Жоғарғы оку орнына арналған оку кұралы. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚму бак, жэне баспа орталығы, 2007. 121 б


Аскомицеттер немесе калталы саңыраукұлақтар класы - Ascomycetes



бет7/26
Дата01.04.2020
өлшемі3,3 Mb.
#61310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Өсімдіктер систематикасы кітап


Аскомицеттер немесе калталы саңыраукұлақтар класы - Ascomycetes
Аскомицеттерге сапрофитті және паразитті тіршілік ететін көпклеткалы кұрылымды мицелийі бар сацыраукұлақтардың кептеген түрелері жатады.

Жынысты көбею процесінің нэтижесінде аскомицеттер аскалар немесе қалталылар түзіледі. Оларда үш түрлі денелер пайда болады:

Клестокарпий - тұйык жемісті дене. Қалаталары ретсіз орналаскан, паралельді түйін түзеді. Қалталардың кабықшасы жыртылып, сыртка шығады. Перитеций - жемісті денесі алмұрт пішінді жоғарғы бөлігінде аузы (кастауыш), оныц түбінде геминиальды кабат болады, онда оскоспоралар түзіледі.
Апотеций - тостаған тэрізді мицелий гифаларыныц матаскан шоғы. Бұл шоктарда парафиздермен бөлінген калталар орналасқан.

Қалталы саңырукұлактардын жыныссыз көбеюі конидия сагақтарында түзілген конидиялар көмегімен жүзеге асады (аспергилл, пеницилл). Кейде конидия сағақтары дара орналасады. Басқа жағдайларда бірнешеуден бірігіп топ күрайды: пекнида, каремия, ложе, сфацелия.


Пекнида - бүл шар тәрізді дене, оның кабырғасынан конидиялары бар конидия сағақтары тарайды. Каремия - бүл бүйірлері аркылы біріккен конидиялардың шоғы. Ложе - бүл тостаған тәрізді дене, ал олардың бетінде конидиялары бар конидия сағактары орналасады. Сфацелия - мицелий гифаларының шогы, ал олардан жан-жаққа конидия сағақтары тарайды.

Аскомицеттер класы 2 класс тармағына бөлінеді: Гемиоаскомицеттер (жалаңаш калталылар) - Hemiascomycetidae. Бүлардың калталары бос, ретсіз жатады. Эуаскомицеттер - Euascomycetidae. Жемісті денелері болады.


Гемиоаскомицеттер класс тармагы - Hemiascomycetidae
Гемиаскомицеттердің жемісті денелері жэне гимениальды кабаты болмайды, қалталары мицелийдың үстінде немесе жеке клеткаларда дамиды. Ең маңызды ашытқы саныраукұлак туысы - нан ашыгкысы - Saccaromycetes. 350 түрі белгілі, табиғатта кең тараған. Вегетативті денесі жеке
клеткалардан түрады, нақтылы мицелийі болмайды. Көбею жолдары: бүршіктену, сирек жынысты процесс жүреді . Жынысты көбею барысында екі клетка бір-біріне жанасып, ішкі сұйыктыктары косылады да диплоидты зигота тузіледі, кейін бүршіктену жолымен көбею жалғасады. Диплоидты даралар үзақ уақыт өмір сүруге бейімделген, алайда қолайсыз жағдай туған сәгге төрт аскоспорасы бар қалтаға айналады.
Ашытқы саңыpayкұлактарын адам нан, шарап жэне сыра өнеркәсібінде


25

кен пайдаланады, айран, қымыз, шұбат. т.б. сүт өнімдерін алуда колданылады. Сыраны ашыткыш саныраукұлактардың құрамында көп мөлшерде
дэрумендер болады (В) жэне дәрі ретінде қолданыска ие.
Плектомицеттер катары - Plectomycetidales
Бұл катар өкілдерінің жемісті денесі - клейстотецийлі. Онын ішінде калаталары ретсіз орналасады.

Пеиициллум туысы - Penicillum (зен саныраукұлағы). Онын мицелийі көпклеткалы. Одан конидиянын көпклеткалы сағағы дамиды. Сағактың ұшы бұтактанып. шашактанады. Бұтакшасының ұшында конидиялар пайда болады, ол пісіп-жетілгеннен кейін жаңа саңыраукұлақ дамиды.
Аспергил туысы - Aspergillus (зең саныраукұлағы). Денесі бір ірі клеткадан тұрады. Конидия сағағы клеткаға бөлінбеген. Оның жоғарғы жағы түйреуіштін басы сиякты томпайып шар тәрізді болып келеді.
Пенициллден антибиотиктер, ал аспергиллден лимон , кымыздык, глюкон. фумар кышкылдарын. фруктоза жэне ферменттер алынады. Бұл зен саны pay күл ақтары нан алынған ферменттер тамақ, тоқыма жэне тері өнеркәсібінде колданылады. Кейбір зең саңыраукұлақтары адам мен жануар ауру коздырғыштары.

Пиреномицеттер (кастауыш) катары - Pyrenomycetidales
Пиреномицеттердің 15000 түрі белгілі, Қатардың ен көп тараған өкілдерінің бірі — кастауыш (Claviceps purpurea). Бұл кара бидайдың жэне көптеген жабайы астык тұкымдастарынын паразиті. Бидай масақтарында
дәннін орнына бірнеше мицелийлердің тығыз өрімделуінен тұратын склероцийлер пайда болады, оны «каракүйе» деп атайды. Склероциялардан келесі жылда 10-30 стромалар дамиды, онда перитецийлер орналасады, әрбір перитицийда 8-ден жіп тәрізді аскоспоралар түзіледі, олар желмен таралып, кара бидайды закымдайды. Мицелий түзіледі, одан ары карай склероций пайда болады. Сыртынан склероцийдің реңі сиякек- кара , ал іші ак массадан тұрады. Қастауыштың склероцийінің кұрамында улы алкалоидтар болады. Олардын ундагы аздаған мелшері адамда кауіпті ауру туғызуы мүмкін.
Базидиомицеттер класы - Basidiomycetes
Бұл класка көпклеткалы мицелийден түратын 25-30 мындай түрі енеді. Оларға көптеген жеуге жарамды түрлермен катар улы саңыраукүлуктар да жатады. Базидиомицеттер сапрофиттер жэне жогарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттері.
Жыныссыз-конидиялі спора түзу сирек кездеседі. Жынысты спора түзу мүшесі базидий. Жыныс мүшелері жэне арнаулы жынысты көбею жолдары болмайды. Гаплоидты мицелийлердің екі келткалары косылган соң базидиялар пайда болады, бүл жағдайда ядролар дикариондар түзеді. Көпшілік жағдайда


26

гетерогамия кездеседі. Базидия бірклеткалы болуы мүмкін, олар холобазидия («холос» -толык) деп аталады. Базидийдің екінші түрі - фрагмобазидия, бүл жақтаумен 4 клеткаға бөлінген базидий («фрагма» - жактау). Дамуына орай базидиялар автобазидияларға бөлінеді, олар аналык клеткалардан пайда болады, кұрылысы тұрғысынан холобазидиялар. Гетеробазидиялар аналык клетканың өсінділерінен пайда болады, кейін гаплоидты клеткалардан жактау

түзіледі. Склеробазидиялар - склероцийден пайда болған 4 клеткалы фрагмобазидий. Базидиомицеттер класы екі класс тармағына белінеді:


Холобазидиомицетес (Holobasidiomycetidae), Фрагмобазидиомицетес (Heterobasidiomycetes).
Холобазидиомицеттер класс тармағы - Holobasidiomycetidae
Бұл класс тармағы жеуге жарамды жэне улы саңыраукұлактардың үлкен тобы жатады. Оларды санына байланысты катарлар мен тұкымдастарға бөледі. Бүл класка жататын саңыраукүлактардың жемісті денесі аяқшамен калпакшадан тұрады немесе кейбір түрлері төсеміктің бетін төсеп (жайылып) жатады. Пішіндері эралуан, тарамдалған жіпше түрінде немесе тұяктэрізді пішінде болады. Консистенциясы бойынша олар іркілдек, көпкабатты, сүректі болып келеді. Жемісті денелерінің бетінде гименофоралары орналасады. Гименофора - гимениймен жабылған жемісті дененің бір бвлігі, ал гимений дегеніміз - базидийлер мен жыныссыз гифалар парафиздерден күралған кабат. Кейде парафиздерден баска гименийде шатырға ұксас түзілістер-цистидтер гүзіледі. Олар ылғалды ауа райында саңыраукұлақ спораларын корғайды. Көптеген жеуге жарамды жэне улы саныраукүлактардың гименофоралары таспа немесе түтік тэрізді болып келеді. Барлық таспалар (пластинкалар) базидиялар мен парафиздермен жабылган. Базидий көпшілік жағдайда тікенге ұксас. тегіс түрі сирек кездеседі.


Гименомицеттер катары - Hymenomycetiodales
Гименомицеттерге 12000-нан астам саңыраукұлақтар жатады. Бүл катарда жеуге жарамды және улы санырауқүлактар болады. Ең улы саңыраукұлақтар: боз поганка және мухамор. Ең улы саңыраукұлак бледная поганканың күрамында өте улы алкалоид - фаллоид болады. Оның әсері 2-3 күннен кейін байкалады, бұл уақытта бауыр мен бүйрек өте ауыр зақымданады, соңы өліммен аяқталады. Поганканың төменгі бөлігінде, аяқшасының негізінде кішкене тостаған - вольва болады, аякшасын ак түсті гименофора калдыктары жауып жатады. Мухомор кұрамында мускарин жэне мусскаридин алкалоидтары болады, бұлардың эсері саңыраукүлакты жеген бойда байкалады.

Ең «дәмді» Болетус туысы (Boletus). Олар ағаштармен эктотрофты микориза түзеді, негізінен орман саныраукүлақтары. Ак саңыраукұлақтар, көктерек және аккайың саңыраукүлактары т.б.



Үй саңырауқұлактары ғимараттардың ағашты бөліктерін, теміржол


27

шпалдарын, кағазды, жиһаздарды мекендеп, закымдайды.
Фомес туысы - Fomes (трутовиктер) ағаш діңдерінде кездеседі. Жемісті денелерінің пішіні тұяқтәрізді, консистенциясы сүректі болып келеді. төменгі бөлігінде түтік тэрізді гименофорасы орналасады.
Далдиния саңыраукұлағы кайыңнын денесінде өседі. Далдиния закымдаған кайыннын сүрегі кызыл жиекті, өте әдемі болып көрінеді. Оны теріні бояу үшін пайдаланылады.
Гастеромицетгер катары - Gastromycetes
Гастеромицеттердің жемісті денесі тү.йык, 1100 түрі белгілі. Бұл саныраукұлактар жаңбырдан кейін дамиды, сондықтан «жаңбыршылыктар» деп аталады.
Жанбыршылықтар туысынын бірнеше түрлері белгілі: Бовисто, Калватия, Ликопердон. Жанбыршылардың мөлшері 50 см-ге жетеді, ал салмағы 15-20 кг, миллиардтаған споралары болады.
Гетеробазидиомицеттер класс тармагы - Heterobasidimycetes
Бүл класс тармағына базидиялары 4 бөлікке бөлінген саңыраукұлактар жатады. Гетеробазидиомицеттер қаракүйе жэне тат саныраукұлактар катарына бөлінеді.
Қаракүйе саныраукұлактар қатары - Ustilaginales
Бүл саныраукұлактар астық дакылдарының паразиттері. Қаракүйе түскен астық тұкымдастары өнім бермейді, өйткені олардың масактары каракүйеге айналады (40% пайызға дейін өнімді төмендетеді).
Сүлы каракүйе саңыраукұлақтары. Қаракүйе спорасы 4 клеткалы фрагмобазидийден өсіп шығады, эрбір клетка өзінің белгісі бар споралар түзеді, споралар жерге түседі. Бүл споралар өсіп алғашқы гаплоидты мицелийге айналады, сосын 2 мицелий косылып дикарионды мицелий пайда болады. Кейде екі спора косылуының нәтижесінде дикарионды мицелий түзілуі мүмкін. Дикарионды мицелий тұкымның перикарпы арқылы өсімдіктің өсу нүктесіне жетеді де, ар карай онымен бірге өсіп, өсімдіктің барлық ұлпаларын закымдайды, әсіресе масағында жаксы дамып, эндоспермін, ұрықты тесіп өтіп, хламидоспораларға ажырайды, масақ каракүйеге айналады.
Бидайдьщ каракү'йемен закымдануы гүлдеу кезеңінде жүреді. Қаракүйе саңыраукүлағы 4 клеткалы фрагмобазидийға айналады, бірак оларда базидиоспоралар түзілмейді. Базидияның клеткалары жүптасып дикарионды мицелийлер түзеді. Мицелий гүлдеп түрған өсімдікке тозаң жолы аркылы түсіп, аналық жатынына енеді. Осымен мицелийдің дамуы күзге дейін токтайды. Күзде ұрығында саныраукұлак паразиті бар бидай дэнегін сау бидай дәнегінен ажырату киын. Келесі жылы дэнек өсіп дамиды, онымен бірге онын ішіндегі мицелий де дамиды. Ол гүлдің барлық бөліктерін закымдайды (масагын, күлте жапыракшаларын, тозанкабын, аналығын), ал содан кейін хламидоспораларға ыдырайды, жалаңаш өзек калады да масақ қаракүйеге


28

айналады.
Тат санырауқұлақтар катары - Uredinales
Тат саңраукұлақтардың 5000-ға жуык түрлері белгілі, олар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттері. Закымдалған өсімдіктерде тат түсті дактар көрінеді, бұл споралар жиындыктары. Тат саныраукұлактарының даму циклында эр түрлі споралар кезеңі кездеседі (пикноспоралар, эцидиоспоралар, уредоспоралар, телейтоспоралар, фрагмобазидиялар). Осы катарда екі
тұкымдас белгілі - пукциниялар (Puccinaceae), меламоспориялар (Melamosporaceae). Пукциниялар тұкымдасында ең көп таралған пукциния туысы (Puccinia). Даму циклы сарағаштан (барбаристан) басталады. Жапырақтардың жоғарғы жағында сарғыш түсті дактар пайда болады. Бу.і гаплоидты мицелий, немесе пикнидтер кұмыра пішінді. Онда пикноспоралар + жэне - арналады, олар піскен кезде хош иісті сүйықтық бөледі, онымен бунакденелілер қоректеніп, пикноспораларды + жэне - бір-біріне тасымалдайды. Сонан кейін жапырактың төменгі жағында эцидияларда эцидиоспоралар дамиды, олар желмен астык тұқымдастарды закымдайды, ол жазғы споралар немесе уредоспоралар деп аталады. Өсімдіктің закымдалған жері темірдің татындай болып тұрады. Жаз бойы сау өсімдіктер уредоспорамен 5-6 рет зақымданады. Күзде уредоспоралардьщ орны карайады, қыстық споралар телейтоспоралар түзіледі. Ол екі клеткадан, екі ядродан тұрады. Телейтоспоранын ядролары қосылып диплоидты ядро түзеді де, келесі көктемде өсіп редукцияға ұшырайды. Одан 4 клеткалы фрагмобазидий дамып, ол сары ағашқа түсіп, даму циклі қайталанады.


ҚЫНАЛАР бөлімі - LICHENOPHYTA
Қыналар - автотрофты - балдырлар немесе цианобактериялардан жэне гетеротрофты - саңыраукұлак жіпшелерінен тұратын біртұтас симбиогикалык организмдер. Олардың 20000 - нан астам түрі белгілі. Дене мөлшері алуан түрлі (бірнеше см-ден оншақты см-ге дейін). Қынанын денесі - талломның (катпар) реңі кұрамында түзілген пигменттерге байланысты сұр. акшыл жасыл, бурыл - коңыр, саргыш, кызғылт, кейде кара, т.с.с болуы мүмкін.
Қыналар катпарына орай 3 топка бөлінеді:
Қабықты, немесе қаспакты кына ағаш қабығына ұксас. Олар топырак бетінде, тау жыныстарында, ағаш пен бұталар қабығында өседі. Бүл кыналардың талломы төсемікке жабысып өседі, сондыктан оны алғанда тез бұзылады. Қыналардың 80 % - ті осы топка жатады.
Жапырақты кыналар күрделі күрылысты, талломы такта пішінді, төсемікке гиф аркылы бекиді жэне онай алынады.
Бүталы қыналар - катпары өте күрделі кұрылысты, бұталы сабак тэрізді талломы төсемікке негізімен бекиді. Қына вертикальды өседі, сондыктан фотосинтезге қажетті күн сәулесін жеңіл пайдаланады.


29

Қыналардын катлары негізінен саныраукұлак жіпшелерінен тұратын беткі және төменгі кабьгкты кабаттан және саныраукұлак жіпшелері мен
балдырлардан тұратын борпылдак ортаңғы бөлімнен кұралған. Ортанғы бөлімнің аткаратын кызметі - хлорофилді балдырлар клеткасына ауаны өткізу.
Саңыраукұлак пен балдырлар арасындағы симбиозды байланыс: -кыналар денесіндегі санырауқұлак жіпшелері тамырдын, ал балдырлар клеткасы фотосинтез процесі жүретін. органикалық зат жинайтын жасыл өсімдіктер жапырагыньщ кызметін атқарады. Саныраукұлак балдырды сумей жэне минераль тұздарымен камтамасыз етеді. Сонымен кыналар автогетеротрофты организмдер. Қыналарға ерекше жана биологиялык касиет тэн. Олар, балдырлар жэне саңыраукұлақтар жеке тіршілік ете алмайтын аймакта кездеседі.
Қыналар барлык биогеографиялык аймақтарда, эсіресе коңыржай, салкын климатты және тауларда таралған. Олар куаңшылыкка жэне салкындыкка төзімді. Қыналар өнделетін аудандарда кездеспейді, себебі жэй өседі, яғңи органикалык заттар баяу жиналады. Б.үл организмдер ауанын тазалығына талғамды (түтін, күйе, эсіресе өнеркәсіп орындарынан белінетін күкіптті газдарға сезімтал).
Қыналар негізінен вегетативті жолмен жэне спора аркылы да көбееді. Қыналар автогетеротрофты компоненттер ретінде биогеоценоздарда күн
энергиясын аккумуляциялап. белгілі биомасса түзеді жэне органикалык заттарды минеральды заттарға дейін ыдыратады. Тундрада бұғы азығы (ягель-бугы мүгі). Көптеген жабайы жануарлар (елік, күлан, марал) қынамен коректенеді. Қыналар ауа тазалығын көрсететін индикаторлар. Кейбір кыналар химия өнеркэсібінің шикізаты.
Қыналар кұрамындағы саңыраукұлактарға байланысты 2 класка бөлінеді:
калталы кыналар - Ascolichenes, базидиальды кыналар - Basidiolichenes.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет