Жоғарғы оку орнына арналған оку кұралы. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚму бак, жэне баспа орталығы, 2007. 121 б



бет8/26
Дата01.04.2020
өлшемі3,3 Mb.
#61310
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Өсімдіктер систематикасы кітап


Бакылау сұрактары:


  1. Клегейлілер немесе миксомицеттердін күрылыс ерекшелігі, көбеюі, таралуы, манызы.




  1. Саныраукұлактар. Клеткасынын күрылысы.




  1. Саныраукұлақтардың жануарлар мен өсімдіктерге ұқсастығы.




  1. Төменгі жэне жоғарғы сатыдағы саңыраукұлактар.




  1. Хитридиомицеттер. Мицелияның қүрылысы. Көбеюі, маңызы.




  1. Оомицеттер. Мицелияның кұрлысы. Көбеюі, маңызы.




  1. Аскомицеттердін кұрылыс ерекшелігі, көбеюі, маңызы.




  1. Базидиомицеттердің кұрылыс ерекшелігі, кебеюі, маңызы.




  1. Саныраукұлақтардын экологиялық топтары.




    • .Қыналардын морфологиялык ерекшеліктері, көбеюі, таралуы, маңызы.


30

ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР CORMOPHYTA -
CORMOBIONTA, EMBRYOBIONTA
«Cormos» - өркен жэне «phyton» өсімдік (латын тілінен алынған) деген мағынаны білдіреді.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердін негізгі ерекшелігі денесінің бөлек мүшелерге (сабак, жапырак, тамыр) бөлінуі. Дененің мүшелерге белінуі өсімдіктердің сулы ортадан күрлыққа шығуымен байланысты.
Екінші ерекшелігі курлықта тіршілік етуі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің суда кездесетін өкілдері (сары тұңғиык. ак тұңғиық , жүзгіш сальвиния) суда екінші рет тіршілік етуге бейімделгендер болып есептеледі. Сонымен қатар суда кейбір папоротниктер мен гулді есімдіктер кездеседі. Теңіз суьшда гулді өсімдіктердің тек 30 түрі ғана тіршілік етеді.
Өсімдіктер курлыққа шығып, екі тіршілік ортаның (құрлык-ауа, топырак қабаты) эсеріне тап болды. Өсімдіктер тіршілік орта өзгерісіне бірқалыпты бейімделе бастады. Өсімдіктердің күрлыкка шығуы тек сыртқы түрін өзгертіп қана қойған жоқ (тамыр, сабак, жапырак пайда бола бастады), сонымен қатар ішкі мүшелерінің анатомиялык күрылысы өзгерді, ұлпалар пайда болды (жабын, өткізгіш, механикалык, кор жинаушы жэне т.б. үлпалар катары). Бүл өзгерістер узак тарихи даму нэтижесі Өсімдіктер эволюциясы эртүрлі жүрді, казіргі кездің өзінде денесі мүшелерге бөлінбеген өсімдіктер (бауыр мугі) кездеседі.
Сүңғыла (Заразиха), омела сияқты паразитттерден баска жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығы жасыл түсті. Жасыл өсімдіктердің негізгі
пигменті- хлорофилл, негізгі қор заты - крахмал. Олар автотрофты қоректенеді («autos» (автос) - өздігінен, «trophe» (трофе) - коректену). Жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктердің барлығы фотосинтездеуші ағзалар (паразиттерден баскасы).
Жоғарғы сатыдағы жэне төменгі сатыдағы өсімдіктерге 3 түрлі жолмен көбею тән: вегетативті, жыныссыз, жынысты. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің артықшылығы олардың жыныс мүшелері (антеридиялар мен архегониялар) көпклеткалы, ал төменгі сатыдағы өсімдіктердің тек кейбіреулерінде ғана көпклеткалы жыныс муше (хара балдырлар) кездеседі.
Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге гаплоидты жэне диплоидты екі ұрпақтың (гаметофит жэне спорофит) кезектесуі тэн.
Кормофита өркенді өсімдіктер 300 мындай түрді кұрайды, Қазакстан Республикасында (ҚР) 5600 тү р і, Солтүстік Каспий маңында 1500 турі, Батыс Қазақстан облысында (БҚО) 1200 түрі кездеседі.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер палеозой дәуірінің кембрий кезеңінде пайда болған. Ең ежелгі өсімдіктер - псилофиттер . Олардың казба калдыктары силур дәуірінде тіршілік еткенін көрсетеді. Псилофиттердін курылысы бойынша олар алғашкы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер үшін тым күрделі, сондықтанда бұл тек болжам ғана.




31

Бүгінгі күнге дейін жогарғы сатыдағы өсімдіктердін нактылы жүйесі жок. Отандык жэне шетелдік систематиктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді 7

бөлімге бөледі:


Мүктәрізділер бөлімі - ( Bryophyta)
Псилот тәрізділер бөлімі - (PSILOPHYTA)
Плаун тәрізділер бөлімі-( LYCOPODIOPHYTA)
Қырыкбуын тэрізділер бөлімі- (Equsetophyta)
Папоротник тэрізділер бөлімі - (Polypodiophyta)
Ашық түкымдылар- (Gymnospermae)
Жабыктұкымдылар немесе магнолиофиттер бөлімі - (Angiospermae немесе Magnoliophyta)
МҮКТӘРІЗДІЛЕР белімі - BRYOPHYTA
Bryophyta атауы латын тілінен аударғанда bryon - мүк, phyton- өсімдік деген сөздерінен шыккан. Мүктәрізділер - тэуелсіз тіршілік ететін жоғарғы сатыдагы өсімдіктер тобы. Олардың 22-27 мың түрі белгілі. Бүл бөлім өкілдерінін казба калдыктары карбон дәуірінен белгілі, ал споралары силур дәуірінен табылған.
Мүктэрізділерге тэн белгілер: дене кұрылысының карапайымдылығы. Денесі дихотомиялы бұтактанған талломнан түрады (мысалы, бауыр мүктері), немесе сабак пен жапыракка жіктелген (жапыраксабакты мүктер). Дене мөлшерлері 1 мм-ден 20-30 см кейде 60 см-ге дейін. Бүлар ерекше көпжылдык шөптесін өсімдіктер, біржылдыктары сирек (жер жатаған шөптесін түрлер). Тамыры болмайды, оның кызметін эпидермис өсінділері - ризоидтар аткарады. Мүктердің ішкі кұрылымы карапайым, үлпалары нашар дамыган.
Мүктәрізділердің даму циклінде баска жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен салыстырғанда гаметофит басым. Мүктің өзі гаметофит болып табылады. Спорофит - спорогон-кауашак, ол гаметофитте дамып, гаметофит есебінен коректенеді. Жыныс мүшелері архегония жэне антеридия. Архегония пішіні колбатәрізді, кенейген бөлігі - жатын, жіңішке бөлігі мойны деп аталады. Жатынында жүмыртка клеткасы орналасады. Мойны, мойын жіпше клеткаларына толы, олар ұрыктану процесінде еріп, түтікке айналады. Антеридия сопақша. пішіні кап тэрізді, сағакты немесе отырмалы. Антеридияның іші спермогенді клеткаларға толы, ал олардан екіталшыкты сперматозоидтар пайда болады.
Кез келген мүктің даму циклі талломында архегониямен антеридияның пайда болуынан басталады. Бір өсімдіктер қосжынысты немесе кейбір даралар даражынысты (косжынысты - сфагнум, даражынысты - маршанция, көкек зығыры).
Пісіп-жетілген жыныс клеткалары сулы орта болған жағдайда ұрыктанады. Диплоидты зиготадан спорогон (кауашак) дамиды. Спорогонияларында редукция нәтижесінде спора түзіледі (споралы өсімдіктердін көбею мүшелері).



32

Кейбір турлерінде спорадан басқа споралардың таралуына септігін тигізетін элатерлары (серіппелері) болады. Дамыған споралары қауашактан шашылып жерге түседі де, одан протонема дамиды (грек тілінен аударғанда, протос - бірінші, нема - жіпше, алғашқы жіпше деген мағынаны білдіреді). Протонемадан жаңа өсімдік өсіп шығады, ал одан белгілі бір уақытта архегония мен антеридиялар дамиды.
Муктер ылғалдылығы жеткілікті немесе шамадан тыс ылғалды аймактарда
барлық континенттерде кездеседі. Мүктер орман зонасында жиі, ал тропикалық белдеуде сирек таралған. Тундра мен орман аймағы мүктер патшалығы деп аталады. Мүктер тұщы су коймаларында да тіркелген. Теңіз суында кездеспейді.
Ерекше бір жағдайларда болмаса, жануарлар мүктермен қоректенбейді. Сфагнум мүктері - шымтезек, жанар-жағар май көзі; тығыздалған такталар түрінде кұрылыста колданылуы мүмкін; мүктер - жинактаушы материал; малға төсем; тыңайытқыш ретінде қолданылады; сфагнум мүгінен спирт, қышкыл, сахарин алады.
Систематикалық тұрғыдан мүктэрізділер 3 класка бөлінеді: Антоцероттылар класы - Antoceropsida, Бауыр мүктер класы - Hepatiopsida, Жапырақ сабакты мүктер класы- Musci
Осылардың ішінен соңғы екі класты карастырамыз.
Бауыр мүктер класы - Hepatiopsida
Hepaticae (hepar - бауыр) атауы, сырткы пішіні бауырға уксас болғандықтан бауыр мүктері деп аталған. Бауыр мүктердің 8500 -ден астам түрі белгілі, талломды жэне жапырак сабакты формалары да бар, бірак бұлардың екеуіне де дорзо-вентральды кұрылым тэн. Спораларында элатерларының серіппелері болады. Протонемасы нашар дамыған. Қауашақтар тісшелер арқылы ашылады.
Бауыр мүктер класы екі қатарға бөлінген:. Маршанциялар - Marchantiales, Юнгерманиялар - Jungermaniales.
Маршанциялар катары - Marchantiales
Маршанциялар муктерінін 6000 түрі, 300 туысы белгілі. Бүл катардың ең кең таралган және танымал түрі кэдімгі маршанция - Marchantia polimorpha. Ол солтүстік жарты шардың орман зонасында кең таралган (космополит). Денесі жіпшелі талломнан тұрады (калындыгы 1-2 см-ге, кейде 5-20 см-дей), дихотомиялы бұтактанған, таллом шетіндегі оймакшада өсу нүктесі орналасқан, күрылымы дорзо-вентральды, талломның жогаргы бетінде шығарушы бүршіктерінде сағакты аяғы бар диска пішінді антеридий жэне көпсәулелі жұлдыз пішінді архегониясы бар. Ал төменгі бөлігінде бірклеткалы ризоидтары (қарапайым жэне тілшік) жэне амфигастриялары болады. Екіүйлі өсімдік. Архегония мен антеридия дамығаннан кейін су аркылы ұрықтану жүреді, архегония қауашаққа немесе қорапшаға айналады, споралары


33

диплоидты. элатера аркылы тарайды. Спорадан алғашкы жіп немесе протонема, ал одан жана маршанция дамиды. Практикалык манызы жок.
Юигерманиялар катары - Jungermaniales
Неміс биологы Юнгерманнын кұрметіне юнгерманиялар деп аталған. 8 мыннан астам (казір 5 мың) түрі жэне 195 туысы белгілі. Талломды жэне жапыраксабакты формалары да болады. Қоныржай жэне салкын ендіктерде тарапған, бірақ негізінен тропикада кен тараган эпифиттер, эпифиллдер. Ішкі кұрылымы өте карапайым, дорзо-вентральды. Практикалык маңызы жок.
Мүктер класы - Musci
Бұлар кәдімгі радиальды күрылымды жапырак сабақты мүктер. Шамамен 15700 түрі, 700 туысы белгілі. Екі жарты шардың орманды аймактарында таралған. Дене мөлшерлері 1 мм-ден (эфемеропсис) 20-30см-ге дейін. Жаңа Зеландияда кездесетін доусониянын көлемі 60 см-ге жетеді. Мүктердін ішіндегі ен биігі - кекек зығыры, биіктігі 30-40 см. Тропикалық аймақта сирек кездеседі. Элатер түзбейді, бірак ерекше аппарат - перистомы бар. Протонемасы жаксы дамыған.
Систематика түрғысынан 2 класс тармағына бөлінеді: Сфагнум мүктері - Sphagnales, Жасыл мүктер - Bryales
Сфагнум мүктер класс тармагы - Sphagnales
Сфагнум мүктерінің 300-350 түрі белгілі, ал оның ТМД-елдерінде 42 түрі кездеседі. Негізінен солтүстік жарты шардын салкын аймактарында таралған, онтүстік жарты шарда сирек кездеседі. Сфагнумдар ақшыл түсті мүк (ак мүктер), түсі жапырағының ішкі күрылымынын ерекшелігіне байланысты. Хлорофилл барлык клеткаларда емес, тек хлорофилл тасушы клеткаларда ғана болады, сондықтан «ак мүктер» деп аталады. Сфагнум суды өзінін салмагынан 37 есе көп жинайды. Сабактары нэзік, шымтезек түзеді. Бүтактарынын 3 түрі бар: төбе, косалкы, жанама. Жапырақтары үсақ, бірқабатты. Ризоидтар тек жас фомаларында болады, одан кейін мүк төбе нүктесімен еседі, ал төменгі кабаты өліп, шымтезек күйінде жинала береді (1000 жылда 1 метр шымтезек жиналады). Сондыктан бұл мүктерді «шымтезек мүгі» депте атайды (планетада корға жиналған шымтезек көлемі 160 млрд. тоннаны кұрайды).
Сфагнум мүктерінен балауыз, парафин, кышкыл алады. Ол бактерицидті, гигроскопиялы, стерилді жэне сфагнол (бактерияға карсы заттар) бөледі.
Жасыл мүктер класс тармагы - Bryales
Жасыл мүктердің 14 мьщнан астам түрі белгілі. Жер бетінін барлык аймағында таралған. Әсіресе, тундра зонасында олар жер бетін түтелдей жауып жатады. Сонымен катар арнайы маманданган топ болып табылады.


34

Спорофитінің құрылысы күрделенген (кауашақтың аяғы жаксы дамыған, колонкасы толык, ерекше аппараты - перистома бар, ол споралардың таралуына септігін тигізеді), протонемасы да күрделенген, жіпшелі, бұтактанған. Ішкі кұрылымы да күрделі (карапайым өткізгіш шок-буда пайда болған (алғашқы буда, стель), жапырактын ортаңғы бөлігі көп қабатты. Негізгі өкілі көкек зығыры (Polytrichum commune), оның 100 -ден астам түрі белгілі, ал ТМД елдерінде 13 түрі кездеседі. Мүктің сырткы пішіні зығырға, ал оньщ төбесінде орналасқан кауашағы отырған көкекке ұксайды. Сабактын жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары жасыл, ал төменгі бөлігіндегілері - буырыл реңді. Топырақтағы тамырсабағы төселіп жатады, ал одан ризоидтар таралады. Дене мөлшерлері 10, 20-40 см. Бүл ТМД флорасындағы ең биік мүк. Ол екі үйлі өсімдік. Бір дараларының төбе ұшында антеридия дамыса, екіншілерінде архегония дамиды. Олар дамығаннан сон, тамшылы-сулы орта болған жағдайда ұрықтану процесі жүреді. Қауашағының үсті түкті калпакшамен жабылған, кауашақтың ұзын аяғы бар, калпағы жэне споралардын шашылуын реттеп отыратын перистом - тісшелері болады. Ылғалды күндері тісшелері жабылып қалады да қауашақ ашылмайды. Қауашақтың ішінде кақпакқа дейін жететін толық колонка бар, оның айналасында ерекше ілмешектерге ілінген каптэрізді спорангийлер орналасады. Редукциялы бөліну нэтижесінде гаплоидты споралар түзіледі. Қауашақ пісіп жетілгеннен кейін қалпағы түсіп қалады да, какпағы ашылады, перистом тісшелері ажырап, эпифрагма жарылып споралар шашылады. Қолайлы жагдайға тап болғаннан кейін олардан жіпшелі бұтактанған, торлы протонема дамып жетіледі. Протонемада бүршік түзіліп, одан жас мүк өсіп шығады.

Жасыл мүктердін практикалық маңызы: көпшілігі шымтезектүзушілер болып табылады, бірак шымтезек отын емес, тыңайгкыш ретінде колданылады; жинактаушы материал; малға төсеніш ретінде пайдалы; тіршіліксіз кеңістіктерде алғашкы тіршілік пионерлері. Сонымен катар жер бетін түгел жауып топырак аэрациясын нашарлатады, бұл топырактын кышқылдануына экеледі, ал ол өсімдік бірлестігіне зиянды эсер етеді.


Бакылау сурақгары:
1. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге тэн белгілер.
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы.
3. Мүк тэрізділердің жалпы сипаттамасы.
4. Мүк тэрізділердің экологиясы, классификациясы. Олардың баска өсімдіктерден ерекшелігі.
5. Бауыр мүктердің қүрылыс ерекшелігі.
6. Сфагнум мүгінің морфологиясы.
7. Жасыл мүктің морфологиялық ерекшелігі.

8. Бауыр мүк, сфагнум жэне жасыл мүктердің ұқсастыктары мен айырмашылыктары.
9. Мүктәрізділердің тіршілік циклі: гаметофит жэне спорофит.
10.Мүктәрізділердің табиғаттағы және халық шаруашылыгындағы маңызы.


35

ПСИЛОТ ТӘРВДІЛЕР бөлімі - PSILOPHYTA
Псилот тәрізділер өліп біткен өсімдіктер, казба түрінде белгілі. ең карапайым алғашкы кұрлык өсімдіктері. Дэрігер Макки 1912 жылы псилофиттерді Шотландияда, Райни ауылы манында тапкан болатын.
Ол таска айналған өсімдіктер тобына сипаттама беріп. маман болмағандыктан геоботаниктер Кидстон жэне Лангка беріп жіберді. Олар бұл өсімдіктерді сипаттап (1917-1921 жж.), оларға ат берді. Бұл риния, хорнофитон, астероксилон болатын. 1859 жылы Канадада псилофитон (жаланаш, тегіс, түксіз) ашылды
Псилот тәрізділер аласа, биіктігі 20-25 см-ге дейін, диаметрі 2-3 см, шөптесін өсімдіктер болатын, сабағы дихотомиялы бұтактанган. спорангиясы сабак ұшында дамыған, гаметофиті белгісіз, бұтакталған мүшесі ризомоид (горизонт), одан жоғарыға карай сабак көтеріледі, ал төменгі бөлігінде ризоидтары болады. Жапырактары болған жок, тек астероксиленнын сабагындағы өсінділер эволюция процесінін нәтижесінде жапыракка айналған. Олар ылғалды, батпакты теніз жағалауларында кездескен. Гаметофиті белгісіз (гаметофиті жер астында дамып, саңырауқұлактар жіпшелерімен селбескен деген болжам бар). 1937 ж. Ұлыбританияда Ланг жаңа силур дэуірінің соңында, шамамен 415 млн. жыл бұрын өмір сүрген казба өсімдігі куксонияны ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет