымдастарын қарастырамыз.
Лилилидтер катары -Liliales
Лилиидтер негізінен кұргак жерлерде, кейбір түрлері ылғалды сулы ортада кездеседі. Жапырактары жай, параллель немесе дога тәрізді жүйкеленген. Гүлдерінің мушелері 3 катар түзіп орналасады, Сабагы жуандамайды, өткізгіш шоктары жабык, сабактың көлденен кесіндісінде олар ретсіз шашыраңкы орналасады, ¥рықтың бір гана тұқым жарнағы болады.
Лалагүлдер түкымдасы - Liliaceae
Лалагүлділер ірі түкымдас 1300 түрі белгілі. Соның ішінде ТМД елдерінде 640 түрі, БҚО-да 33 түрі, 9 туысы кездеседі. Жер шарының барлык


76

бөлігінде таралған. Әсіресе, кұрғак климатты аудандарда. далаларда, биік таулы аймақтарда көп кездеседі. Көпжылдык шөптесін өсімдіктер. Жер асты бөлімдері пиязшык немесе тамырсабактан тұрады (жер асты бөлімдері өте жаксы дамыған). Жапырактары жай. таспа тэрізді немесе кандауыр пішінді болады.
Гүлдері актиноморфты, ірі, ашык түстерге боялған. Егер гүлдері ұсак болса. сыпырткы, шашак, шатыр гүлшоғырларына жинакталған, гүлсерігі күлтетэріздес 2 немесе 3 шенберден тұрады, тозаңкабы 6, екі шеңберге жинақталған, аналығы 1, 3 біріккен жеміс жапыракшаларынан түрады. Түйіні жоғары орналаскан. Жемісі корапша немесе жидек жеміс. Лалагүлдердін ішінде пайдалы түрлер де болады: азыктык (пияз, сарымсак), емдік (інжугүл), техникалық дакылдар (жаңазеландиялык зығыр), кұнды талшыктык жэне сәндік өсімдіктер (лалагүл, кызғалдак, сүмбіл).
Қызғалдық туысы (тюльпан - Tulipa). Қызғалдақтын жабайы жэне мэдени түрлері кездеседі. Мэдени кызғалдактың 800-дей іріктемесі белгілі. Қазакстанда 32 түрі кездеседі. Көпжылдык, пиязшыкты. ак, сары, кызыл гүлді өсімдік. БҚО-да Биберштейн кызғалдагы, Шренка кызғалдағы, косгүлді кызғалдақ кен танымал. ҚР Қызыл кітабына Шренка кызғалдағы енген.
Мамыр інжугүлі (Convalaria majalis) көпжылдык, тамырсабакты. ерте гүлдейтін өсімдік. Ак түсті, хош иісті, шашак гүлшоғырлы өсімдік. Орманда өседі. Құнды өсімдік, жүрек ауруларына ем ретінде колданылады. Иіс су жасауда кен колданыска ие. ҚР Қызыл кітабына енген. БҚО-да жайылым ормандарында өседі. Жайык өзені Інжугүлдің табиғи шығыс шекарасы болып табылады.
Пияз туысы (Allium) Ірі туыс, 400 турі белгілі, Қазакстанда 109 түрі. БҚО-да 12 түрі кездеседі. Пиязшықты өсімдіктер. Екпе жуанын практикалык маңызы зор.
Сарымсак - (Allium sativum) Пиязшығы бөлшектерден түрады. Пияздың да, сарымсактын да құрамында микробтарды өлтіретін - фитонцидтер болады.
Лалагүл туысы -(лилия- Lilium) 80 түрі бар. Кең көлемде өсіріледі. Пиязшықты өсімдік. Кең таралған түрі ак лилия, реңді лилия. Солтүстік Каспий аймағында сирек кездесетін түрлері: Ashaagus inderiensis, Fritilla mflfagris. F. Ruthenica.
Лалатұкымдастарының эфемероидтары - жыл бойына жер асты мүшелерін сактайтын, вегетатциялык кезеңі кысқа, көпжылдык өсімдіктер. БҚО - ның эфемероидтарына - кызғалдак, жуа, кұрткашаш жатады.
Суйсіндер түкымдасы - Orchidaceae
Сүйсіндер ірі тұкымдас. 750 туыс, 25 мыңнан астам түрі, ал БҚО-да 3 туысы, 8 түрі белгілі. Бүл гүлді өсімдіктердің ішіндегі ең ірі тұкымдас. Дүние жүзінің тропикалық аймактарында кең таралған. Көпжылдык, тамырсабакты немесе түйнекті шөптесін өсімдік. Сүйсіндер жоғары денгейде ұйымдаскан тукымдас. даму процесі бунакаенелілермен тозаңдану бағытында жүрген.


77

Түрөзгеріс формалары өте көп. Бұлардың арасында ағаштардың дінінде өсетін эпифиттер бар. жапыракгарда өсетін эпифилдер бар жэне ұзындығы 40 м лианалар кездеседі. Көпшілігі сапрофиттер (өлі органикалык қалдықтармен қоректенеді). Генеративті формалары өте күрделі өзгерістерге ушыраган.

Гүлдері зигоморфты, косжынысты, ашық түсті, хош иісті. Гүлдерінің мөлшері 0,2 - 25 см-ге дейін. Гүлсерігі 2 шеңбер құрып орналаскан пішіні әр алуан 6 күлтежапырақшадан турады. Ішкі шеңбердегі бір күлте жапыракша баска күлтелерден өзінің ірілігімен, өзгеше түрімен, түсімен ерекшеленеді, оны бунакденелер конатын алаң - ерін деп атайды. Тозаңқаптары біреу, сирек жағдайда екеу болады, кейде өте сирек үшеу болуы мүмкін. Бунакденелермен тозандануға бейімділік өте жоғары дейгейде калыптасқан, бір ғана тозаңқаптын өзі тозаңдануға катысуы муның айғағы. Аналыгы біреу, уш жеміс жапыракшаларынан турады. Түйіні төмен орналасқан, түкым бурлері өте көп (мыңдаған, тіпті миллиондаған). Жемісі - қорапша. Күлтесі мен тозаңкабы бірігіп өсіл тутікше курайды. Жапырақтары кезектесіп орналаскан, тутас жиекті, кынапты (сағаксыз), сабакты орап орналасады.


ТМД флорасынан біртозаңқаптыларға сүйсін (бірнеше түрлерімен), любка двулистная жатады.
Бір тозанкаптың тозаңы екі уяшыктан тұрады. Әр ұядағы тозаң туйіриііктелген жэне поллиний деп аталады. Полинийдің аяқшасы бар, ал аяқшасының негізінде кілегейлі жастык - прилипальце бар. Мұның бэрі
поллинарий деп аталады. Тозаңдандырғыш бунакдене - түкті ара, бунакденелер конатын алаң - ерінге келіп қонады, сосын өзінің тумсығы мен басын гүлдің ішіне суғады да прилипальцага тиеді. Поллинарийлер бунақдененің басына жабысып калады. Шырынды сорып болған жэндік ушып кетеді. ¥шып жүргенде поллинарияның ылғалы жогалтады да ол азғана иіледі. Бунакдене екінші гулге келіп конып, басын гүл ішіне сүкканда, поллиния тура аналык аузына барып түседі. Басқа орхидеялардың еріні қозғалмалы болып келеді, бунакдене конғанда ол көтеріліп поллинийдің аналық аузына келіп түсуіне жағдай жасайды.
XVIII гасырда 1765 жылы неміс мугалімі Шпренгель біртозаңкаптылардьщ тозаңдануын ашқан болатын. Тозаңдану мен үрыктанудан кейін өте көп усак. жеңіл (салмағы 0,000002 гр болатын) жемістер

  • корапшалар түзіледі (3-4 миллионға дейін). Бул даму деңгейінің өге жогары екендігін көрсетеді. Тропикада өседі.

Орхидеялардың ішінде пайдалы түрлер көп емес. Ең маңыздысы бүл — ваниль. Ол лиана. Отаны - Мексика. Барлық тропикалық аймақта өсіріледі. Ванильдің жемісі - корапша (ұзындығы - 15-20 см, ені 7-8 см). Қорапшаларын піспей гурып жинап алып, ерекше жолмен ащытады. Мундай жағдайда олар кою — коңыр түске боялады, ерекше иісі пайда болады, жэне ине тәрізді ванилин кристалдары пайда болады. Дэмдегіш ретінде қолданылады. Орхидеялар - оранжерея, бөлме сәндік өсімдіктері ретінде танымал. Сүйсіннің «салеп» деп аталатын түйнектері медицинада ішек ауруларына ем ретінде колданылады. ТМД және Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Телпек сүйсіні Қазақстанның Қызыл кітабына енген.




78

Қияколендер түкымдасы - Сурегасеае
Көпжылдык өсімдік, 120 туысы, 5600 түрі белгілі. БҚО-да 4 туыс, 15 түрі кездеседі. Дүние жузінің барлык кұрлықтарында кең таралган. Тамырсабакты. көп жылдык шөптесін өсімдіктер. Сабактары 3 кырлы. Жапырактары енсіз, астык түкымдастарының жапырағына ұқсас, жатыны түйык. тілшесі болмайды. Гүлдері ұсақ, кою түсті, гулсерігі редукцияға ұшыраған. Тозаңқаптары гулалды буындардың колтығында орналаскан. Тозаңкабы - 3. Тозаңдар тозаң жіпшелеріне негізімен бекиді. Аналығы біреу, үш немесе екі жеміс жапыракшаларынан түрады. Түйіні жоғары орналаскан. Жемісі - жанғак.
Өзен камысы - (Scipus) Қамыстың бірнеше түрі бар. Кен таралған. Олар өзендер жағалауында, көлдерде, ылғалды жерлерде. су коймалары манында кездеседі, кейде суға еніп те өседі. Бул биік, көпжылдык, тамырсабакты өсімдік. Сабағы дөңгелек-жұмыр, жасыл түсті, жапыраксыз. Гүлдері 6 кылшыктан тұрады, олар сабактын ұшында орналаскан коныр тусті сыпырткы гүлшоғырына жинакталған. Қүрылыс материалы ретінде кен колданыска ие.
¥лпабас - (пушица- Eriophorunt) Гүлсерігі 6 кылшыктан тұрады, олар жеміске ауыскан кезде катты тілімденіп, мамыкка айналады, соған байланысты атауы шықкан. Тундра, тайга батпактарында кен таралган.
Қияқ - (осока - Сагех) 2-мын түрі белгілі, ТМД елдерінде 400 түрі кездеседі. Кен таралған. Гүлдері дара жынысты, кейде кияктар ылгалды аймактарда каулап өсіп мол жасыл массалы өнім береді, алайда мал киякты тіптен жемейді. Ал шөлейітті аймакта өсетін кияк азык көзі болып табылады. Қияктың кейбір түрлері (кұм кияғы) жаксы кұм токтаткыш болып табылады. БҚО-да кездесетін түрлері: ерте кияк (аласа өсімдік), орал кияғы, колхидті кияк, косүйлі кияк.

Астық немесе конырбастар қатары - Graminales, Poales
Осы қатар гулдері ұсак. ажарсыз анемофильды. Гүлдерде екі гүлді кабыршақ дамиды (төменгі жэне жоғары), үш аталык, бір аналык, жемісі - дэн.
Астық немесе Қонырбастар түкымдасы - Gramineae, Роасеае
Дүние жүзінде бұл тұкымдастың 900 туысы, 11000 мың түрі. БҚО-да 47 туысы, 97 түрі белгілі Жер шарында кең таралган. Кейбір аймактарда астык тұкымдастары тұтас алкапты алып жатады: еуро-азиаттык далалар, солтүстік - америкалык далалар - прериялар, онтүстік - америкалык далалар - пампастар. саванналар, өзен аңғарындагы шалғындыктар, альпі шалгындар. Көпжылдықтар, біржылдыктар жэне сирек жағдайларда сүректенген сабакты формалары да кездеседі (бамбуктар).
Астық тұкымдастарының сабагы кияктарга Караганда жұмыр. цилиндрлі, буындары жэне буынаралыктары болады. Мұндай сабак «сабан сабак» - деп аталады. Сабактың мөлшері 1-2 см-ден, 30-40 метрге дейін (бамбуктар). Сабақтың жуандыгы 0,3-0,5 см-ден 25-30 см-ге дейін (бамбуктар).


79

Жапырактары таспа тәрізді, жэй, кынап аркылы біреуден кезектесіп орналаскан. Пішіні, көлемі әртүрлі тілшенің болуы тэн. Тілше жапырак таспасының кынапка бекінетін жерінде орналасады. Бұтактану түрлері: тамырсабақты; бұталы-түптену; сүректі- түптену.
Көбінесе астык түкымдастарында бұтактану сабақтың төменгі бөлігіндегі түптену буынында болады.


  1. Тамырсабакты астық түкымдастарда туптену буыны жер астында орналасады. Одан басталған горизантальды созылған жер асты өркендерінен вертикальды бутақтану жалғасады. Бидайык, арпабас, камыс жэне т.б.

туыстары белгілі.




  1. Бұгалы - түптену буыны жер астында орналасады. Одан горизонтальды созылған тамырсабак пайда болады, тамырсабактың бойында бір-біріне жакын орналаскан жер үсті өркендері дамиды. Бетеге, карабас шалғын, жима тарғак жэне т.б. түрлер жатады.




  1. Туптену буыны жер үстінде орналасады, одан паралель негізгі өсімдік көтеріледі, онымен коса вертикальды бағытта өркендері де өседі. Нәтижесінде тыгыз тұпті немесе сүректі - түпті өсімдік пайда болады. Бетеге, бозшөп, қонырбас жэне т.б. түрлер жатады.

Гүлдің курылысы. Гулдері усак, көріксіз, редукцияға ұшыраған. Желмен тозандануға бейімделген. Астык түкымдастарында тостаған жэне күлте жапыракшалар да болмайды. Астык тукы мдастары нын гүлі екі гүл кабыршағынан тұрады: төменгі ірірек қалың кабыршақтан және жоғарғы кішірек, жұқа кабыршактан турады. Гүл қабыршактарынын аралығында 2 немесе 3 гүлсерік кабыршактары - лодикулалар болады. Олар гүлдеу барысында ісініп, гүл кабыршактарын жоғары көтеріп тозандануға септігін тигізеді. Одан кейін тозанкаптар орналасады. Олар үшеу, сирек екі, одан да сирек біреу болуы мүмкін. Күріштің және бамбуктың тозанкаптары алтау болады. Астык тукымдастарының тозанкабы ортаңғы бөлімі аркылы бекінеді. Аналык жатыны біреу, аналык ауызы екі немесе уш кауырсынды. Түйіні жоғары орналаскан. Жемісі - дэнек. Гүлдері көбіне қосжынысты, сирек даражынысты, жэй масақ, күрделі масак, сыпырғы гүлшоғырын түзеді.


Бидай туысы (Triticum) әлемдік маңызы бар дақыл. Әсіресе, катты бидай мен жұмсак бидайдың практикалык маңызы зор. Қатты бидайдын отаны - Абессиния, ал жұмсак бидайдын отаны - Кавказ, таяу Азия. Қазіргі кезде Мироновка-88 іріктемесі алынды (әр гектардан 250 центнер өнім алынады!). Бул іріктемені шығарған академик Ремеслоның нүскауынша жаксы күтім, дұрыс өндеу барысында мол өнім алуға болатыны дәлелденді. Сонымен бірге, академик Лукьяненко сурып гаған «Безостая - 1 » іріктемесі де мол өнім береді.

Күріш туысы (Oryza) Отаны - Үндістан. Мэдени біржылдык дакыл, жабайы түрлері көггжылдыктар. Барлық вегетациялык кезеңі су ішінде өтеді. Кавказ, Орта Азия, Қиыр Шығыста, Қазакстанда өсіріледі.
Жүгері туысы( Zea) Отаны - Мексика. Бул биік, шөптесін біржылдык өсімдік. Гүлдері дара жынысты. Тозаңкаптары бірігіп сыпырткы гүлшогырын тузіп, сабақ ушында орналасады, ал жапырақ колтықтарында аналык гүлдері - собык дамиды. Бул азыктык, коректік жэне техникалықдақыл.


80

Арпа туысы ( Hordeum) Сыра жасау өндірісінде кеңінен колданылатын шикізат болып табылады. Арпа жармасын тамакка пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет