Темекі - табак - Nicotina. Оңтустік Америкада. австралияда жабайы өседі .
Сабынкөктер тұкымдасы - Scrophulariaceae
Сабынкөктер тұкымдасының 350 туысы, 4500 - 5000 түрі белгілі. БҚО-да 15 туысы, 66 түрі кездеседі. Көпжылдык, біржылдык бұталар, ағаштектес түрлері сирек кездеседі. Зигоморфты гүлді түрлері басым. Толыктай актиноморфты гүлді түрлері болмайды. Гүлі 5 бөлікті. Тостаган жапыракшалары - 5, күлтежапыракшалары - 5, аталығы -5, ал кейбір түрлерінің тостаған жапыракшалары мен күлтежапыракшалары - 4. аталығы - 4 немесе 2 (бөденешөп немесе вероника). Аналығы - 1, 2 жемісжапыракшасынан тұрады. Түйіні жоғары орналаскан. Жемісі корапша. жидек жеміс түрі сирек кездеседі. Жапырактары жай, жапырак серіктері болмайды, кезектесіп жэне карама-карсы орналасады. Гүлшоғыры масак жэне шашақгүл тәрізді (гүлдері ұсақ). Пайдалы өсімдік түрлері аз (оймакгүл жэне андыздың емдік касиеті бар, есінекгүл жэне бөденешөп сэндік максатта өсірілетін өсімдіктер).
Аюкұлақ - Verbascum. 200-ге тарта түрі бар. Екіжылдык өсімдік.
Гүлдері актиноморфты, 5 бөлікті. Таулы аудандарда аюкұлак андыз таралған.
Ал бізде шығыс андызы жэне күлгін-көк андыз кездеседі.
Оймақгүл - Digitalis. Күлтесі косерінді, бірак айкын емес, төрт күлте жапырақшасынан түрады. Аталығы - 4. Жерорта теңізінде, Батыс Еуропада таралган. Ал бізде жүрек ауруларына карсы емдік өсімдік ретінде өсіріледі.
Сиякөк - льнянка - Linaria. Біржылдык өсімдік. Гүлдері косерінді. зигоморфты. Екі күлтежапыракшасы - жоғарғы ерін, үш күлтежапыракшасы - төменгі ерінді түзеді. Аталығы - 4. Арамшөп.
Бөденешөп - вероника - Veronica. Біржылдык. екіжылдык өсімдіктер.
250 түрі белгілі. Жаңа Зеландияда жэне Австралияда ағаш формалары кездеседі. Тостаған жапыракшалары жэне күлтежапыракшалары төртеуден, ал тозанкабы - 2. Сәндік максатта өсіріледі. Бізде көктемгі бөденешөп. ұзынжапыракты бөденешөп кездеседі. ҚР Қызыл кітабына бор сиякөгі енгізілген. Батыс Қазакстан облысының сирек кездесетін түрлері катарына: шоқтанған кандыгүл, аюкүлак енген. Солтүстік Каспийде сирек кездесетін түрлері: Veronica teucrium, Verbascum thapsus, Ped3culsris interrupta. Linaria cretacea.
Ерінгүлділер түкымдасы - Labiatae
Ерінгүлділер тұкымдасының 5500 түрі, 270 туысы белгілі. БҚО-да 70 т ү р і.
26 туысы кездеседі. Ерінгүлділер түтікшегүлділердін ішіндегі жогары деңгейде маманданған түкымдас болып табылады. Ерінгүлділер түкымдасының сыртқы белгілеріндегі ерекшеліктер: сабағы төрткырлы, жапырактары карама-карсы орналаскан. Күлтесі косерінді, топтасып орналаскан.
71
Гүлдері косерінді, жоғарғы ерін екі күлте жапыракшадан, төменгі ерін - уш күлте жапыракшадан турады. Тозаңкаптары - 4 (сәлбенде тек екеу). Түйіні жоғары орналаскан, жемісі төртбөлікті жаңғак. Күлтежапыракшалары 4-5, түтікше тэрізді немесе косерінді.
Ерінгүлділер кұрамында эфир майларынын (алкалоидтар көп болмайды) болуы тукымдаска тэн белгі болып табылады. Ерінгулділер арасында көптеген бағалы эфир майын беретін өсімдіктер бар (розмарин, иісті шатыраш немесе сәлбен, лаванда, жалбыз, мұның бэрі колдан өсіріледі).
Жалбыз - Mentha. Бірнеше түрі бар. Дала зонасында таралған. Хош иісті өсімдік. медицинада катты ауруды басуда (жалбыз тамшылары) қолданылады. Ментолды жалбыз майынан алады. Валидолдың кұрамына да жалбыз майы кіреді. Парфюмерияда кең қолданысқа ие (тіс сыкпасы, ұнтак).
Сасыкшөп - Leonurus. Көпжылдык шөптесін өсімдік. БҚО-да сирек кездеседі. Жүрек ауруларына карсы колданады.
Жебіршөп (киікоты) - Thymus. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Аласа бойлы, гүлдері көк түсті. Қайнатылған тұнбасына кішкентай балаларды жуындырады.
Сәлбен - шалфей - Salvia. Көпжылдык шөптесін өсімдік. Гүлдері күлгін-көк түсті. Дала зонасында таралған. Емдік касиеті бар, ауыз куысын шаюда колданылады.
Түйнекті қозықұлақ - зопник клубненосный - Phlomis pungens. Батыс Қазакстан облысында сирек кездесетін түрлері катарына мыналар кіреді: эфиопа сэлбені, губерлин жебіршөбі, хносс иістішөбі, дэрідік жаужапырак. Солтүстік Каспейде сирек кездесетін түрлері: Salvia aetihiopis, Lagochilus acutilobus, Thymus guberlinensis.
Астеридтер катары - Asterales
Астеридтердің ерекшелігі - себетгүлдердің пайда болуы: түтіктэрізді, тілше тәрізді, жалғантілшесі, воронка тәрізді гүлділер. Қосжарнақтылар класының ішінде жоғарғы деңгейде жетілген өсімдіктердің бірі. Астеридтерге 13 түқымдас, 1400 туыс, 30 000 түрі жатады. Себет гүлшоғыры сырт карағанда гүлге үксас. Гүлдері актиноморфты, алуантүрлі. Жапырактары кезектесіп орналасады. Қосжынысты, даражынысты өсімдік. Жемісі - тұкымша.
Күрделігүлділер (астралар) гүкымдасы - Asteraceae
Күрделігү'лділер гүлінің ерекшелігі, бір ғана гүл болып көрінгенімен оның өзі бірнеше гүлдерден тұрады.
Бұл ірі тұкымдас, 24000 турі, 1200 туысы бар (косжарнақтылардын ішіндегі ен үлкен тұкымдас) БҚО-да 62 туысы, 220 түрі кездеседі. Көпжылдык, екіжылдык және біржылдык шөптесін есімдіктер. Тропиктерде сирек бұталар мен кішкентай ағаштар кездеседі. Жер шарының барлык бөлігіне таралған. Қазіргі уақытта прогрессивті дамып, күрделену процесіндегі жас түкымдас. Қазба калдықтары үштік кезеңнен табылған. Бұл - ең жоғары деңгейде
72
маманданған косжарнақтылар түкымдасы жэне Жер шарындагы гулді өсімдіктер. Арнайы мамандануын гүлінің ерекше кұрылымынан. тозандануынан, тұкымынын таралуынан көруге болады. Гүлдері үсак. себет гүлшоғырына жинактағтған, шокпарбас гүлшоғыры (лакса немесе мордовник) сирек кездеседі. Бүл гүлшоғырлар типі бунакденелілер көзіне тез шалынады. Себет гүлшоғырының негізінде. біркабатты немесе көпкабатты каптама болады. Қаптама жапыракшалардың түсі жасыл немесе боялған (цмин немесе салаубас), кабыршакты немеса кедір-бұдырлы болып келеді (аныктауда ескерілетін маңызды белгілер). Қаптама тостаған жапыракшаның рөлін атқаратын сиякты. Эр гүл 5 бөлікті, 5 тісшеден немесе түкті мамық - паппустан түрады. Оның рөлі гүлдің ішкі белігін коргау емес, жемісін (тұқымын) тарату. Күлтесі бірігіп өскен 5 жапыракшадан тұрады. актиноморфты немесе зигоморфты. Тозанкабы
5, тозаңтүтіктері бірігіп өсіп кеткен, түйіні әркашан төмен орналасады. Жемесі - тұкымша. Жапырактары жай, тұтас немесе бөлшекті, немесе тілімделген, кезектесіп жэне карама-карсы (сирек кездеседі) орналасады. Гүл кұрылымының түрлері: Күлтенің пішініне сәйкес гүлдердің түрлері: түтікше гүл, воронка тэрізді гүл,тілше гүл, жалған тілше гүл. Түтікше гүлдер пішіні және көлемі эртүрлі 5 күлтежапыракшаның бірігіп түтікке айналуынан пайда болады. Олар актиноморфты, косжынысты. Мысалы. күнбағыс, түймедак. жусан (гүлшоғыры себет). Воронка тәрізді гүлдер пішіні жэне көлемі бірдей емес. 5 күлтежапыракшаның бірігіп воронкаға айналуынан пайда болады. Олар зигоморфты, жыныссыз, бунакденелілерді еліктіріп көбею процесіне ыкпал жасайды (мысалы. гүлкекіре немесе василек). Тілше гүлдер бір жазыктыкка бағытталып орналаскан 5 күлтежапыракшаның бірігіп тілше түзіп, 5 тісшемен аяқталуынан пайда болады. Зигоморфты, косжынысты (мысалы, бакбак, калуен, шашыраткы). Жалған тілше гүлдер 3 күлтежапыракша бірігіп тілшеге айналып, 3 тісшемен аякталуынан пайда болады, калган екі күлтежапыракша редукцияға ұшыраған, жойылған. Олар себеттің жиегінде орналасады (мысалы. күнбағыстын ортасында тутікше гүлдер, ал жиегінде жалған тілше гүлдер орналаскан. Олар бунакденелілерді еліктіру аркылы көбею процесіне ыкпал жасайды (мысалы, түймедак, кестежусан, невеник).
Күрделігулділер күрамында сүтті шырын латекс болады, одан каучук алады (көк сағыз, тау сағыз, ерсагыз немеса сағызшөп). Бұл түкымдаска тэн негізгі белгілердің бірі. Сонымен катар күрделігүлділерден алкалоидтар жэне эфир майларын алады.
Күрделігүлділер екі тұкымдас тармагына бөлінеді: Түтікшегүлдер - Tubiflorae, Тілшегүлдер - Liguliflorae.
Түтікшегұлдер түкымдас тармагы - Tubiflorae
Түтікшегүлдер себет гүлшогырының барлык гүлдері түтікше немесе түтікше-воронка тэрізді, кейде себет жиегінде жалған тілше гүлдер болады. Өкілі: Күнбагыс - Helianthus бұл біржылдык биік өсімдік (биіктігі 2-3 м). жапырақтары ірі, себеттері үлкен (60 см-ге дейін). Отаны - Солтүстік Америка. Еуропаға 1559 жылы келді. XVII ғасырдын аяғында жабайы өсетін өсімдік
73
ретінде Ресейге әкелінген. 1830 жылы шаруа Д.М.Бокарев алғаш рет күнбағыс майын сығып алған. Өкілі: Топинамбур - Жералмұрт ~ Helianthus tuberosus көпжылдык өсімдік, күнбағыска ұқсас. Жерасты түйнектерін тамакка пайдаланады.
Жусан - Artemisia. Ірі туыс, 400 түрі бар. Көпжылдык шөптесін өсімдік, шағын бүта түрінде де өседі. Негізінен мал азығы жэне емдік өсімдікке жатады. Эфир - майлы түрлері де көп. Қазакстанда 81 турі кездеседі. Батыс Қазақстан облысында жусаннын 32 түрі тіркелген. Ак жусан, кара жусан (гүлдері ұсак) - тұзды, сазды топыракта өседі. Ландшафтты өсімдік (күм жусаны, ащы жусан, сарылжын жусан, дермене жусан). Кесте жусан, жартылай бүта. дала жэне жартылай шөлейітті зоналарда таралған. Медицинада кеңінен колданылатын түрлер: түймедак, биік андыз, мыңжапырақ. Бізде кездесетін түрлер: көк козыошаган, сары гүлкекіре, котырот тәрізді гүлкекіре, егістік сарықалуені, зиягүл, түйетікен, мыңжапырак, өгейшөп, итошаған, дәстүргүл, аккекіре, георгина, андыз. БҚО-да реликт Соран жусан - А. Заізоіоісіезкездеседі.
Тілшегүлдер түкымдас тармагы - Liguliflorae
Бақбақ - Taraxacum. Бірнеше түрі бар. Көпжылдык, жертаған жапырақты өсімдік. Гүлшогыры - себет, гүлдері тілшегүл. Тукымы айдар аркылы таралады. Емдік касиеті бар өсімдік. Көксагыз Тянь-Шань тауында жабайы түрлері кездеседі. Таусагыз Орталык Азияда Қаратау тауында жабайы түрлері кездеседі. Шашыраткы - Cichorium, Цикорий - көпжылдык өсімдіктер. Кегілдір түсті нэзік себет гүлшоғырына жиналған тілше гүлдерден түрады. Арамшөп. Шашыраткының тамыры бөлшектеп, уатып кофеге қосады. Арамшөптерден: Дала калуені. Көпжылдык тамырсабакты өсімдік. Нағыз арамшеп. Тек кана тілшегүлдерден тұрады. Сонымен катар койжелкек, татар ассүттігені т.б. түрлер де белгілі. ҚР Қызыл кітабына: Талиее қозыошаганы, Корнух - Троцкий өгізкөзі. Батыс Қазақстан облысының сирек тіркелген түрлері: кырғыз кекіребасы, сораңтэрізді жусан, биік андыз, өгейшөп.
Солтүстік Каспий маңында сирек кездесетін түрлер: Cousinia astracanica, Echinops meyeri, Galatela divaricata, Tanacetum kitarianum, Anthemis trotzkiana, Astemisia salsoloides, Tussilago farfara.
Шамшаттар катары - Fagales
Шамшаттардын арғы тегі магнолидтердан шыккын. Гүлді өсімдіктердің ішіндегі ең көнесі. Түрлерінің барлығы дерлік агашты өсімдіктер, гүлдері желмен тозанданады.
Кайыңдар түкымдасы - Betulaceae
Бұл тұкымдастын - 70 түрі белгілі,, ТМД елдерінде - 20, Қазақстанда - 20, ал БҚО-да - 2 түрі кездеседі. Қысқа қарай жапырақтары түсіп отыратын бір үйлі өсімдік.
74
Қайын туысы - Betula Қазакстанда 15 түрі тіркелген. БҚО-да өте сирек кездесетін кайын түрлері : котыр кайың (В. verrucosa), үлпек кайын (В. pubescens). БҚО-да Қарағаш, Қаратал, Сегізсай, Амангелді сиякты ылғалды ойпаң аймактарда кездеседі. Қайыңдар БҚО-ның Жасыл кітабына енгізілген.
Кәдімгі орман жангақ - Corylus бұталар, 20 түрі белгілі. ТМД елдерінде - 7, Қазакстанда жэне БҚО-да 1 түрі кездеседі. Орман зоналарында өседі. Биіктігі 20-25 м. БҚО-да тек Жайык өзенінің ортанғы ағысы- Қызыл мектепте өседі. Жапырактары жай кезектесіп орналаскан. Жемісі жаңғак. Қазакстаннын Қызыл кітабына енгізілген өсімдік.
Қанды ағаш туысы - Alnus Бүкіл жер бетінді 40 түрі, ТМД елдерінде - 13 түрі, Қазакстанда - 1 түрі , БҚО-да 1 түрі кездеседі. Ағаштар, биіктігі 25-35 м. Қанды ағаштың жас бұталары тегіс, кілегейлі. коныр, кызыл түсті. Даражынысты. Гүлшоғыры сырға тэрізді. Түкымдары бүршіктерде дамиды. Көктемде гулдейді. Қанды ағаш сирек кездесетін ағаштың түрі болғандыктан Қазакстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Шамшаттар тукымдасы - Fagaceae
Шамшаттар тұкымдасының 25 туысы. 500-550 түрі белгілі. Қоныржай. субтропикалық, тропикалық аймактарда кенінен тараган. Мэңгі жасыл өсімдік. Жапырактары түсіп отыратын ағаштар, бүталар. Жапырактары кезектесіп орналаскан, бөбешік жапырактары ерте түсіп калады. Гүлдері үсак. дара жынысты, 6 тостағаншадан тұрады. Гүл шоғыры сырға тэрізді. Аталығы 6 -12 . Анемофилді өсімдіктер. Жемісі - жаңғак.
Емен туысы - Quercus дүние жүзі бойынша 45 түрі белгілі, ТМД елдерінде 20түрі, Қазакстанда 1 ғана түрі белгілі. Биіктігі 30-40 м.500 -600 жыл өмір суреді. БҚО-да Жайык өзенінің жайылым ормандарында, Бөрлі ауданында жалпак жапыракты кэдімгі (Q robur) емен кездеседі. Қазакстанның кызыл кітабына енгізілген.
Талдар түкымдасы - Salixaceae
Бүталар. ағаштар. Солтүстік аймактарда төселіп өсетін аласа формалары бар. Талдар түкымдасынын 3 туысы, 400 түрі белгілі. ТМД елдерінде 200 түрі кездеседі. Гүлдері дара жынысты, екі үйлі. Гүл серігі дамымайды. 2 - 3 аталығы, аналығы бір түйнекте дамиды. Жемісі - корапша.
Терек туысы - Populus 110 түрі белгілі, ТМД елдерінде 50, Қазакстанда-
, БҚО-да 4 түрі кездеседі. Даражынысты, цилиндр пішінді сырғалар түзеді. Желмен тозаңданады. Теректер 150 жыл өседі. БҚО-да теректер жайылым ормандар түзеді. Бұл туыска көктерек жатады. БҚО—да олар терең сайларда өседі.
Тал туысы - Salix 350 түрдей белгілі, ТМД елдерінде- 150 , Казакстанда-46 тү р і, БҚО-да 8 түрі өседі. Бір аталык гүлден бірнеше аталык дамиды. Талдар жапырақтарын жаймас бүрын гүлдейді. Жәндіктер мен желмен тозанданады.
75
Бакылау сүрактары:
Алабұталар жэне калампырлар тукымдастарынын морфологиялык ерекшелігі, тіршілік формалары, негізгі өкілдері, таралуы, манызы.
Қүлкайырлармен стеркулиялар тұкымдастарының ерекшелігі, экологиясы, маңызы.
Аскабактар мен шаршыгұлділер тукымдастарының морфологиясы, тіршілік формалары, негізгі өкілдері, таралуы, табиғаттағы жэне адам өміріндегі маңызы.
Алкалылардык кұрылыс ерекшелігі, негізгі өкілдері, таралуы, табиғаттағы жэне халык шаруашылығындағы маңызы.
Сабынкөктер мен ерінгүлділерге тэн белгілер, олардың практикалык маңызы.
Күрделігулділердің жалпы сипаттамасы. Гулдерінің курылысы, турлері және олардың биологиялык манызы.
Курделігүлділердін тіршілік формалары, негізгі өкілдері, таралуы, халык шаруашылығында маңызды тұрлері.
Қайыңцар, шамшаттар жэне талдар тұкымдастарының морфологиясы, тіршілік формалары, негізгі өкілдері, таралуы, маңызы.
Жоғарыда көрсетілген тұкымдастардың БҚО-да сирек кездесетін жэне ҚР Қызыл кітабына енген түрлері.
Бұл тұкымдастардың эволюциясындагы ерекшкліктер.
Достарыңызбен бөлісу: |